СҚО полицейлері жыл басынан синтетикалық есірткілердің заңсыз айналымына қатысы бар 7 адамды ұстады
Өсімдік тектес есірткілерден гөрі синтетикалық есірткілер арзан тұрады және қол жетімді, сондықтан «қара базарда» сұранысқа ие. Уды тарату үшін қылмыскерлер ақпараттық желілердің мүмкіндіктерін пайдаланады, бұл оларды іздестіруге қиындық тудырады.СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жыл басынан синтетикалық есірткілердің заңсыз айналымына қатысы бар 7 адамды ұстады. Тәркілеу кезінде кристалл түріндегі заттың салмағы 700-ден астам гр. құрады. «Есірткіге қарсы күрестің маңызды бағыты – профилактика болып табылады,- деп түсіндірді СҚО ПД ЕҚҚКБ бастығы полиция полковнигі Жандос Басыбаев. – Дизайнерлік есірткілердің өндірушілері жастарды нашақорлыққа көптеп тартуға әрекет етуде. Есірткілерді саудалайтын сайттардың сілтемелері болып табылатын, үйлердің қабырғалары…