Достар, алдарыңызда жаңа айдар. Жексенбі күндері "Екпін" аспаздыққа арналған жазбаларды ұсынады. Қарап отырсаңыз, қиын ештеңесі жоқ, демалыста бос уақытыңыз болса, жасап көріңіз.
Қандай да бір тағам дайындамас бұрын, оның шыққан тарихын, аталудың сырын біліп алу қызық болар. Құймақтар енемес оладьи – жұмыртқа мен ұнның негізінде, су немесе айран араластырылып қуырылатын тағамның түрі. Орыс оладьиі, француз оладьиі, т.б. түрлері бар. «Оладьи» сөзінің түбірі «олеум», яғни «май» сөзінен шыққан деген болжам бар. Сондай-ақ орыстар «Оладьи» сөзін махаббат пен сұлулық құдайы Ладаның атымен байланыстырады. Біз бұл қарапайым тағамға біраз ерекшелік қосып, дайындап көрейік.
Ол үшін бізге не қажет:
Ұн – 300 г.
Лимон шырыны – 5 мл.
Қант – 60 г.
Жұмыртқа – 1
Сода – 2 г.
Айран- 400 мл.
Какао ұнтағы – 40 г.
Күнбағыс майы – 60 мл.
Алдымен лимон шырынын, қант пен жұмыртқаны жақсылап араластырып аламыз.
Одан соң оған ұн, сода мен какао ұнтағын және соңынан айранды қосамыз.
Ұн қосылғаннан кейін жақсылап араластырып отыруды ұмытпаймыз.
Дайындағанымыз қою болуы керек.
Тұрғызбай, тез қуыруға кірісеміз. Алдымен майды қыздырып алып, құймақты екі жағынан да жақсылап қыздырып қуырамыз.
Асыңыз дәмді болсын!
Ескерту: бұл тағамға тәттірек какао таңдаған жөн.
__________________________________________________________________________
Сіздермен бірге асханада болған Айжан Карибаева
Comments