Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Петропавлдық полицейлер бірнеше велосипед ұрлығын ашты

…Бірінші полиция бөлімінің қызметкерлері велосипед ұрлығының 3 эпизодын ашты. Қылмыстар бір сценарий бойынша жасалған. Қаскөй үй домофондарына қоңырау шалып, түрлі себептер айтып есікті ашып жіберуді өтінген, кіреберісте велосипед болған жағдайда, оны айдап әкетуге қарсы арқансымның құлыптарын ашып ұрлаған. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде күдікті – бұрын ұрлық, тонау және қорқытып алу үшін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған 1988 жылы туған қала тұрғыны анықталды. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Ұрланған мүлік алынды және иелеріне қайтарылды...

«Тұрғындардың аңқаулығын пайдаланған қаскөйлер кодпен қорғалған кіреберістерге оңай кіріп кетеді - осыдан көптеген мүліктік қылмыстар жасалады, - деді Петропавл қ. Полиция басқармасының Бірінші полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Балабек Жахин. – Егер қоңырау шалған адам өзін коммуналдық қызметтің қызметкері немесе көрші пәтер тұрғындарының танысы ретінде таныстырса, көршілерге хабарласып, олардың біреуді күтіп отырғанына көз жеткізу қажет. Олай жасамаған жағдайда, кіреберіске қаскөй кіріп кетуі мүмкін, осылайша қылмыскерге пәтер алаңында қалдырып кеткен велосипедті, балалар арбасын қолды қылуға немесе біреудің есігін бұзып кіруге мүмкіндік беріледі. Барлық тұрғындар кіреберістерін «бұлтты» бейнебақылау камераларымен жабдықтай алмайды, алайда, олардың қырағылық танытып, қылмысты болдырмауға мүмкіндігі бар».

Жыл басынан Петропавл қаласының жедел уәкілдері 18 велосипедті иелеріне қайтаруға көмектесті. Ал Тайынша ауданында полицейлер Чкалово селосының тұрғындарына бір түрде қолды болған екі велосипедті қайтарды. Учаскелік полиция инспекторы Бауыржан Қалиев осы қылмыстарға қатысы бар күдікті әйелді ұстады. Ұрланған мүлік алынып, иелеріне қайтарылды.

СҚО ПД баспасөз қызметі

0
0
398

Осы тақырып бойынша

Петропавлдық полицейлер бірнеше велосипед ұрлығын ашты - Yvision.kz