Мазмұнға өту
lg_with_aman

Амангелді Мұхамеджан

@lg_with_aman

Сайтта 2016 ж. 12 қыркүйекКазахстан, Алматы

Тәуелсіз елдің ұланы

рейтинг

99

жазбалар

30

пікірлер

14

тіркелуші

38

жазылымдар

5

Қарағанды жігіттері нағыз қазақтың қандай болатындығын көрсетті

Тамыры тереңге жайылған тарихы мен әлемдегі ең бай тілі бар қазақтай қайсар елдің ұрпағымыз. Сан ғасырлар бойы жермізді сыртқы жаулардан қорғап, қазіргі таңда жер көлемі бойынша әлемде 9 орынды иеленіп отырмыз. Әлемде шамамен 3-4 мың этнос бар, ал ұлт дәрежесіне жеткен этнос саны бар болғаны – 194. Сол ұлттардың қатарында біз де бармыз. Міне, сол үшін мен қазақ болғаным үшін мақтанамын. Алайда 18 қазан күні Қарағанды қаласында орын алған оқиғадан кейін мен өмірімде алғаш рет қазақ болғаным үшін ұялдым. Менің сүйіп тыңдайтын Ninety One тобының концертіне келген жүздеген EagelZ бен 6-7 жігіттен құралған қарсылық білдірушілер Қарағанды циркінің алдында жиналыпты. Тоқсан бірдің қырандары плакаттарын көтеріп, топты қолдайтындығын әнмен жеткізіп, бір ауыздан топ репертуарындағы әндерді орындады…

3
1
904

Әсел Садуақасова ана атанды ма?

Әсел Садуақасова ана атанды! Ол Ерболат Беделханның жанұясының кіндік шешесі атағына ие болды. Бұл жайлы актриса өзінің инстаграм парақшасында хабарлады. Осыдан бір ай бұрын «Орда» тобының продюсері және мүшесі Ерболат Беделханның отбасы үшінші сәбимен толықты. Асыл Беделхан жұбайына кішкентай ханшайым сыйлады.

Ата-анасы кенжелеріне Інжу деген есім беріпті, ал кіндік шешесі ретінде Әсел Садуақасованы лайық деп есептепті. Бұл қуанышты жаңалығымен инстаграм парақшасында бөліскен Әсел қызына зор денсаулық пен бақыт тіледі.

Инстаграмдағы Әселдің оқырмандары оны бұл жаңалығымен құттықтап, тезірек тұрмысқа шығуын ұсынды.

0
0
2400

Халық НұрБанкке қарсы. Әлиев былығының қайта оралуын қалайсыз ба?!

Қазақстандықтар Рахат Әлиев деген есімді әлі де ұмыта қоймады. Бұл есімді естігенде бірден 2000 жылдары орын алған тонау мен заңсыз қанды рейдерлік еске түседі. Әлиевтің «Нұрбанк» АҚ-ның менеджерлерін ұрлап әкетіп, өлтіргендігі есімізде. Оның өзі осы банктің акционері болғандығын айта кету қажет. Алайда қазіргі кезде әрбір саналы адамның көкейінен кетпей жүрген сұрақ: Неліктен «Нұрбанк» АҚ басқарма төрағасы Эльдар Сәрсенов Р. Әлиевтің сорақы ісін қайталауға тырысып отыр. Неліктен ол тарихта адам тағыдырының жүдетушісі ретінде қалғысы келеді? Қазіргі кезде Астана қаласының сотында «Нұрбанк» АҚ-ның азаматтарды үй-жайынан айыруы бойынша қозғалған атышулы ісі қаралып жатыр. Елестетіп көрейік: Сіз өз еңбегіңізбен тапқан ақшаңызға бизнес жүргізу мақсатында орын сатып аласыз, кейін банк қызметке…

1
0
750

Оқуға тұрарлық 5 кітап

Әр қазақтың міндетті түрде оқуы қажет кітабы – «Абай жолы» деп айтады деп ойлап отырған шығарсыз, бірақ мен олай айтпаймын, себебі өзім де оқымағам (басын бастап қойғам). Бүгін мен осы уақытқа дейін оқыған кітаптарымның ішіндегі ең үздік деп есептейтін 5 кітап жайлы айтпақпын. Және әр кітаптан түртіп алған дәйексөздермен бөлісемін. Ал ендеше кеттік!5. Да Винчи коды. Дэн Браун.Қазақтығыма сын келері анық, алайда мен Іліяс Есенберлиннің «Көшпенділерін» әлі оқымадым. Сол себепті бір күні университет кітапханасына осы кітапты алу үшін барған едім. Кітапханашы орыстың әйелі екен. Кітап өзге оқырмандардың қолдарында екендігін айтты. Басқа қандай кітап бар екен деп, сөрелерді көзбен шолып жүріп, Да Винчи коды деген кітапқа көзім түсті. Бұл атауды бұрын естігендіктен, орыс тілінде жазылған кітап…

4
1
18864

Ninety one тобының жаңашылдығы туралы ой өрбіту

Бисмилляхи-Рахмани-Рахим Ассалаумағалейкум қазақ елі! Біздің бүгінгі әңгімеміз халық арасында тартымдылығы басым жұртшылықты би алаңына елітіп алып кететін билеуге ыңғайлы ән мен музыканың синтезі болып табылатын бағыт жанрларының қазақ арасына таралуы жөнінде болмақ. Ойды өрбітетін әлемдік және отандық мәдениет тарихы пәнінің оқытушысы, мәдениеттанушы Ақылбай Өсербайұлы. 1991 жыл еліміздің тәуелсіздікке қол жеткізіп, халқымыздың құндылықтары жаңғырып, мәдениетіміздің еркіндігін көксеген ұлтымыз уақыт пен кеңістік аясын қандай өнер үлгілерімен толықтыру қажет деген өзекті сұраққа жауап іздей бастады. Әрине, бірінші кезекте халқымыздың ешбір қаржылық шығынды қажет етпейтін дәстүрлі мәдениетімізді қазанға салып жібердік, ол – біздің түсінігімізде Наурыз мерекесінде тігілетін киіз үй, ғасырл…

6
2
1970

Ninety One тобының мүшесі – Данияр Құлымшаның (BALA) ата-анасымен эксклюзивті сұхбат

Барлықтарыңызға сәлем! Сіздермен бірге Амангелді! Бүгінгі блог бір жыл ішінде мыңдаған жанкүйер тыңдарман жинап үлгерген аты шулы Ninety One тобына арналмақ. Нақтырақ айтқанда 91 тобының жетекші вокалисті, топ кенжесі – Bala-ның, яғни Данияр Құлымшаның әкесі – Ақылбай Өсербайұлы Құлымша мен анасы – Әлия Назарғалиқызы Қадірмен жүргізген сұхбатыммен бөліскелі отырмын. Бұл сұхбатты алуымның себебі мен бұл топтың өнерін сүйіп тыңдайтын қырандардың (EagleZ) бірімін. Даниярдың анасымен танысуыма алдағы жазған мақалам себепші болды. Орыс тілді EagleZ'дер үшін арнайы блог - Для русскоязычных EagleZ! Ал енді көп сөзді қойып, сұхбаттың қалай өрбігендігі жайлы айтайын: Ең алдымен жалпы өздеріңіз бен отбасыларыңыз жайлы айтып берсеңіздер: Отбасымыз жайлы айтатын болсам, отағасы, Даниярдың әкесі – Ақы…

15
6
10856

Ninety One — жастардың таңдауы

Қыркүйектің жұлдызында бірінші Ninety One boys band болып құрылды Бес жігіттен құралған бұл жас топты Беделханның Ерболаты құрыпты Жас жігіттер шашын бояп алғанын Қалың қазақ қабылдаудан бас тартты Сөздерінде мағына жоқ деп біреуі "Патриоттар" қазаққа жат деп шулады Алайда Ерболаттың бестігі Мұндайға дайындығын көрсетті Желге қарсы төтеп берген қайындай Сан сындарға бола білді төзімді Өнерлерін қолдап əлем жастары EagleZ саны күннен күнге артады Өнер сүйер қырандардың қатары Мен сияқты fan boy-менен толықты Бірде досым бір сілтеме жіберді Ашып қалсам, шашы сары қазақ жігіті "Құдай-ау, бұл не сұмдық?" деген ой Санамнан біраз уақыт кетпеді Ұят қой мына жүрген түрлері "Қазаққа тəн емес қой" стильдері деген менің сөздерімді оқыған Елдос досым "Күшті ғой" деп, бір күлді Сөйтіп уақыт жылжи, ай…

8
6
3151