Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Отандасыңды оқы!» жобасының аясындағы рецензиялар байқауы

Алматы Ашық Әдеби Мекебі (ААӘМ) мен «Полифония» әдеби фестивалі Алматы қаласының Мәдениет басқармасының қолдауымен, «Отандасыңды оқы!» жобасының аясында рецензиялар* байқауын жариялайды.

Байқау ережелері:

1. Байқауға 300-ден 1000 сөзге дейінгі көлемде, қазақ немесе орыс тілдерінде жазылған рецензиялар мен пікірлер қабылданады.

2. Рецензиялар мен пікірлер қазақстандық автордың кітабына не туындысына жазылуы тиіс.

3. Байқауда 1991-2016 жж. жазылған кітаптарға, яғни заманауи әдебиеттерге басымдылық беріледі. Бағыт ретінде Bookmate электронды кітапханасындағы «Отандасыңды оқы!» кітаптар сөресіне енген кітаптарды алуға болады. Алайда қазақ әдебиетінің классиктерінің шығармаларына жаңа көзқарасыңызды білдіргіңіз келсе, шек қойылмайды.

Жариялау шарттары:

1. Рецензияны 2016 жылдың 25 қарашасына дейін [email protected] электронды поштасына жіберу қажет. Ілеспе хатта рецензия авторының аты-жөнін және байланыс телефонын, сондай-ақ рецензия жазылған кітап атауы мен авторының аты-жөнін келтіру керек.

2. Сондай-ақ байқауға рецензияны Facebook әлеуметтік желісі арқылы жариялауға болады. Ол үшін «Полифония» немесе ААӘМ жеке парақшаларындағы байқау хабарландыруына репост жасап, сипаттамасына рецензияның немесе пікірдің мәтінін енгізу қажет. Сондай-ақ #отандасыңдыоқы және #читайказахстанское хэштегтерін белгілеу керек.

3. Электронды поштаға жіберілген барлық рецензиялар мен пікірлер де «Полифония» әдеби фестивалінің Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында #отандасыңдыоқы және #читайказахстанское хэштегтерімен жарияланады.

Бағалау және қорытынды:

1. Жұмыстар 2016 жылдың 25 қарашасына дейін қабылданады.

2. Байқау қортындысы 2016 жылдың 2 желтоқсанында жарияланады.

3. Байқау финалистерінің барлығы Букмейт электронды кітапханасына (www.bookmate.com) бір жылдық тегін жазылымға ие болады, сондай-ақ Алматы қаласында 2016 жылдың желтоқсан айында өтетін әдеби сын жөніндегі семинарға шақыру алады (өкінішке орай жоба ұйымдастырушылары өзге қала тұрғындарының жол жүруі мен жатып-тұруын ақшалай қамтамасыз ете алмайды). Байқаудың екі жеңімпазына бас жүлде Samsung планшеттері.

Байқау әділқазыларының қатарында қазақстандық және шетелдік әдеби сыншылар болады.

*Рецензия – белгілі-бір шығарма, спектакль, фильм жайлы пікір (С.И. Ожегов түсіндірме сөздігі)

 
1
2
955

Осы тақырып бойынша

«Отандасыңды оқы!» жобасының аясындағы рецензиялар байқауы - Yvision.kz