Халықтың ескертулерi
Халықтың ескертулерi
Көшенiң жалаң аяғы деп аталатын қаланың алуан түрлi кәсiп иелерi
бастарын қосқанда көңiл көтере-тiндей ермексiз де емес едi. Орталарында жас палуан Мұқан, әңгiмешiл қарты да, би билеп, сырнай тартушысы да, алуан кейiпке түсiп күлдiрушiсi де, домбыра тартып, ән салатын ақыны да бар едi. Сапарбайдың екi бөлмелi үйi алуан түрлi кәсiп иелерiне толды.
Қарт кiсiлердiң көпшiлiгi мұндай бас құраған жерде әңгiмесiн
өздерiн жинаған себепке бейiмдеп айтатын ежелгi әдетiмен, естiген, есте қалғандарын, көр-гендерiн палуандарға байланыстырып айтты. Оны кейбiреуi тiгiсiн жатқызып, өңдей айтып берсе, бiреу-лерi терең судан басын шалып орған қамыстай, шашыратып, әлдекiмнен есiткен бiрдеңесiн кебiрден илеген балшықтай, берекесiн қашырып айтты.
– Ұмытпасам, осы отырған Құлекең де болды-ау деймiн, баяғы бiр
Сарытораңғыл деген жерде, тарақтының асы деген, ас болды-ау.
– Айғақтамай-ақ айта берсеңшi, орашолақ неме... Барымтаның дауында
отырған жоқсың ғой. Менiң тарақтының асына барғаным, рас, бiрақ Сарытораңғыл емес, Сарытерек деген жерде болған. Әңгiменi божыратпай, жинақтап айт, – дедi Құлымбет қарт тыңдаушыларды бiр күлдiрiп.
– Бәрiбiр емес пе, Тораңғылы не. Терегi не, сондағы әне бiр
дәудi айтайын деймiн-ау... Сендерге өтiрiк, маған шын, құдай салмасын, басы
мен мойны Анд-рейдiң тап асыл тұқымды бұқасыныкiндей екен. Ортаға келiп отыра қалғанда, iшегiн тартып, таңырқамаған кiсi қалмады. Белiне екi кiсiнiң құшағы жетер емес. Бiлегiне алақұрт моншақтап өткiзiп, жiп байлап, оған баланың жұдырығындай қоңырау тағып қойыпты. Төбедей болып шөкелей отырып, есiней түсiп, қолын уқалағанда, қоңырау шылдыр-шылдыр етедi. Ойпырм-ай емшегi тап Құрымбайдың шайлап қалған бәйбiшесiнiң
емше-гiндей... Көзi...
– Ей, көр-жерiн былжырақтата бермей, жыққанын айтсайшы!
– Е, сонысын айт, дене деген әркiмде де бола бередi ғой.
– Жыққанын көргенiм жоқ. «Сен шық, сен шық» деп жатқанда әкем
маған «атқа бар»... деп қуды да жiбердi, тегi оны ешкiм жықпау керек.
– Айтып болғаның осы ма?
– Иә, тегi үкенiн айтамын-ау, сол палуанның...
– Жықты ма ендi?
– Оны бiлмеймiн.
– Құлеке, соны былжырақтатпай, өзiңiз айтыңызшы, кiмдi айтып отыр
осы?
– Мұның айтып отырғаны Сарытеректегi тарақты Өтемiстiң асы. Онда
бұл он үш, он төрттегi бала болатын. Сонда сонан қара таудың терiскейiнен қожа палуан деген келген. Оны: «жауырыны жерге тимеген, жанды көзiне iлмеген палуан» деп, дәрiптеп, алғашқыда ешкiм бата алмай, жұрттың бөгелгенi рас. Бiрақ инеге шаншар етi жоқ, ап-арық бiреу көз iлестiрмей жығып кеткен.
– Мынаның айтқан суретi қайда қалды?
– Ей, сурет деген суға түссе ерiп кететiн қағаз емес пе. Осының
былдырақтап айтқанының бәрi рас: есiнеп, көзiн ашып-жұмып, әлдене арқасын құрыстырғандай қолын уқалап, денесi мұздаған аттай сiлкiнiп отырды.
Бай-балпандар бәйгемен әуреленiп кетiп, сырлық, қырлық болып бөлiнiп,
палуанға түскен екi топтың қырлығын Үдербай ақсақал басқарды. Сырлық жағын Жызақ-Созақтан келген Мәукен деген бiреу басқарды.
Қожа палуанның әлпетiнен шошынып, палуандар бөгелгенде, Үдекеңдi
ашу кернеп кетiп, ұзын қасы көзiн жапты да, кеудесiне түскен сақалы селеудей шайқалып, күжiлдеген мығым үнiмен:
– Ұл тудым деп шешелерiң бөкпен жеген бiреуiң бармысың? – деп
иегiн артына қарай бiр көтердi.
Топтың сыртын ала тұрған Қазылхан атты бiреу, қалың топты қайыстай
тiлiп, алға шықты да:
– Бар, Үдеке! Нағыз ұлдың өзi болмаса, ұлшығы бар, Үдеке... –
деп атынан түсе бердi. Ол киiмiн шешiп те әуреленбедi, түйе жүн шекпенiнiң оң жеңiн шешiп, қыл шылбырды алып белiне байлай, бос жеңiн соған қыстыра салды. Қожа палуанның сәулетiне қайран қалған жұрт оны күреске түседi деп те ойламады. Белiне баланың құшағы жеткендей жiңiшке, жауырыны кергiш қойғандай жалпақ, жаратқан арғымақтай қатып қалған жас жiгiт екен.
Ол отырған алып дененiң алдына барғанда:
– Мына бiреудi қандай сор қысып келдi? – десiп
жұрт гу ете қалды. Жiгiт оны елең қылған жоқ. Дәу ауыр жүкпен әзер тұрған түйедей орнынан тұрды да, артына қарай қолын жайды. Оның қасына ертiп жүрген сәлдесi шаңырақтай, семiз қожасы бар екен. Сол ат үстiнде тұрып:
– Бабаң Әлi-Шыри-хұда жар болсын, – деп бата
бердi. Әлгi шыққан белгiсiз палуан оған қараған да жоқ, бата да сұраған жоқ.
Қожа баламен ойнаған кiсiдей, белiн ұстамай, жауырынынан бүргелi қолын арбаңдата бергенде, жiгiт бөрiге түскен бүркiттей, күдерi белбеуге қолы сарт ете түсiп, жел құлатқан дөңбектей жерге гүрс еткiздi. Ауыр дене мәңгiрген басын жерден көтере алмай жатқанда, жiгiт жеңiн киiп, атына мiндi де, бәйге күткен топқа қарай жортып жүре бердi...
– Япырмай, атын бiлмедiңiз бе, Құлеке? – десiп, тыңдаушылар ынтыға түстi.
– Ондай кiсi бiлiнбей тұра ма, түбi түрiкпеннен келiп қазақка сiңген Мұғалбек деген бiреу болып шықты.
– Аңғырт қожаны әдiспен жығып кеттi ме екен?..– дедi бiреу.
– Күшсiз әдiс не бiтiредi. Онда күш те, жылдамдық та бар. «Қапы кеттi, қайта күрестiремiз» деп Сырлық тобы шу көтергенде, палуан:
– Қапылық жоқ. Артық күшпен арсыз палуан қайта күреседi. Мен ендi күрестi қойдым, – дептi.
– Мұғалбектiң қайтып күрескенiн көрген, есiтке-нiңiз жоқ па? Ол әлi бар да болар.
– Бар. Мен қатарлы жасы бар. Алтайдың төрт дуан бас қосқан тойында бас палуанды жыққан бiреудi жықты да, қайтып күреспей қойды. Өзi мақтануды сүй-мейтiн, салмақты кiсi. «Палуан» деп сөз қатқанға:
– Менiң атым ол емес, өз атымды айта берiңдер, – дейдi. Екi баласы екi үй болып, Есiлдiң бас жағын мекендеп жүр.
– Бiздiң Мұқан да сондай жауырыны жерге тимеген палуан болып шықса, абыройына ортақ болып, үйде отырып бiз де мақтанамыз, – деп Сапарбай қарт балаға қарады.
– Ерекше бiткен күш – өрт сияқты. Ол орынды тұтанса тасты балқытып,
темiрге айналдырады. Орынсыз тұтанса елдi өртейдi. Денеге бiткен қуатты игеру үшiн – ақыл керек... – дедi Құлекең.
* * *
Қаңтар-ақпанның сықырлаған аязды күндерi Айсарыны кеудiретiп тастады.
Адамның кәрiлiкке мойығысы келмейтiн ежелгi әдетiмен: «Осы бiр желi құрғыр жауырынымнан бүркiттей бүрдi де қозғалтпай қойды. Оның үстiне шаншуы келiп, бүйiрiмнен тiкендей қадалды да қалды... Жердiң шоң қайысын тiлгiлеп, үй iстедi дегендi кiм көрген! Осы бiр тiрiлей кiрген моладай, жер үй деген бәле шықты да, еңсенi көтертпей, түнерген қардың бұлтындай басады да тұрады. Меш дей ме, пеш дей ме... Жуа қазған баладай, жалтыраған аузына үңiлттi де қойды. Ойқой, жабуы бүтiн болса, киiз үйге не жет-сiн... Iргесiн қармен көмiп, талай зымыстан қысты өткiзiп едiк. Шаншу, жел деген бәле болып көрген бе онда. «Өскен ағаштай, заманның бұл да бiр шығарған жаңа тiкенi-дағы», – деп күрсiнедi.
Онысын есiткен жастар күледi:
– Әже-ау, кесек пештi жер үйдiң iшiнде екi мезгiл от жақпаса тоңып
жатамыз, шатынаған аязда киiз үйде қалай жатады, жас бала қырылып қалмай ма?..
– Қырылмай-ақ, сендердi өрбiткен бабаларың сол үйдiң iшiнде туып-өскен.
Үй ықтап үйренген жетiм танадай далаға шықпай, қосаяқ тышқандай iнге үйренiп алған немесiңдер де! Болмаса, ақсүйек қылған жұт Қоянды да сол үйде-ақ қарсы алғанбыз...
Сондай суық түннiң бiрiнде, кешкi асқа тәбетi болмағал Айсары киiмiн шешпей, отырған жерiне қисайып, көз iлiндiрiп алды да, жаңа жатқан келiнiн тұрғызып, шырақ жаққан-ды.
– Мұңайтпас, ұйықтап қалдың ба?
– Немене, апа?
– Е... жылы үй, жылы төсек, жат балам, жат. Сол бiр жетiм баланың
халiн бiлiп кел дегенiм қашан. Өз шешесi тiрi болса ол осы үйден кетер ме едi. Жас
кезiнде торғайдай паналаған бұтасы мен болып едiм. Кем-кетiгiне соның шешесiн тығын еткен қу құдай, жетiмектi жетi қарынды етiп, жетi кiсiнiң асын iшпесе бүйiрi шықпайтын еттi. Жетiм қозымды жетелеп аттатқандай, ертiп жүрiп асыраған – мен, еңсеме сүйеу белiм бүгiлiп, басатын аяқтың табаны сөгiлген соң қаңғырып кетiп едi. Күзде барып, жинап-тергенiн әкелiп, қылғып алдың да, сондай жан бар едi, деп есiңе де алмайсың.
Есiңе түсiр-гендей дыбыс шығаратын перне үзiлген, есiңе қайдан түссiн ол?
– Апажан-ау, не болды? – деп, Мұңайтпас төсегiнен тұрып, тонын жамылып, анасының алдына келiп отырды.
– Не болсын, жетiмiм тарығып жүр. Бiр жетi болды, түсiмнен шықпайды.
Тоғайдың топты көкжал қасқыры қамап жүр. Сьрғауылды сындырып алып, айғай салған үнiмен ояндым. Қияндағы қиын жұмысына соны жұмсайды деп едiң, тоғайдың топты қасқыры соны жеп-ақ қойған шығар...
– Апажан, тәңiрдiң таңы атса, жаяу кетсем де барып келейiн. Өзiң тымауратып жүрiп, қинала бермешi, шешiнiп төсегiңе жатшы.
– Қасқыр жеп қойса бардың не, бармадың не. Сол жетiмнiң хабарын
есiтпей, мен төсекке жатпаймын! – деп, Айсары шарта жүгiнiп, жасаураған көзiн жұмып алды. Жер төңкерiлiп жатса да бөгде сөз аузынан шықпайтын ананың бетiне қадалып, Мұнайтпас та отыра бердi. Көзiн жұмған ана, Мұқанның туып-өскен күн-дерiн суырған жiптей ой жасуынан өткiздi.
* * *
Қазақтың ежелгi әдетiмен Лук пен Ернақтың көп жылғы достығын есте қалдыру үшiн қартайып келгенде, сүйек жаңғырту жолымен құдалық
болды. Баласы ер жете бергенде Ернақ өлдi. Кеудiреп қалған Лук батыр Айсарыға көңiл айта отырып:
– Ернақ пен екеумiз, ханның қанды жорығынан
қайтып келе жатып, жүйесiз iстеген желiкке пұшайман болып, қайтып хан тағына жуымасқа серт еткен едiк. Үлкен көлдiң жиегiнде бiрiне-бiрi жабыса шыққан зәулiм ағаштың түбiнде, жалаңаш төсiмiздi басып тұрып: «Осы жабыса бiткен қос ағаштай, құшақтасқан достығымызды қара жер айырсын», – деп едiк, сол сертiмiзге қаяу түсiрмей жеттiк. Мiне, қара жер айырып отыр. Қос таспадан өрген арқамшыдай1 достықтың бiрi үзiлiп, бiрi қалды. Балалардың
арасында бiзде болған көңiлдей жылу бола ма, жоқ па, оны өрбiген өмiр өзi шеше жатар. Менiң де алатын дәмiм санаулы. Айсары, сенiң де күздiң өсерi тоқтаған шөбiндей сарғыш тартқан мезгiлiң келiп қалып едi. Саған көмекшi керек. Қазақтың қызын атасаң иегiн қораға қарай көтеретiн әдетi. Мал бар болғыр екi үйде де құмнан қазған құдықтың шалшығындай жартымсыз. Досым үшiн iстеген ақырғы дәрменiм болсын, үлкен балам Қалидың қызын, бiрер жасы жетпесе де көмекшiңе берейiн. Қазақтың «қалыңсыз қыз болса да, кәдесiз қыз болмайды» дегенi бар. Қолдағы бармен той-томалағын iстеп ауылдың батасын алып, келер айдың басында сенi қолқанатты еткiм кеп отыр, – дедi.
– Мейiрiмiңе құлдық. Бұтақтарыңа өмiр, бақыт, өзiңе абырой, иман берсiн. Айтуға тiлiм жетпей жүрген тiлегiм едi, – деп, Айсары көзiндегi iркiлген жасты кимешегiнiң шалғайымен сүрттi. Сөйтiп Лук батырдың немересi Кәбира Мұңайтпаспен қосылды.
– Жас Кәбираның қайраттылығы ауылға аңыз болды.
Отынды тоғайдан басқа әйелдер арқалап әкелсе, ол құлап қалған қу ағашты бұтарламай түгелдей иығына салып көтерiп әкелдi. Бiр әкелгенi айлық отын болғандай ағашты көрiп:
«Бұл Кәбира аман болса, үйiне тоғайды жерiмен көтерiп әкеледi», – десiп, ауыл кiсiлерi күлiстi. Бала айғайласа да құлағын тосып, сөз терме әдетi жоқ Кәбира, мақтаса тасып, жаман айтса жасымады. Ер мiнездi келiншек ауыл-үйдiң шамасы келмей жатқан iсiне қайырымды болды. Көтере алмай жатқан қабы, сындыра алмай жатқан ағашы, тарта алмай жатқан диiрменi болса күлiмсiрей келiп, тiл қатпай қолына ала салатын едi. Осындай мейiрiмдiлiгi үшiн оған алғыс айтпайтын ауылдасы жоқ болатын. Үйiрсек Айсары Кәбира келгеннен өзiне ермек бол-ғандай
бiр бөбек болуын аңсады. Ауыл адамдары да Кәбираға айтқан алғысын: «Ұл тап,
үбiрлi-шүбiрлi бол», – деушi едi. Көңiлiндегi тiлегiн айтқан кiсiлерге: «Ылайым
айтқандарың келсiн» деп, Айсары да қол жаюмен болды. Бiрақ Айсары қанша асықса да жаратылыс асықпады. Кәбираның салтаңдығы үш-төрт жылға созылды. Жылдан жылға кәрiлiк жеңiп бара жатқая қарт ананың уњлеуi көбейе бердi. Бесiншi жылға аяқ басып, «сараң тәңiрiм, тандырымды шын кептiргелi жүр-мiсiң,...» – деген сөздi көбiрек айтып жүргенде, Кәбира екiқабат болды да, мезгiлдi күнiн өткiзiп барып егiз ұл тапты.
– Асаным мен Үсенiм, бере салған қос қозым!
– деп Айсары қуанды. Сөйтiп, қуаныш қойнын екi жақты бiрдей ашты.
Жас ұрпағын иiскеп, жасаурай бастаған қарт анаға
қайғының көшпелi қара бұлты көлеңкесiн түсiре қалды. Дәрiгерлiк ғылымның дариясы бөгеулi жатқан елге қорасан кеселiнiң iндетi келiп қаптады. Оның алдымен ұратын жапырағы жас сәбилер болды, екiнi толтырып, үшке аяқ басқан Асан мен Үсендi жұлды да кеттi. Қайратты ана жұлыны үзiлген аруанадай шөктi де қалды. Ол келелi кеңесiн айтып, кiсiмен сөйлесудi де қойып, сал ауруға айналды. «Бiр гүлiң солса, екiншi гүлiң бүртiк жарды» деп, жедел көтерген Кәбира да болмады. Тағы екi жыл өттi.
Айсарының бурыл тартқан шашы түгелдей ағарып, емендей iлiкпейтiн
денесi әбден еңкiш тартайын дедi.Қос немересi қойнынан шыққанына үш жыл толып, жаздың шуағы жер бетiне жайыла бастағанда, шөгiп қалған ананы бiр ғажайып күш килiгiп, орнынан кө-тердi.
Жердiң түгi түгел жер бетiне шыққанда, үй тiршi-лiгiмен Мұңайтпас
пен Кәбира ертелеп кетiп қалған едi. Кәбира сауын сиырдың бұзауын жайғастырып, отынын ала келетiн әдетiмен үйге келгенде, тек дәретiн алып, намазын оқығанда болмаса төсегiнен козғалмайтын ана үйде жоқ болып шықты. Көшпелi елдiң әдетiне иiн тiресiп үй қонып көрген бе, оқшаулау отырған қасындағы үйлерден сұрастырып, ешкiмнiң көзiне түспегенiн бiлдi. Жарлы ауылдың белдеуде тұрған аттары да жоқ едi. Жаяулап ауыл айналасын жабыла
iздесе де, кешке шейiн Айсары ананы таба алмады. Шаңдатып жатқан жолы жоқ, көгал басқан даладан iз де шықпады. Анықтағандары жеңiл киiмiн киiп ендей iстеген бес кездiк тiк белбеуiн буынып кетiптi. Ертеңiне екi-үш адам атқа мiнiп, Есiл жағасындағы ауылдардан, жоғарылы-төмен-дi, «сонда соғар» деген жердi түгел ақтарып шықты. Бәрiнде де болмады.
Сасқан ауыл: «суға түсiп кетпесiн» деген болжалымен өзен бойын
төмен жағалады. Сөйтiп, үлкен абыржуда жатқанда, төрт күннен кейiн, бiр буда шөптiң ақ тамырын қолтығына қысып Айсары да келдi. Оның Есiлдiң аржағында күншiлiк жердегi «Дәрiлi қобы» деген шоқылардан келе жатқанын көршi ауылдың малшысы көрiп, атымен ауылға әкелiп салды. Қарт ана өзi әбден шаршаса да, жолы болып қайтқан кiсiдей, көңiлдi сияқты.
Келген күнi бұрынғы тұйық мiнезiмен отырып демалды да, келер күнi
жадырай сөйлеп, Мұңайтпасқа:
– Балам, қыстан күйлi шыққан боз тоқтыңды әкелiп сой, – дедi.
Орынсыз айтпайтын, айтқанынан қайтпайтын ананың сөзiн баласы тiл қатпай орындады.Оның жарты етiн астырып, ауылдың қарт кiсiлерiн шақырды. Оның тiл қатқанын аңсап жүрген ауыл кiсiлерi, көңiл-дене келiп, қайда кетiп қалғанын сұрасты.
– Кәбирам келiп, жалқы Мұңайтпасым жұп болып қуанып едiм. Асан,
Үсенiм туып, қос қозымды құшақтап. Қап тауының шоқысына шыққандай сүйiнген едiм. Егiз қозымнан айрылған соң Қаратаудың қатпар тасындай қайғы басып едi менi. Жатқанымда жарқ ете қалған сәулеге кездесем бе деп едiм, оның жолы да ұзап кетiп барады.Құр қайғы, құрғақ тiлек дегенiмiз жет-кiзбейтiн болған соң, сәуленiң жолын iздедiм.Бiздiң ертегiнiң данасы, тұңғиық теңiздiң түбiнен асыл тас тергендей жұмбақ сырдың шешуiн айтып, ақ кiтабын аударып, жапырақты дәрi етiп жазылмас кеселдiң емiн тапқан әкiм Лұқпандай емшiмiз бар ма? Мына бiр екi иығын жұлып жеп, аузы көпiрiп, көзiн алақтатқан бақсы-балгер, демшi-құшынаш дегендердiң өкпемен сабағанынан басқа емi жоқ. Менiң Кәбирам еркек мiнездес, ыстық, суықта жастық жалыны лапылдап жүрiп, бойын суық алып қалды. Соны емдеу үшiн әкем айта беретiн жерден тамыр дәрi қазып алып келдiм. Бүгiн баталарыңызды алып, ертеңнен бастап соны емдегелi отырмын.
– Уа, ақылды ана, тiлегiңе жет! – десiп үйдегiлер гу ете түстi.
Әкелген шөп тамырын тазалап, сүтке қайнатып, он бес күн iшкiздi. Кәбира жаз ортасы ауа екiкабат болды. Бұл қуаныш Айсарыны түгелдей айықтырып жiбердi.
Айсары бармағын басып, өткен айларды санап, қалжасына соятын малын,
белбайлар бөкпенiне жармасын дайындады. Мөлшерлi тоғыз ай, тоғыз күн өттi. Кәбираның құрсағы шеңберлей түскенiн көрiп, ауыл адамдары: «тағы егiз болар» десетiн едi.Ондай сөздi құлағы шалған Айсары «тiпә» деп қоятын. Санаулы күн өтсе де бала туа қоймады. Сүйiнiш күткен қарт ананың қуанышына уайым араласа бастады. Егiз баласы iшiнде жүргенде бөрене иықтап келетiн қайратты Кәбира, аяғы ауырлап, үйден ұзап шыға алмайтын болды. Ендi жыл көтере ме дегенде Кәбираға ауыр толғақ келдi де безектеттi. Екi күн, екi түн бақанға асылып тұрды. Жаны қысылып, сасқан қарт ана боз қасқа айтқызып,мал шалды. Ақырында арыстай ұл туды. Бала жалқы болса да, тұңғыш тапқан егiзiнен әрi салмақты, әрi үлкен едi. Мөлшерден артық толғақ Кәбираны талдырып тастады. Аянбай
қолданған анайы шаралар екi күн өмiрiн сақтап, ақыры уыз сүтiн ұлына сорғызып отырып, жан тәсiлiм еткен болатын. Өлiп жазылған құшақтан немересiн алған қарт анаға қараған Кәбираның жанары бейнебiр жүрегiнде басқан таңба сияқты едi. Ұйқысыз өткiзген түн сол көрiнiстердi түгел иiрiп әкелiп, ми қапшығына тығып едi.
Бiр қолтығына қайғы, бiр қолтығына қуаныш құ-шақтап туған баланың атын мығым, мықты болсын деген тiлекпен Мұқан қойды. Денелi баланың асырауы да
қартайған Айсарыға оңай соқпады. Үш адамға бөлiнетiн жалғыз сиырдың сүтi сәбидi жарыта алмады. Бес-алты ай өткен соң бiр сиырдың сүтiн түгел берсе де бала тоймады. Егiн екпейтiн үйдiң сүтке қосып беретiн дәнi де болмады. Дағдарған Айсары Мүңайтпасты өзiнiң төркiнiне жiберiп, бiр сауын сиыр сұратып алды. Сөйтiп жүрiп, немересiн аяқтандырып, ауыл қыдырып, iрiмшiк, құрт сұрап асыраған едi.
Осындай мейiрбанды анасының қадiрiн немересi бiлмей қалған жоқ. «Менiң өмiрiмдi жазғанда анам Айсарыны қалдырма. Менiң өрбiген өмiрiмдi, тасыған
қайратымды берген сол анам. Мен оның Кавказдың алып тауындай, биiк күннiң шуағындай жылы, мейiрбандық еңбегiнiң тозаңын да өтегенiм жоқ. Менi бiлген кiсi – менен бұрын соны бiлсiн. Онан басқа кiсi менi асырап, кемелiме келтiре алмас едi», – дейтiн
марқұм.
Әкесi Қызылжарға келгенде, Мұқанның босанғанына айдан асып қалды.
Кезекпен конаққа шақырып жүрiп: баланың бетiне қан жүгiрiп, бiрi көйлек, бiрi шапан тiктiрiп кигiзiп, киiмiн де бүтiндедi. Бұрын келгенде айлап алған тиын-тебенiн алып қайтатын Мұңайтпас бұл жолы ондай талғаудан үмiтiн үзiп келiп едi, – онысы бекер болды. Петька өлген аттың терiсiн далаға тастамай, сыпырып алып, ишiге берiп, былғары етiп шығарды да, жиырма бес сом ақшаны Мұқан үйiне барған күнi қалтасына салып:
– Сен бұл ақшадан үйiңе аздап қарас та, қалғанын қалтаңа сақта. Күн жылыған соң сенi үйрететiн бiр жерге жiберуге кеңесiп жүрмiз.Бiздiң фабриканың меха-нигi Василийдiң туысы Оренбург циркiнiң палуаны екен. Солмай айында осында келем дептi, соған ертiп жiберемiз. Бала, бойыңа бiткен бұл күштi арба-шанаға әуре етiп қайтесiң, алдыңда үмiт сәулесi бар бiр жерге апарып жұмса.Көпшiлiктiң сенен күткен үмiтiн сонда ғана ақтайсың, – дедi.
Үндемей отырып сөзiн тыңдаған Мұқанға Петька айтқан «сәуле» көзiне айқын көрiнiп, қол бұлғап шақырғандай болды. Бiрақ оған апаратын жолдың қайда жатқаны белгiсiз.Мұңайтпас қалаға жақын елге келiп қонғанда Мұ-қан
туралы уайымы ерiген мұздай тарап кеттi. Қонған үйiндегi сөзуар қарт, келе жатқан жұмысының бағдарын сұрап, жөн-жоспарын бiлiп алып:
– Е, Ернақ батырдың Мұңайтпасы болсаң түсiнiктi.
Әкең Ернақты да, шешең Айсарыны да бiлем. Анаңның әкесi Лук палуанмен бiр кезде құда-жекжаттығымыз да болған екен. Қатынасымыз сиресе де, сырттан сұрап, жағдайларыңа қанықпын. Немересi туралы қайғырған қартты қуантып, алғысын алғандай жағдай келiп-ақ тұр екен, амал қанша, ара қонып баратын жерге жеткiзетiн көлiк те, бойда баяғыдай қуат та жоқ. Қартайғанда қарға адым жер мұң болды деген уақыт... Ол баланың хабарын бiз есiткелi айдан асып кеттi. Уайымдап келсең, қуан. Шүйiншiм үшiн Айсарыға сәлемiмдi жеткiз. Ол менен бiрер жасы кiшi, замандас едiк. Бағаналы Ердәулет десең өзi бiледi, – деп Мұқанның жайын анықтап айтты. Мұңайтпас қарттың үйiнен қуанышпен аттанды.
* * *
Баланың мiнезi ауыл адамдарына бүр түрлi қызық көрiнетiн едi, өзге баладай айғайлап жүгiрудi ол бiл-мейдi, ауыр жүк арқалағандай жайлап жүрiп, балалар жиналған жерге баратын. Өзге бала асық ойнаса, ол сиыр, жылқының топайын жинап, өз алдына ойнай бередi, жанындағы балалардың ешнәрсесiне тимейдi.
Өзiне соқтыққанды аямайды да. Кейбiр балалардың әке-шешесi келiп Мұқанды қорқытайын десе, балпаңдап қаша да алмайды. Оның жүгiрдiм дегенiне аяғы ұзындар аяңдап жүрiп-ақ жетiп алады. Бiреудiң жекiп айтқан сөзiне оның қайтаратын жауабы жоқ, бетiненқорыққан белгi де бiлiнбей, қысық көзiнiң қиығымен қарайды да тұрады. Оны кейбiреулер ұрады да, бiрақ бала болып жылауды бiлмейдi. Ол адамдар, ауылдың анасындай болған Айсарыдан
кешiрiм сұрап:
– Мұқаның бiздiң Сарманды сабап тастапты. Мен қорықсын деп құйрығына бiрер тартып жiберiп едiм, оған ренжiген жоқсыз ба? – десе:
– Бiрер шапалақты маған шақса, оның атын Мұқан қояр ма едiм. Ондайды ол айтпайды, – дейдi Айсары.
Сөйтiп Мұқан бiреудi ұрғанын да, бiреудiң өзiн ұрғанын да кiсiге айтпайтын болды.
Қалақ ағашқа жазып берген жетi әрiптi қолына ұстатып сақалды молда:
– Ағузы, – десе, қайталап айтқан Мұқан: – ақ өгiз, – дейдi,– ња, батшағар, тiлiң тура айтуға бiр келмей-ақ қойды. Ендi бiсмылда де! – десе:
– Пiстi мұнда, – дейдi. Сонымен бiр жыл оқып «А»
деген әрiптiң түсiн танымай-ақ қойды. Молданы әбден ашу кернеп, Мұқанды етпетiнен жатқызып қойып, көк шыбықпен көк ала торғайдай етiп сабап-сабап қоя бердi. Ол әкесiне келiп оны да айтпады. Жарасы жазылғанша мектепке бармай жүредi де, бiр күнi ертемен келiп, оқитын үйге кiрмей есiк алдына тұра қалады. Балалар түгел үйге кiрiп олардың соңынан шапанын желбегей киген молда кiре бергенде қолындағы жуан таяқпен желкеден перiп жiберiп Мұқан молданы етпетiнен түсiредi. Мұқанның молдадан алған бiлiмiнiң бас-аяғы осы болып, «ағузы» «бiсмылдаға» қош айтады.
Молданың таяққа жығылғанын естiгендер:
– Өзiңе де сол керек! Балалардың айтуына қарағанда, молданың
ұрған таяғын бала түгiл өгiз көтеретiн емес. Арқасынан қан жосып аққанда Мұқан мыңқ деп дыбыс шығармапты. Оны шешесiне де айтпапты. Есi түгел кiрiп болмаған баланы сонша жәбiрлемесе қай-тедi. Бала бiткеннiң молданың шыбығы тiлмеген жон терiсi жоқ, – деседi.
Соққы көрген Молда Айсарыға келiп:
– Бәйбiше, мына балаң менен бiр жыл оқып, әлiп-биiмдi ұқпаса да,
менi ұрып жығуды үйренген екен. Қапыда ұрып, бiр жұма сiрестiрiп салды. Бас көтеруге бүгiн ғана жарап, өзiңе айтқалы келiп отырмын. Баладан таяқ жедiм деп басқа кiсiге айту да қиын екен... Бұған мұндай қылықты үйретiп жүрген кiм? – дедi, ыңқылдай отырып.
Кемпiр бармағын бiр жалап, «тiп» деп тiлiн жалақ еткiзiп, иiрiп
отырған жiбiнiң түйiршiгiн жазды да – «уњ» деп далада ойнап жүрген Мұқанға қарады.
– Шырағым молда, қай балам ұрды деп шағып отырсың? Мұңайтпасымның
ондай мiнезi жоқ едi. Ол өмiр бойы – бiр кiсiнiң бетiне «сен» деп қараған жан емес
едi ғой... Мұқаным болса ақыл тоқтатпаған жас емес пе?..
– Мұңайтпас ұрса оның жөнi басқа болар едi ғой, менi соққыға жыққан
ана оқуын ұқпай жүрген жас немерең Мұқаның... Молдаға баласын берген кiсi: «Етi сiздiкi, сүйегi бiздiкi» деп бередi. «Аюға намаз үйреткен таяқ», деген ғой бұрынғылар. Мен ұрсам сабағын ұқсын деп ұрып едiм, соны кек көрiп сойылға жығып кеттi.
Кемпiр бажырайған көзiн молдаға қадап бiраз отырды да, орнынан
бiр қозғалып:
– Онда өзiңде де бар екен! Мен баламды бергенде
«етi сенiкi» деп айтқаным жоқ. Етiн ит талағандай етiп оқыған сабақтың керегi қанша! Ол жанына батпаса ешкiмге тимейдi. Оны маған несiн айтып отырсың?..
– «Баланы бастан» деген, ұрып қоймайсыз ба?..
– Оны ұруға менiң шамам келе ме? Әне анау жайылып жүрген өгiз. Тайынша деген аты болмаса құнан өгiздей сүйектi емес те. Соны мiнiп
ойнап жүредi де ол шаршап жатып қалса, лақтай көтерiп иығына салып, үйге алып келедi.Өгiз көтерiп ойнайтын бала менiң ұрғанымды елең қыла ма... Шырағым молда, ит пен баланың қылығын сөз қылмас болар. Мектепке апарып, мiндетiмнен құтылдым. Өзiңнен оқып төбелесудi үйрендi. Өзiңнен оқып молда боп шыққан ешкiмдi көргенiмiз де жоқ. Оқымаса қайтейiн... Жылап-еңiреп жүрiп, сұрап алғандай болған немерем едi. Анасының уыз сүтiне ернi тимей қалған жетiмегiм. – Кемпiрдiң ернi кемсең қағып, даусы дiрiлдеп:
– Ондай балаға қол тигiзуге обал болады. Жетiмге тиген жетi дозақтың отына күйедi. Өзiң молда басыңмен оны неге ұрдың? – деп молдаға үкiдей қызарған көзiн бажырайта қарап, далаға шығып кеттi. Молда үн қатпай отырған жерiнде қатып қалды. Баланың бiрбеткей тiк мiнезi қайтып молданы маңына жолатпай, Мұқан оқи алмай қалды.
Өзi қатарлы балалар молдаға кеткен соң, ұсақ балалармен ойнай алмай, Мұқан мал баққан естияр балалармен далаға кететiн болды.Малшы балаларға үйiр болуы оның еңбекке қатынасуына себепшi болды да, он екi жасынан жалшылықпен табыс табатын кәсiпке айналып кеттi. Мұқан жазда шанышқақтап шапқылап
кететiн сиырды жек көрiп, момақан жай жүретiн қозыны бағуды ұнатты. Қозысын сиыршыларға жапсарлата жайып, Есiлдiң құзар жарларының көлеңкесiнде отырып, түскi ыстықта дем алатын едi. Ол он үштен он төрт-ке шыққанда, ауыл адамын таң қалдырып, күштiлiгiн көрсеттi.
Ауылдың бойдақ малын бағатын жиырмаға келiп қалған жiгiт едi, Мұқан жасынан соған серiктескен, момақан болатын Шiлденiң ыстығында жар астына көлеңкелеген өгiзшелер мүйiздесiп ойнап жүрiп, сүзiс-кен бойы жар басына
шығып кеттi. Жасы кiшi Мұқан балпаң басып, қайырып келем дегенше, бiрiн-бiрi жерге құлатып жiбердi. Биiктен тақиядай ұшқан құнан өгiз мойын омыртқасы үзiлiп, өлдi де қалды. Естияр бала өгiзшенi бауыздап, бес-алты шақырым ауылға барып хабарлағанша малынан айрылып қалатын түрi бар. Мұқан қозы мен сиырды қосып бағып тұра алмайды, шанышқақтап қашқан сиырға қуып жету оған қиын. Өлген өгiзшенi далаға тастап кетсе ит-құс жеп қояды. Ауылдағы үлкен кiсiлердiң ұрсып, ұруынан қорыққан бала-жiгiт торығып
жылап жiбердi.
– Сен неге жылайсың? – дедi, сабырлы мiнездi
Мұқан.
– Көрмейсiң бе, бұл жайрағырдың өлiп қалғанын?..
Ауылға барып хабарлағанша екi түлiк малды қосып сен баға алмайсың. Өзiңдi хабар айтуға жiберсем балпаңдап кешке шейiн жүрiп аласың, сен барып келгенше мұнысы сасып кетедi. Ең болмаса ет қолына тимеген соң иесi маған төлеттiредi. Ол үшiн тағы бiр жыл бiреудiң малын бағуым керек. Кiсi есiгiнде көзi ашылған кедейге сор мiнгеседi деген осы. Жыламай қай-тейiн...
– Сен жылама, менiң қозымды қосып айдап, ауылға жеткiз. Мен өгiзшенi көтерiп, иесiне апарып берейiн.
– Қалай көтересiң?
– Ол бiздiң талпақ қоңырдан ауыр емес, мен оны бұдан да кiшкене күнiмде көтердiм. Бұл саған қиын көрiнгенмен маған қиын емес, былай мойныма салам да кете берем, – деп, өлiп жатқан өгiздi көтерiп мойнына салып жардың басына шығарды. – Қозымды сиырыңа қосып айдап келе бер, мынаны апарып тастап алдыңнан шығамын, – деп, адымдай басып кете бердi. Он төрт жасар баланың өгiз арқалап келгенi, ауыл адамдарын сондайлық таңырқатты. Баланың күшiне сүйсiнген мал иесi өлген малдың етiн жұртқа таратып жiбердi. Оның полицмейстерге «өгiз көтерген жылы» дегенi сол
едi. Сөйтiп жасынан бала палуан атанды.
