Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақстан халқы сәләфизм ағымына заңмен тыйым салынғанын қолдайды

Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстан халқы сәләфизмнің тарауына заңмен тыйым салмай-ақ, зайырлы қағидаттарды басшылыққа ала отырып, жол бермеуге әрекет жасайды деген сенімін білдірді.

«Бұл таңдауды Қазақстанның әрбір азаматы қолдауы тиіс. Жұмыла көтерген жүк жеңіл болады. Сәләфиттердің барлығы ашық айтпаса да қатаң діни қағидаларға құрылған мемлекетті қоғамдық құрылыстың идеалды жүйесі деп есептейді. Осыған байланысты еліміз үшін салафизмді мүлдем жат, теріс ағым деп санаймыз», – деді министр Нұрлан Ермекбаев.

Szh.kz сайтында жүргізілген «Сәләфизм ағымына заңмен тыйым салынғанын қолдайсыз ба?» деген сауалнама нәтижесі бойынша сауалнамаға қатысқан 40 000-ға жуық ғаламтор қолданушыларының 75% сәләфизмге тыйым салынуын қолдайтындығын білдірді.


1
0
870

Осы тақырып бойынша

Қазақстан халқы сәләфизм ағымына заңмен тыйым салынғанын қолдайды - Yvision.kz