Мазмұнға өту
dvd_sko

SQO PD

@dvd_sko

Сайтта 2013 ж. 29 тамызКазахстан, Петропавловск

Солтүстік Қазақстан облысының полиция Департаменті / Департамент полиции Северо-Казахстанской области

рейтинг

250

жазбалар

1 959

пікірлер

3

тіркелуші

14

жазылымдар

2

СҚО полицейлері үш күнде жүргізуші куәлігінен айырылған 44 жүргізушіні тоқтатты

Аумақтық жергілікті полиция қызметі бөліністерінің 500-ге тарта қызметкері көлік басқару құқығынан айырылған тұлғалардың жол үстінде темір тұлпар тізгіндеу фактілерін және Жол қоғзғалысы ережелерінің басқа да фактілерін анықтауға жұмылдырылды. «Audi В4» автокөлігінің иесі 33 жастағы петропавлдық 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді. Бұрын мас күйінде көлік жүргізгені үшін 3 жылға жүргізуші куәлігінен айырыла тұра өткен жылдың қыркүйек айында тағы рөлген отырған. Оған ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 612-бабының 3-бөлігі бойынша 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Бұл жолы ол дәл осы баптың 4-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылады, яғни ол жауапқа тартылған бір жылдың ішінде заң бұзушылыққа қайта жол берген.«Жалпы жедел-профилактикалық іс-шараның 3 күнінде обл…

0
0
403

Петропавл полицейлері жыл басынан тыныштықты бұзған 500-ден аса адамға айыппұл салды

«Тыныштықты бұзу» бабының санкциясы жеке тұлғаларға 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұлды көздейді. Бірақ проблема әлі төтесінен қойылмай отыр. Көбіне тәулік бойына берілетін пәтерлерді жалға алатындар болып келеді. Көңіл көтеруді жасқы көретіндер қабырғаның ар жағында күнделікті жұмыстан кейін дем алып жатқандар, балалар, сырқаттанған адамдар болуы мүмкін деп ойламайды. …Жамбыл Жабаев көшесінің бойындағы жалдамалы пәтерге шақырылған полицей наряды 4 әкімшілік хаттама толтырды: жалдамалы пәтерге жайғасып, бір подъездегі адамдарының демалуына кедергі келтірген ішімдік ішкен топ жауапкершілікке тартылды...«Өтініштердің саны өсіп отыр, былтыр 5 айда 373 өтініш тіркелген болатын, - деп атап өтті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Айдын Байматов. – Қал…

0
0
346

Солтүстікте құқықтық тәртіпті сақтауға қосқан үлесі үшін күзет қызметкерлері марапатталды

Жыл сайынғы дәстүрге сай мұнда 200-ге жуық полиция қызметкері, әскери қызметшілер мен құқықтық тәртіпті сақтауға қатысатын жұртшылық өкілдері жиналады. Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаев қоғамдық тәртіпті сақтауға тартылатын техниканы тексерді. Олар – патрульдік полицияның, жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың және күзет құрылымдарының көліктері. «Азаматтарға қауіпсіз орта жасау – біздің басты міндетіміз. Бүгінде осы міндеттерді орындау үшін біз қажетті ресурстармен жабдықталғанбыз. Келіп түскен әрбір қоңырауды назарға алып, шұғыл шаралар қабылдау қажет», - деді полиция ведомствосының басшысы.Қоғамдық тәртіпті сақтауға күзет құрылымдарының қызметкерлері де өз үлестерін қосуда. Мобильдік топтардың 32 экипажы жеке күзет фирма-операторларының орталықтандырылған б…

0
0
345

Петропавлда ПИК төрағалары пәтерлерді жалға алушыларға шағымданды

Күзет құрылымдарының, жылжымайтын мүлік агенттіктерінің, жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің, жұртшылықтың қатысуымен өткен жұмыс кездесуі кезінде пәтер иелері кооперативтерінің төрағалары облыстық полиция ведомствосының басшылығына өздерін толғандырған мәселелер туралы баяндады. Іс-шараға Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Антон Федяев қатысты. Қызу талқыға түскен тақырып - өңірде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі болды. Полицейлер кездесу қатысушыларына ұрлықтың, әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ нашақорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қолданатын шаралар туралы баяндады. Кеңесті аша отырып, СҚО Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаев өңірде қылмыстың төмендегенін, сондай-ақ халықтың қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз…

0
0
279

СҚО Полиция департаментінің арнайы мемлекеттік мұрағаты ашық есік күнін өткізді

Департамент бастығы тарихи мұраны жұртқа таныту жұмысын одан әрі жалғастыру қажеттігін атап өтті: «2014 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитеті қорларынан полиция бөліністеріне құжаттар тапсырылды, осы құжаттарды сақтаумен қатар, сіздер тарих материалдарымен белсенді жұмыс істеп, үкіметтік емес ұйымдарды, жұртшылықты тартып, жеке құраммен және жас солтүстікқазақстандықтармен жүргізілетін тәрбие жұмысына елеулі үлес қосып келесіздер». Осы қаралы күнге арналған Ашық есік күнінде полиция мұрағатында жүргізіліп жатқан жұмыстар көрсетілді. Іс-шараға Назарбаев зияткерлік мектебінің жоғарғы сынып оқушылары, облыстық өлкетану музейінің қызметкерлері, қуғын-сүргінге ұшырағандардың туыстары қатысты. Осы жылы мұрағат қызметкерлері «Алашордашылар галереясы» жобасын, яғни «Алаш-Орда» қозғалысына қатысқаны үш…

0
0
388

СҚО полицейлері арбаушылар мен жеңгетайлардан қалай сақтануға болатынын айтып берді

А.С. Слухаевский ат. Бірінші лицейдің 11-сынып оқушыларының осы және өзге де сұрақтарына СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жауап берді. Әңгімелесу «STOP-трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде өтті. Полицейлер жұмысқа және жыныстық қатынасқа пайдаланумен байланысты қылмыстардың алдын алуға көңіл бөле отырып, алғаш рет акцияның ауқымын кеңейте түсті, мектеп түлектерімен профилактикалық кездесу өткізді. Тәртіп сақшылары балалармен қылмыс жасауға түрткі болатын тұрмыстағы жағдайларды талқылады. Көп күш жұмсамай-ақ «жақсы өмір сүремін» дегендер жиі кездеседі. Осындай арманға берілгендер жеңгетайлардың, адамдарды арбаушылардың құрбанына айналады. Адам саудасымен байланысты қылмыстардың көбі құқықтық сауатсыздықтан болады. «Бүгінгі мектеп бітірушілерді алда үлкен…

0
0
378

«Жүргізуші, біз демалысқа шықтық!»

Бұл акция – полиция қызметкерлері жазғы демалыстар қарсаңында және жаз бойы жүргізетін профилактикалық науқанның бастауы. Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаев жеке құрамға жазғы демалыс кезеңінің басталуына байланысты балалардың қауіпсіздігін ұйымдастыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Полиция ведомствосының бастығы Жергілікті полиция қызметі мен төтенше жағдайлар бөліністеріне балалардың жазғы демалыстағы бос уақыттарын өткізетін жерлерді тексеруге, әсіресе, барлық аттракциондардың техникалық нығайтылуы мен қауіпсіздікті тексеруге тапсырма берді.Спортта дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының тәрбиеленушілері балалардың қолымен салынған суреттерді жүргізушілерге таратты. «Жаз кезін…

0
0
442

СҚО ПД мұрағатында Жезқазған қаласының тұрғыны қуғын-сүргінге ұшыраған атасының жазбаларымен танысты

Шолпан Исатаеваның әкесі Әбіш Ғаббасұлы 17 жасында майданға аттанып бара жатып соғыстан оралмайтынын айтқан, себебі оған «халық жауының баласы» атағымен өмір сүру қиын болған. Үш рет ауыр жарақат алса да, өлім аузынан аман қалды. Әкесіне тағылған әділетсіз айыптың кесірінен Әбіштің ұрыстағы ерлігі, жұмыстағы жетістіктері тиісті бағаланбады. Шолпан Исатаева атасының адал есіміне түскен дақты өшірмекші. Туған Жезқазған қаласында атасының тағдыры туралы ешқандай мәлімет таба алмағандықтан, СҚО полициясына жүгініп, қажетті ақпаратқа қол жеткізді. Сарғайған беттерді парақтап отырып, көзіне жас алды. Шолпан Әбішқызы алғаш рет атасының жазуын көрді. 1938 жылы 3 ақпанда қозғалып, 12-ші ақпанда жабылған қылмыстық іс материалында атасы жазған бірнеше бет бар. Ауыл мүғалімі, партияның мүшесі болған…

0
0
409

СҚО-да Тайынша ауданында адасып кеткен 5 жастағы баланы полицейлер жақындарына қайтарды

Тұрып жатқан мекенжайын айта алмаған. Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері бұл оқиға туралы кезекші бөлімге хабарлады. Тез арада учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты Ерлан Ысмайылов келіп жетті. Ол баланы көлікке отырғызып, жағдайды егжей-тегжейлі сұрады. Аудан орталығының шеткі жақтарын аралау кезінде бүлдіршін өз үйін танып жол көрсетіп, өз күшімен іздей бастаған туыстарына аман-есен қайтарылды.

«Мұндай жағдайлар орын алып тұрады», - дейді Тайынша ауданы Полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Нұрлыжан Ақтанов. – Сондықтан ата-аналардан балаларына көңіл бөліп, көзден таса қылмауларын сұраймыз. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспектор баланың анасымен профилактикалық әңгіме жүргізді».

СҚО ПД баспасөз қызметі

0
0
257

Азаматтарды қабылдау/Прием граждан

Құрметті солтүстікқазақстандықтар!

2019 жылғы 10 сәуір сағат 15:30-да М. Жұмабаев ауданының полиция бөлімінде СҚО ПД бастығы полиция генерал-майоры Берік Біләлов азаматтарды алдын ала жазылусыз қабылдайды.

_____________________________

Уважаемые североказахстанцы!

10 апреля 2019 г. 15:30 ч. в здании отдела полиции района М. Жумабаева состоится прием граждан без предварительной записи начальником Департамента полиции СКО генерал-майором полиции Бериком Биляловым.

0
0
349