Жексенбілік дастархан: денсаулыққа пайдалы салаттар

54040
4
0
60

Бүгін «Аспаздық» айдарында жеңіл, қолжетімді, әрі денсаулыққа пайдалы салаттың екі түрімен танысамыз. Бұл салаттар әсіресе спортпен шұғылданатын адамдарға қажет.

Бүгін «Аспаздық» айдарында жеңіл, қолжетімді, әрі денсаулыққа пайдалы салаттың екі түрімен танысамыз. Бұл салаттар әсіресе спортпен шұғылданатын адамдарға қажет.

Бірінші салатымыздың құрамында брокколи (broccoli) бар. Бұл өсімдіктің ағзаға не пайдасы бар? Брокколиде А, С, Е, В1, В2, РР дәрумендері мен минералды заттар (калий, кальций, темір, натрий, фосфор, магний, мырыш, марганец, йод, хром, бор) бар. Оған қоса, метионин, тиамин, фолий қышқылы, холин мен рибофлавин бар.

Сонымен, брокколиден жасалған салат үшін бізге не қажет:

- брокколи

- қияр (бізде тұздалған)

- сәбіз

- жүгері (консервіден)

- өсімдік майы

Бірінші, сәбіз бен брокколиді суға салып пісіреміз.

Қиярды турап аламыз.

Сәбізді үккіштен өткізіп аламыз.

Брокколиді турап аламыз.

Май мен жүгеріні қосып, араластырамыз, қажет деп есептесеңіз, лимон шырынын аздап қосуға да болады.

Салат дайын.


Келесі салат одан да жеңіл жасалынады, ал оның басты қосындысы - шпинат (саумалдық). Шпинаттың ағзаға не пайдасы бар? Шпинаттың құрамында жасұнық (клетчатка), калий, кальций, фосфор, магний, натрий, темір, цинк, магний, фтор, С, В1, В2, В3, В6, РР, Е, К, Р, D, Н дәрумендері, фолий қышқылы (В9 дәрумені), А продәрумені (каротин) бар. Шпинаттағы С мен А дәрумендерінің ерекшілігі - пісірілген кезде олар өз пайдасын жоғалтпайды.

Шпинат К дәруменіне өте бай, бұл дәрумен сүйегіміздің берік болуына әсер етеді.

Салат үшін бізге не қажет:

- шпинат

- қызанақ

- лимон

- фета ірімшігі

Шпинат, фета мен қызанақты турап аламыз.

Лимон шырынын қосып, араластырамыз.

Кейін бұл салатты жиі жасағандықтан, болгар бұрышын турап, зәйтүн қосатын болдым. Сіз де жасап көріңіз.

Асыңыз дәмді болсын!

© Екпін

Ad

Rate post

60

Comments

Login to comment