«91» тобы жайлы шулап болдық па?

«Ninety One» тобының өнерін қолдайтын мәдениет және қоғам қайраткерлерінің саны күннен күнге артуда. Олардың қатарында Қазақстанның еңбек сіңірген халық әртістері – Роза Рымбаева, Алтынбек Қоразбаев, RinGo, Renzo және Ayumi топтарының продюсері – Алуа Қонарова, KeшYou, Алау топтарның продюсері – Баян Мақсатқызы бар. Жақында белгілі режиссер, комедия актері, шоумен және сценарист Нұртас Адамбай да топты қолдайтынғын айтты. Жігіттерді қолдаушылардың қатарында белгілі жүргізуші, журналистер де аз емес. Мысалы, «Хабар» арнасының журналисті, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті "Менеджмент жəне маркетинг" кафедрасының оқытушысы – Дəулет Төлеутайұлы өзінің Instagram парақшасында Ninety One тобы жайлы жүргізген журналистік зерттеу барысында бұл топты айыптайтындарды түсінбегендігімен бөлісті.
"91" тобы жайлы шулап болдық па? Махаббат, дін, саясат осы үш тақырып төңірегіндегі əңгіме ешқашан таусылмайды екен. Сол секілді төртінші етіп "91" тобына қатысты əңгімелер бітпейтін секілді. ФБ мен Инстаға салған бір бейнежазбамда 500-ге жуық пікір жиналыпты. Əрине, ешкімнің аузына қақпақ бола алмаймын. Бірақ, кей адамның жазбалары ашуымды келтірді. "Хабар" арнасындағы бағдарламаға сюжет жасау үшін, бұл топ жайлы журналистік зерттеуімді бастаған едім... Ойлана келе, бұл топты айыптайтындарды түсінбедім. "Қайтадан" бейнеклипінің 3 айда ютубтағы көрілімі 2 млнға жуықтаған. Біздегі қазақ эстрадасында қай əншінің клипі аз уақытта миллионнан асып жатыр? Санаулы ғана шығар. Оның өзінде сол əншілердің сахнада жүргендеріне 10 жылға жуықтаған. Ал бұл топтың құрылғанына бір жылдан ғана уақыт асты. Осы бір жыл ішінде мыңдаған фанат жинап та үлгерді. Біздің көптеген əншілер тойхана сахнасынан аса алмай, жанды дауыста əнін айта алмай жүр. Одан қалса, қазақ тілінде екі сөйлемнің басын қоса алмай жүргені қаншама. "91" тобының бояну, сырға тағуына келсем, бұны "стиль" деп баға беру керек. Жəне онысы уақытша құбылыс деп ойлаймын. Мойындайықшы, олар шашын боямай, сырға тақпаса Музарт, Жігіттер, Алашұлы, Ринго, Орда топтарының көлеңкесінде аты шықпай қалар еді. Инстада отырып, пікір жазатын "патриоттарға" айтарым- 93-98 жылғы балалармен алыспай, қоғамдағы бұдан да қиын проблемамен алысайық. Мəселен, жемқорлық, педофиль, жезөкшелік, тонау, ұрлық осымен күрессек екен. Газды айтпағанда, суы жоқ ауылдар бар, "оларда неге су жоқ" деп шулап жатқан ешкім жоқ? Қазақ тілін менсінбейтіндер қара көздеріміз бар, оларға тілді неге үйретпейсіздер? Бұларды айтуға, көрсетуге қорқамыз, ə?! Қоғам бұзылады дейсіздер, сол 5 жігіттің артынан жігіттер жүгіріп, оларға еліктеп жүрген жоқ қой. Қыздарымыз ұнатып жүр! Кезінде корейлік "F4" шыққанда талай қазақ қызы соларды фанат еткен! Түптеп келгенде ұрпақты тəрбиелейтін үйдегі ата-ана емес пе? Темекі шегетін, ішетін достарым бар, бірақ мен оларға еліктеп жатқаным жоқ. Себебі ата-анам дұрыс тəрбие берді. Барлық нəрсе үйдегі тəрбиеден бастау алады!!! Ірі болайық, тірі болайық, көп сөйлемей ісімізбен дəлелдейтін мықтының бірі болайық.
Еске сала кетейік, Дəулет Төлеутайұлы "Әңгіменің ашығы" атты тележобаға арнайы журналистік зерттеу жүргізу мақсатында 23 қазан күні Ninety One тобының жанкүйерлері – EagleZ'дармен жеке кездесіп, шағын сұхбат алған. Сұхбат барысында қыздар қолдарына қолдау плакаттарын ұстап, 91 тобын қолдайтындықтарын айтты. Тіпті "Топ хейтерлеріне не айтасыздар?" деген сауалға олар "Бақытты болыңыздар!" деп жауап қайтарды.
Алматыдағы “91” тобының фанаттары осындай. Топты ұнатпайтындарға иглздардың айтары да бар екен. Инста достар, мені ҚАЙТАДАН АЙЫПТАМАңыздар. Бағдарламаны қараша айында “Хабар” арнасындағы “Əңгіменің ашығы” бағдарламасынан тамашалай аласыздар. #91тобы #ninetyone #91 #иглз @khabartv PS: бұл жердегі жанкүйерлердің жасы 15 пен 26 аралығында.
Видео опубликовано Дәулет Төлеутайұлы (@daukegram) Окт 23 2016 в 12:22 PDT
