Жексенбілік дастархан: Sushi step by step

4910
2
0
16

Су́ши (жап. すし,寿司, 壽司, 鮨, 鮓, 寿斗, 寿し Су́си ағылш. sushi'); ХФА: [sɯɕi] — жапондардың дәстүрлі тағамы, күріш, уксус дәмдеуіші мен түрлі теңіз өнімдерінен жасалынады. 1980 жылдардан бастап суши әлемге...

Су́ши (жап. すし,寿司, 壽司, 鮨, 鮓, 寿斗, 寿し Су́си ағылш. sushi'); ХФА: [sɯɕi] — жапондардың дәстүрлі тағамы, күріш, уксус дәмдеуіші мен түрлі теңіз өнімдерінен жасалынады. 1980 жылдардан бастап суши әлемге кең таныла бастады. Бүгінде суши көпшіліктің сүйікті тағамына да айналды. Ал оны артық шығын шығарып ресторанда емес, үйде де тамсанып жеуге болады. Сонымен, бүгін біз сушидің екі түрін: филадельфия және унаги маки жасаймыз.

Ол үшін бізге 400-500 г. күріш, 300-400 г. қызыл балық, арнайы филадельфия ірімшігі, соя, 1 қияр, 100 г. арнайы уксус, нори, жарты шай қасық қант, қызыл уылдырық керек.

Алдымен күрішті суға салып пісіреміз, күрішті пісірудің арнайы әдісі бар. Ол үшін күрішті 5-6 рет жақсылап жуып алу керек. Одан соң күрішті ыдысқа салып 3-4 см. асатындай су құйып қайнатамыз. Алғашында қатты отқа бір бұрқ етіп қайнатып, сәлден соң астын қатты басып қою керек. Күріш піскен соң, оны суытамыз. Күрішіміз суығанша, уксусқа қант қосып еземіз.

Дайын болғанда суыған күрішімізге құйып араластырамыз. Күріштің дәмін бір тексеріп алу керек. Уксус дәмі аздау болса, үстінен құямыз. Осымен күрішіміз дайын.

Енді ағаш төсегішін целлофанмен қаптаймыз (болашақта бірнеше мәрте пайдалану үшін). Бір нори жапырағын аламыз.

Оны екіге бөліп аламыз

.

Енді оның үстіне күрішімізді қаптаймыз.

Күріш жақсылап жабысуы керек. Енді оның ортасына қызыл балық, қияр үзінділері мен кішкене қызыл уылдырық қосамыз.

Болды, енді жақсылап аударамыз.

Енді филадельфия жасау үшін тағы да нориге жақсылап күрішті жаямыз.

Оны аударып, үстіне ірімшік саламыз.

Қызыл уылдырық.

Енді бұдан ролл жасаймыз.

Бізде мынадай ролл пайда болады, оның үстіне тілімдеп қызыл балықты орналастырамыз.

Бұл ұзын роллдарды өткір пышақты суға малып отырып, кішкентай төртбұрыштарға бөлеміз. Сонымен біздің сушиларымыз дайын. Астарыңыз дәмді болсын!

Асханада болған Баян Берекетқызы

Ad

Rate post

16

Comments

Login to comment