Наурыз мәзірі. Бесбармақ.

14737
12
0
21

Ұлыстың ұлы күніндегі отырыс бесбармақ немесе қазақша дайындалған етсіз өтпейтіні белгілі. «Қазақ ет жегенде, қасқыр ұялады», - дейді. Ұлттық тағамды өз қолымен дайындап көрмегендер үшін төмендегі нұс

Ұлыстың ұлы күніндегі отырыс бесбармақ немесе қазақша дайындалған етсіз өтпейтіні белгілі. «Қазақ ет жегенде, қасқыр ұялады», - дейді. Ұлттық тағамды өз қолымен дайындап көрмегендер үшін төмендегі нұсқаулық көмектеседі деген ойдамыз.

  • Қой немесе сиыр, жылқы еті (бізде жылқы еті);

  • қазы;

  • картоп;

  • ұн;

  • жұмыртқа;

  • жарты стақан жылы су;

  • тұз;

  • пияз.

Жуылған ет пен қазыны су құйылған қазанға салып, бір қайнатып аламыз. Қайнағаннан соң, отты басып, 2-2,5 сағаттай пісіреміз. Егер ет тұздалмаған болса, тұз қосамыз. Сорпа тұнық болуы үшін қазанға ашылған пиязды салып, көбігін сүзгімен алып тастап отырамыз.

Бұл уақытта қамырын дайындаймыз. Ұн, бір шөкім тұз, жұмыртқа, жылы суды араластырып, қамыр илейміз. 10-15 минутқа шұңғыл ыдыстың астына қоямыз. Астың наны тығыздалған болуы қажет. Сол себепті қамырды қаттылап ысамыз.

Әбден тығыздалған қамырды оқтаумен жұқалап жаямыз.

Қазанға картоп салып, дайын болғанша пісіреміз.

Еттің үстіндегі майлы сорпаны бөлек құйып, тұздық дайындаймыз. Оған пиязды турап, талғамға қарай, бұрыш қосамыз.

Қазаннан ет пен картопты бөлек ыдысқа шығарып аламыз.

Піскен еттің сорпасына жұқа жайылған қамырды салып, пісіреміз.

Дайын болған қамырды табаққа түсіреміз.

Қамырдың үстіне кесектеп туралған ет, қазы, картопты саламыз.

Оның үстіне алдын ала дайындалған тұздықты құямыз.

 

Бесбармақ дайын!

Бесбармақты дайындаған Айнұр Маемирова

___________________________________________________________________

Құрметті оқырман қауым, Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі құтты болсын!

 

Ad

Rate post

21

Comments

Login to comment