Нағашы ауылына саяхат
Нағашы ауылына саяхатХан ауылы қыстаудан көтерiлiп, жайлауға бет алды. Сергей аттанғаннан берi Шоқан сол кiсiден көрген жобасымен сурет салуға құлықтанып алған-ды. Әсiресе Сергейдiң Жүкеннiң асау күрең байталды ұстаған суретiн салғаны Шоқанға қатты ұнаған-ды. Сергей сол суретiнiң алғашқы жобасын Шоқанға берiп кеткен. Соған қарап Шоқан жылқының, желiдегi құлындардың, Құсмұрын қырқасындағы жартастың суретiн салып ермек етiп жүрдi. Осы көктемнен берi Шоқан Әбубәкiр молдадан сабақ алуды тоқтатып, атқа мiну, көктемдегi Қанғожаның қаршыға салу серуендерiне iлесiп, түз өмiрiне бой ұрып, мүлде сергектенiп алды. Керей, Есеней елiнде болған бiр үлкен дауға шақырылып кеткен Шыңғыс ел жайлауға келерде ғана оралды. Ондай келелi үлкен жиынға барып қайтқанда Шыңғыс алдымен ханымға келiп сәлем берiп, шеш…