Банан мен шоколад коктейлі

6221
2
0
20

Шоколад адам көңіл-күйін көтеріп қана қоймай, көптеген пайдасын да тигізеді екен. Мысалы, онда шарап пен жүзімде кездесетін флавоноидтар бар.

Шоколад адам көңіл-күйін көтеріп қана қоймай, көптеген пайдасын да тигізеді екен. Мысалы, онда шарап пен жүзімде кездесетін флавоноидтар бар. Олар жүрек пен қан тамырларына өте пайдалы. Ал бананның құрамындағы көмірсулар мен С дәрумені және минералды заттардың пайдасын айтпаса да түсінікті. Сондықтан, бүгін біз әрі пайдалы, әрі тәтті сусын дайындамақпыз.


Ол үшін бізге бар болғаны 1 банан, жарты стақан жеңіл йогурт, ¾ стақан сүт (немесе жаңғақ сүті) және де 1 ас қасық какао ұнтағы керек.

Алдымен бананды турап, блендерге саламыз.

Оған йогурт, сүт, кейіннен какаоны қосып жақсылап араластырамыз.

Оны тағы да миксермен араластырып, сұйықталғаннан соң стақанға құйып, дастарқанға қоямыз.

Керек жағдайда мұз қосуға болады.

Астарыңыз дәмді болсын!

_________________________________________________________________________

Жексенбілік коктейльдің авторы Айжан Кәрібаева

 
Ad

Rate post

20

Comments

Login to comment