Алматының Рахат-Мәдениет шағынауданындағы 15 мыңнан астам тұрғын орталық инженерлік желілерге қосылады

Алматының Алатау ауданындағы Рахат-Мәдениет шағынауданында инженерлік және жол инфрақұрылымын кешенді жаңарту жұмыстары жалғасып жатыр. Жоба аясында жол салынып, сумен жабдықтау және кәріз желілері тартылып, электр желілері қайта жаңғыртылуда. Негізгі жұмыс аяқталған соң 15 мыңнан астам тұрғынның тұрмыс жағдайы жақсарады.
Қазір шағынауданда жалпы ұзындығы 36,4 шақырым болатын 107 топырақ жолға жаңа жол салынды. Бірқатар көшеде орташа жөндеу жұмыстары да жүргізілді. Биылғы жоспарға енбеген учаскелердегі жұмыс келесі жылы кезең-кезеңімен жалғасады. Ал әзірге кейбір көшелерге көлік қатынасын жақсарту үшін уақытша инертті материалдар төселді.
Сонымен қатар сумен жабдықтау және кәріз желілерін тарту жұмыстары қолға алынған. Бүгінге дейін 130,7 шақырым инженерлік желі тартылып, қосымша 49 шақырым…




