Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қажымұқан — Бұл – берген уәдем едi

Қалмақан ӘБДIҚАДЫРОВ

Қажымұқан

Бұл – берген уәдем едi

Бiр мың тоғыз жүз қырық бiрiншi жылдың көктемi, Алатаудың айдын-шуақты
баурайына көктем әкелген жұпар иiсi сезiлдi. Ауа райының мерзiмдi уақтысына қарай
қары ерiп, жаңбыры жауды. Шалғыны өсiп, бау-бақшасы дер кезiнде көгердi. Үй алдындағы
үш түп емен мен екi түп сирень тауыстың қанатындай көрiктi жапырақтарын жайды, гүл
бүршiктерiн шығара бастағанда апрельдiң орта кезi болып та қалып едi. Менiң қыс
ортасында мертiккен аяғымның сырқаты созыла түстi, ұзап жүре алмай, үйден сирек
шығатынмын.

– Ойпырмай, келiп қалды, – дедi үй алдындағы арық суына ыдыстарын
тазартып отырған әйел, сасқалақ-

таңқырап үйге кiрдi де. Қолына ұстаған ыдыстарының суын тамшылата, артына қарап,
– Қажымұқан келдi, – дедi, ұмытқан есiмi ендi есiне түскендей. Мен орнымнан козғалғанша:

– Қалмақанның үйi осы ма? – деген қомақты үн үй алдындағы басқыштан
естiлдi. Мен де ауыз үйге шығып үлгерiп, жиде ағашының бұтақты бүгiлiнен iстеген
тоқпақтай жуан қолдың саусақтарын ұстап тұр едiм. Иә, көрмеген кiсi де оны бейнесiнен
тани беретiн Қажекең екен.

Алматы қаласы, Карл Маркс көшесi, 97-үйде 23 күн жатты. Бұл үйдiң
алдындағы сексен жыл жасаған емен ағаштың саясында қазақтың ардақты кiсiлерiнiң
бiрсыпырасы отырып, түнеп, түстенетiн едi.

Баласы Қошқарбайдын Шашубаймын,

Болсам да малға кедей, сөзге баймын.

Көп алсам кемiмейтiн кенiм халық,

Байларға малды екен деп бас ұрмаймын, –

дейтiн кәдiмгi Шашубайдың
өзi болды.

 

Ерназар1  күнде менен бата аласың.

Бәлеге неге барып шаталасың.

Балалар, ынтымақпен iстемесең,

Түбiнде жаман колхоз атанасың, –

деп колхозшыға үгiтiн айтқан, өзi туралы:

Ақ басты Алатаудың Жамбылы мен,

Өлеңнiң ұлы сүре даңғылы мен,

Алдымда Бұқарбай мен Сүйiнбайлар,

Солардан тәлiм алған қалдығы мен, –

дейтiн Жамбыл.

Ақынның ардагер сыпайысы Нүрпейiс, салған жерден шаба жөнелетiн
әйгiлi саңлақ ақын Иса, гармонға қосқан даусы көршi үйлердiң қабырғасын дiрiлдеткен
Нартай, кербез ақын Кенен, тiлге бай Қуат, Саядiл, Жетiсудың өрен жыршысы Үмбетәлi,
Оңтүстiктiң Орынбайы, Әлiбегi, партизан ақын Омар отырған жер едi. Қазақтың алып
даласына бiлiм шырағын жағушы жыл құстарының бiрi, Ыбрай Алтынсариннiң егiп шығарған
алғашқы гүлдерiнiң бiрi, жазушы Спандияр Көбеев те осы ағаштың түбiнде дем алған-ды.
Сол жiгiт жасты емен ағаштың түбiне кезектi ғасырлардың бiр-туар адамдарының бiрi
Қажымұқан палуан да келiп едi. Соншалық даңқты кiсiлердiң аяғы басылып, саясында
отыру үлесiне тиген сол емен ағаштар мен сирендер нендей бақытты едi десеңшi!

– Жамбылдың өлеңiн жазып алуға жәрдемдестiң, Қалмақан, Нартайды
екi жыл бойы iздеп, Мырза шөл, Нұр Атаны қоймай, Қоқан, Ферғананы кезiп, көрiн-геннен
хабар айта жүрiп Алматыға алдырып атағын шығаруға себепшi болдың, Қалмақан. Балқаштың
түк-пiрiнде жатқан Шашубайды самолетпен алып келдiң, Қалмақан. Кәнi, мен туралы
не iстедiң? Жалшыдан шығып, жер жүзiнде палуандықпен атын жайған қазақта менен басқа
кiмiң бар едi! Сәбит бар, Ѕабит бар, ақын Иса бар, сен бар, басқаң бар – мен туралы
жазған кiтаптарың қайда?!

Ертең Сәбитке барамын. Ол менi Орынборда тұрған кезiмнен бiледi.
Ол менi жазбай, Нұрмағамбеттi жазды. Ол қасиеттi ағаны жазғаны жақсы, бiрақ менi
қоса жазбағаны үшiн желке етiн бiр сығып қоймасам, есiне түсетiн емеспiн, – деп,
күлiп қойды.

– Болады, Қажеке. Сiздiң кiтабыңыз да туады. Сәбит жазады,
Ѕабит жазады... Келешек ұрпақтардан әдебиеттiң ғажайып шамшырақтары шығады, олардың
қаламы сiзге үйiрiлмей кетпейдi. Кәне, шай iшейiк.

* * *

Қажекең өмiр арнасын ағытып, айта бердi. Ол алғашында, бейне бiр
тұтасқан бұлтты нажағай жарып, төге салған нөсер сияқты едi. Тыңдадым да отырдым,
қағазыма түгiн де түрте алмадым. Сатырлатып құя салған нөсердiң баданадай тамшыларының
жайлысы тиiп, жанымды рахаттандырып, жайсызы шашырап көзiмдi жұмдырып, басымды ауыртқандай
болды.

Нөсер! Нөсер арты жердi көгертедi. Сөзiнiң
корытындысы жайнаған гүлдi алдына жайған сияқты едi. Өмiр-

дiң бiр саласында жасаған еңбегiне қатты қызықтым.

– Ара барлық гүлдi аралайды, бал шығаратын басын ғана сорады,
– деп керегiн тiзе бердiм. Күдiктi жерiн сұрай бердiм. Бiрақ түгел еншiме тимеген
23 күнде теңiзден тамшы ғана алып қалдым.

– Жаз, осыны!

– Жазайын, аға.

– Менi әсiрелеймiн деп әуреленбе, тек тәңiрiмнiң берген бейнесiн
ғана жаз.

– Құп болады.

0
0
2870

Осы тақырып бойынша

Қажымұқан — Бұл – берген уәдем едi - Yvision.kz