Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

СҚО полицейлері есірткі-граффити авторын қолға түсірді

Ол ақ түсті зат салынған ораманы жасырынған жерден алу үстінде қолға түсті. Мүліктік қылмыс жасағаны үшін бұрын сотты болған 25 жасар петропавлдық өзінің есірткіге тәуелді екендігін айтып ақталған. Есірткі қолданған бір жыл ішінде ол отбасынан да, жұмысынан да айырылған. Оның айтуынша, алынған зат «соль» атауымен белгілі. Орамадағы зат сараптамаға жіберілді.

«Қазіргі уақытта дизайнерлік есірткілерге қарсы күреске тосқауыл болған проблемалар заңнама шеңберінде шешілуде, - дейді СҚО ПД ЕҚҚІҚБ бастығы полиция полковнигі Жандос Басыбаев, - Синтетикалық есірткіні таратқаны және сақтағаны, сондай-ақ есірткіге тәуелді тұлғалар «уды» алатын интернет-мекенжайларды жарнамалағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуды енгізу жоспарлануда. Әзірге ұсталған тұлға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы 1-б. «Ұсақ бұзақылық» бойынша ғана жауапкершілікке тартылады және 12 тәулікке әкімшілік қамауға алынады».

СҚО-да жыл басынан 114 есірткі құқық бұзушылығы, оның ішінде өткізудің 23 фаткісі анықталды. Заңсыз айналымнан 73 кг. 460 гр. есірткі құралдары алынды, оның 75 гр. астамы героин.

СҚО ПД баспасөз қызметі

0
0
746

Осы тақырып бойынша

СҚО полицейлері есірткі-граффити авторын қолға түсірді - Yvision.kz