Жексенбілік дастархан: Қызыл шие бәліші

Алия 2012 M11 7
3912
3
14
0

Жаз мезгілінде жаңа піскен жеміс-жидектер қосылған бәліш дайындау пайдалы да тәтті. Бүгінгі жексенбілік дастарханымызда қызық шие қосылған бәліш, оның дайындалу әдісі де оңай әрі тез.

Жаз мезгілінде жаңа піскен жеміс-жидектер қосылған бәліш дайындау пайдалы да тәтті. Бүгінгі жексенбілік дастарханымызда қызыл шие қосылған бәліш, оның дайындалу әдісі де оңай әрі тез.

Бізге қажетті заттар:

Шие - 550 г.

Майсыз сүзбе - 500г.

Қант - 1/3 стақан (80 г.)

Жұмыртқа - 2 дана

Ванилин - 1-2 г.

Алдымен шиемізді жақсылап жуып аламыз да, сүйегінен тазартамыз.

Пешімізді 180 С-қа дейін қыздырып қоямыз. Блендер немесе ас үй комбайны арқылы сүзбе, жұмыртқа, қант пен ванилинді бір қоспа болғанша араластырамыз.

Енді әрбір шиені ұнға аунатып аламыз (ұнға аунатылса, шие формасын жақсы сақтайды).

Формасы бар ыдысымызға алдымен қоспаның жартысын құйып, үстіне шиелерді орналастырамыз. Одан соң қалған жартысымен үстін жабамыз.

Қызып тұрған пешімізге салып, 50 минуттай пісіреміз.

Астарыңыз дәмді болсын!

Асханада болған: Айжан Кәрібаева

Оцените пост

13

Комментарии

1
Шие демекші, бітпей тұрғанда пісіріп көру керек екен.
1
Сізге қонаққа баруға болады ма? :)
0
Уау мынау керемет пирог екен жасап көру керек)))
Показать комментарии