Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Петропавлда есірткі сайттарының жарнамасы көрсетілген 200-ден астам граффити жабылды

Қала жастары мен Полиция департаментінің қызметкерлері қоғам дертімен күресті жалғастыруда. Халықаралық есірткіге қарсы күрес күніне арналған айлық және «Есірткісіз болашақ!» жылы аясында «Street art» есірткіге қарсы деген акция өткізілуде. Казахстанской правды көшесі, 120 мекенжайы бойынша орналасқан көпқабатты үйдегі арканы Стас Алерт есімді суретші өзінің көркем туындысымен безендірді. Бұл оның есірткіге қарсы күрес тақырыбына арналған екінші жұмысы. Талантты қала тұрғыны есірткі жарнамалары жазылған қабырғаға балалар мен жас ананың портреттерін салды. «Маған полиция қызметкерлерімен жұмыс істеген ұнады. Осылайша мен бұл дертпен күрес үшін өз үлесімді қосып жатқаныма қуаныштымын. Өзімнің алғашқы суретімде жақсылық пен еңбексүйгіштіктің нышанын білдіретін шымшықтың суретін салсам, осы жолы балаларынан теріс айналған ананың бүгінгі күннің проблемасына айналғанын бейнеледім», - дейді суретші.

СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция полковнигі Жандос Басыбаев айтып өткендей, олар осы сурет арқылы қыз балалардың да есірткімен әуестенуін көрсетіп дабыл қағуда. Бүгінде нашақорлық індетімен солтүстікқазастандық 40 әйел есепте тұр. Олардың жартысына жуығы – балалары бар аналар. Айта кету қажет, тартымды сурет салынған үйдің тұрғындары бұл жұмысқа дән риза.

«Синтетикалық есірткі сайттарын жарнамалайтын граффити жазбаларды уақтылы жабу, сондай-ақ пәтер иелері кооперативтерімен және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қызметтерімен бірлесіп жүргізілетін жұмыстарға қарамастан, бұл проблема біздің қаламыз үшін өзекті болып отыр. СҚО әкімдігінің Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен және «Жастар салауатты өмір салты үшін» жастар қоғамдық бірлестігімен бірлесіп осындай жарқын іс-шараларды өткізіп, есірткі таратушылармен күресті жалғастырып келеміз», - дейді Жандос Басыбаев.

Жыл басынан полиция қызметкерлерімен 200-ден астам граффити-хабарландыру боялып, жабылды. ПИК төрғаларымен, сондай-ақ ТҮКШ қызметтерімен 2 жұмыс кездесуі өткізілді. Естеріңізге сала кетейік, есірткі сайттары көрсетілген жазулар, сонымен бірге есірткі сатудың басқа да фактілері туралы WhatsApp қосымшасы арқылы хабарлауға болатын 8-707-500-96-65 телефон нөмірі жұмыс істейді.

СҚО ПД баспасөз қызметі

0
0
531

Осы тақырып бойынша

Петропавлда есірткі сайттарының жарнамасы көрсетілген 200-ден астам граффити жабылды - Yvision.kz