Перейти к содержимому
Екпiн
Екпiн

Екпiн

451 постов4 подписчика

Дарынды жастар мен замандастарымыздың өмірлік тәжірибесі, мақсаттары, ойы, ұстанған қағидалары жайында сөз етеді. Фоторепортаж, шолу, тарихи маңыздылығы бар материалдармен бөліседі.

«Астана Опера» театрына фото шолу

Айжан Байтанова журналист Бүгін «Астана Опера» театрының әлемдік тұсаукесері өтеді. Осыған орай «Екпін» театрға жасалған фото шолуды ұсынып отыр. Театр ғимараты палладиандық, неоклассикалық сәулет стильдерінде салынған. Астана қаласының Тұран көшесінде орналасқан театрды салуға бірнеше мемлекет қатысты. Германия сахна монтажын жасаса, Италия шеберлері акустикасын, құрылыс материалдары мен қабырғадағы көлемді (3D) көркемсурет, Болгария мен отандық мамандар фасадтар үшін жауап берген болатын. Швейцариялық сәулетшілер, құрылысшылармен жұмыс жасады. Жобаның бас мердігері швейцариялық Mabetex болды. Ғимаратта барлық спектакльдер мен концерттерді жазып алуға мүмкіндік туғызатын студиялық жабдықтау орналасқан, теардың жеке спутник стансасы бар. Едендегі паркет, қабырғалардағы шие ағашынан жасалғ…

5
7
7378

Тылсым тыныс

Астана қаласы әкімшілігінің қолдауымен 2007 жылы шілде айында Астаналық «Жас көрермендер театры» бой көтерді. Театр алғаш шымылдығын 5 шілдеде Ш.Айтматов, Ә.Кекілбаев, Ж.Құлманбетовтың «Шыңғыс хан» пьесасымен ашты. Театр директоры және көркемдік жетекшісі Қазақстан Жастар Одағының иегері — Ғани Құлжанов. Бас режиссері — Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбай. 2009 жылдың сәуір-мамыр айларында театр ұжымы 55 күн Алматы облысының 12 ауданы мен 36 елді-мекенінде болып, өз өнерімен соңғы он жылда Қазақстан театр өмірінде болмаған гастрольдік рекордты жаңартты. Бүгінде театр репертуарында 19 спектакль бар. Олардың он үші көпшілік көрермендерге арналса, қалған алтауы балаларға арналған қойылымдар. Аталмыш театрдың алтыншы маусымы тағы бір премьерамен толықты. Үстіміздегі жылы…

2
0
1266

Гиперреализм мен жас талант Әсел Амангелдинова

«Екпін» еліміздің суретші қыздарымен таныстыруды жалғастырады. Алдыңғы материаламызда Астаналық Айсұлу Сапарова есімді суретші қыз болса, бүгінгі жазба Қазақ Ұлттық өнер университеті колледжінің үшінші курс студенті, сурет өнерінің ерекше бағыты гиперреализмді ұстанатын қызымыз Әсел Амангелдиноваға арналады. Бала кезімнен сурет салуға өте құмар болып өстім. Бірақ бір қызығы, біздің отбасымызда суретшілер мүлдем жоқ. Сурет салуға деген қабілетімнің өте жоғары екендігін байқаған ата-анам тоғызыншы сыныптан кейін ҚазҰӨУ колледжінің «кескіндеме» факультетіне оқуға түсірді. Байқап қарасаңыз, суретті шебер салатын, бірақ осы бағытта жоғарғы оқу орнын тәмәмдамаған суретшілер көп. Алайда мен, қаншалықты мықты суретші болсаңдағы жоғарғы оқу орнын бітіру қажет деп есептеймін. Менің негізгі бағытым…

Оразбек Есенбаев. «Косяк»

4-сәуір күні DUNIYA Art қазіргі заман өнері галереясында суретші әрі педагог Оразбек Есенбаевтың «Косяк» атты көрмесінің ашылуы болды. Вернисажға адам өте көп жиналды. Пресса мен қонақтарды есептемегенде, Оразбек ағайдың студенттері мен жанкүйерлерінің өзі біраз топты құрады. Қызыл лентаны қимастан бұрын, сахнаға шығып, олар көрме иесіне құттықтау сөздер мен ақ тілектерін білдірді. Көбінде қозғалыс пен жануарлар әлемінен көрініс беретін бұл картиналарды суретші 3 айдың ішінде салып бітіріпті. Суреттер (көрменің өзі сияқты) атаулары да өте қызықты: «ЧС», «КСК», «Привет Асылжану», «Доступное жилье», т.б. Сондай-ақ вернисаж барысында Оразбек Есенбаевтың «Сымбат» академисяндағы студенттері Айгүл мен Жұлдыз өздерінің тіккен киім үлгілерін де көрсетіп үлгерді. Олар бұл коллекцияның негізінде ағ…

7
1
2634

Шетелге саяхат: Кипр

Кипр — бір кездері Жерорта теңізінде өмір сүрген көптеген ұлттардың мәдениеті мен дәстүрінің көп ғасырлық симбиоз. Бұл араласудың нәтижесінде аралда ерекше тарихи, архитектуралық мирас жиналған. Мысалы, аралдың батысындағы Соли мен Вуни хандарына салынған сарайлар, астана Лефкошадағы (Никосия) Арабахмет Паша мешіті, ежелгі Саламис қаласының орыны, ең шығыс нүктесіндегі Апостол Андрей шіркеуі, т.б. — бұлардың барлығы бізге адамзат дамуының IX мыңжылдығынан көрініс береді. Бәрін де ретімен баяндайық. Егер ағылшын не түрік тілдерін оқимын десеңіз, Солтүстік Кипрге арнайы курстарға баруға болады. Біз CIU университетін таңдадық. Ол Лефкоша сыртындағы үлкен территорияны алып жатқан түгелдей бір қалашық-университет екен. Айтпақшы, біз алғашқы рет жаздық курстарға қабылдаған Қазақстаннан келген с…

«Фатима»

Мен Фатима Ғабитованы бала кезімде бар болғаны татардың қызы, қазақтың маңдайына біткен кемеңгер ұлдары Біләл Сүлеев, Ілияс Жансүгіров, Мұхтар Әуезовтың жары ретінде ғана білуші едім. Шынымды айтсам, Фатима образы санамда — айналасындағы еркек біткенді сұлулығымен сайтандай арбап алатын жеңіл жүрісті әйел ретінде елестеуші еді. Тіпті одан бүкіл қазақ ерлерін қызғанғаным жасырын емес. Жазушы Мұхтар Әуезовтың некелі жары болған Кәмиләнің да у ішіп өлгеніне Валентина Николаевнаны іштей кінәлап келдім. Неге олардың орнында қазақ әйелі емес деген сұрақ көкейімді тесіп, әр кез ойымда тұратын. Тарихтан білетініміздей, ұлт зиялылары Мұстафа Шоқай, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Нұртас Оңдасынов, Жүсіпбек Аймауытов, Смағұл Сәдуақасов әйелдерінің барлығы дерлік орыс-татар ұлтынан болған. Сол…

6
5
3494

Турист жазбасынан: Дубай

Кез келген саяхат жасамас бұрын сол ел жайлы барынша ақпарат жинақтап алуға тырысамыз. Дубайға барарда да бұл әдеттен тыс қалған жоқпыз. Алайда, байқағанымыздай, саяхаттау туралы әсерлер, түрлі туристер кеңесі көбінесе орыс тілінде екен. Сондықтан бұл олқылықтың орнын толтыру үшін азғантай болса да тәжірибеміз бен пайдалы ақпараттарымызды алдарыңызға ұсынуды жөн көрдік. Дайындық кезеңі Барар жеріміз бен даталар анықталып болған соң, алдымызда таңдау тұрды. Керек ақшасын төлеп, виза, қонақүй, ары-бері ұшып-келу авиабилеті сынды бар машақатты туристік агенттікке тапсыру немесе Дубайдағы таныстар арқылы виза жасатып, селф-туризм жасау. Екінші вариант жақсы-ақ болар еді, алайда уақыт тапшылығы мен жаңа жылға қарсы күн сайын билеттердің азая беруі тез шешім қабылдауға итермелеп, алғашқы вариан…

«Ұят-ай»!

Ұят-ай! Дарвин, Уэлс, Спенсерлерден бері ғылым жолы адамзат барша «туатын, өлетін» затпен бір тұқымдас дейді. Адамзат екі аяқты сөйлейтін сөзді, ұятты болып өзге қалған хайуаннан айрылады. Осы 20 ғасыр басында үкімет мұжыққа дүре салуды жол қылып шығармақ болғанда адам баласынан озған, күн жоғалмаса аты жойылмайтын Лев Николаевич Толстой «Русские ведомости» газетасына хат жазып жария қылды. Сол Толстой жазған хаттың аты «Ұят» еді. Осы хат атын өзге сөзге аударсақ, мағынасы мынау: біз адам емес пе едік? Ұят біздің белгіміз емес пе еді? Осы жалғыз белгіден айрылып, ана төрт аяғына сыйынған аталарымыздың аулына қайтқанымыз ба? 19 ғасырдың аяғында бірнеше адамдарды үкімет асып өлтірмек болғанда орыс философы Владимир Соловьев жұрт жиып сөйледі. Адам баласын асып өлтіру христиан жолынан тысқар…

4
3
2649

«Дала. Қала.»

Дала. Қала. Қырда ерік, жібек кілем, тау мен су бар,Шулаған көңілге хош қаз бен қу бар.Қалада жан азығы, шам шырағы,Белгісі адамдықтың білім-ту бар. Дала. Дала деп атын айтсаң-ақ ойдағы ерік, ендік, құлпырып тұрған көкорай шалғын, төбесі мұнарланып, тұманданып көкке тірескен асқар тау, күмістей таза бұраңдап ағып жатқан өзен, тағы санап түгесілмес жасағанның жаратқан табиғатының әдемілігі көңілге сап ете түсті. Жаз жетті. Қыс бойы саңырау, шырт ұйқыда, шала жансар жатқан дала оянды, оған жан кірді. Ол бұрынғы ертегілерде айтылғандай күні кеше басы таз, мұрнынан боқ аққан, үсті-басы шіп-шикі қотыр бір жаман жан еді. Бір сілкінді, он төртіндегі айдай үлде мен бүлдеге оранған жаңа бойжеткен бір қыз болды. Қыс бойы түтін, сасықтың арасында ауруға шалдығып шыққан дала баласы о да тірілді... қа…

5
5
5819

Стрит фитнес Алматыда

Стрит фитнес немесе стрит-воркаут көптеген қалаларда орын алған құбылыс. Көптеген парк, аллея, алаңдарда орналасқан, ашық аспан аясында жаттығуға мүмкіндік беретін құрылғыларда кез келген адам келіп дене шынықтыра алады. Гоголь көшесінің бойындағы (Мұратбаев көшесінің қиылысы) осындай алаңға спорт сүйер жігіт Ерқанат Атабаев келген еді. Тегін жаттығу құрылғыларында пресс, қол-аяқ бұлшық еттерін шынықтыруға, жалпы ағзаның тонусын күшейтуге болады. Кейбір жаттығу түрлеріне назар аударайық: Веложаттығу Әр жастағы, кез келген дайындықтағы адамдарға келе беретін кардиожаттығудың ең танымал түрі. Бұл жаттығуда аяқ бұлшық еттері жұмыс істейді. Сондай-ақ жүрек-тамыр жүйесін жақсарады. Фитнестің алғашқы жаттығуы ретінде жақсы. "Шабандоз" Жалпы дене күшіне бағытталған жаттығу түрі. Аяғын баса отыры…

7
7
1361