СҚО полицейлері 3 күн ішінде 11 интернет-алаяқтықты ашты
Қылмыстардың басым көпшілігі танымал онлайн-сервистерде алдын ала төлемді талап етумен тауарларды және қызметтерді сату туралы хабарландыруларды орналастыру арқылы жасалған.
…Осылайша, Солтүстік Қазақстан облысы тұрғындарының бірі «Колеса» тегін хабарландырулар сайтында ауылшаруашылық техникасына арналған шина үшін «сатушыға» 440 мың теңге аударған, осыдан кейін алаяқ байланысқа шықпай қояды. СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Алматы облысы Қапшағай қаласының 37 жасар тұрғынын анықтады.
Тағы басқа бір жағдайда Olx.kz сайтында бір айға пәтерді жалға беру туралы хабарландырулар жиі-жиі орналастырылып тұрған. Алдын ала төлемнің сомасы 25 пен 30 мың аралығында болған. Азаматтар пәтерді жалға алатындары туралы келісіп, ақшаны аударған, кейін «жалға берушімен» хабарласа алмаған. Аталған қылмысқа күдікті Павлодар қаласының 25 жасар тұрғыны болып шықты. Полицейлерге алдағы уақытта пәтерді жалға аламын деп алданған адамдардың санын анықтау қажет, қазіргі уақытта күдікті қыздың СҚО бойынша 4 эпизодқа қатысы анықталды.
Екі факті де Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-б. 4-т. «Алаяқтық» бойынша енгізілді. Шиналардың сатылымына қатысты жағдайда келтірілген шығын өтелді, ал басқа жағдайлар бойынша шығынды төлеу мәселесі шешілу үстінде....
«Жуырда біздің қызметкерлердің өтініші бойынша «Olx.kz» сайтының әкімшілігі өз парақшаларында интернет-алаяқтықтың қаупі туралы жадынама орналастырды. Оны «Покупайте безопасно» сілтемесі астындағы телефон нөмірінің жанынан әр жарнамадан табуға болады, - дейді СҚО КПБ бастығы полиция полковнигі Петр Климов. – Басты кеңес – алдын ала төлемді талап ететін жарнамаларға сақтықпен қараған жөн. Осындай жадынамаларды басқа да белгілі тегін жарнама сервистеріне орналастыруды жоспарлап отырмыз».
Маңызды кеңестердің ішінде – жеке және қаржы мәліметтерін, СМС бойынша келетін растау кодтарын, банк картасының сыртында орналасқан нөмірлер мен CVV2/CVC2-кодтарын ешкімге айтпау қажет, сондай-ақ интернет-алаяқтықтың құрбанына айналмау үшін телефон мен қосымшаларға құпиясөздерді қойған жөн.
...«Hi-tech» ЖПІШ шеңберінде полицейлер осындай 2 оқиғаны ашты. Жекелей алғанда, Петропавл қаласының 34 жасар тұрғыны ұялы телефон тауып алып, онда орнатылған қосымша арқылы Joom интернет-дүкеніне 15 мың теңгеге тауарға тапсырыс бергені анықталды, атап айтқанда сол сома гаджет иесінің Qiwi-кошелок қосымшасында болған. Аталған факті 180-бап «Ұрлық» бойынша СДТБТ енгізілді...
Полицейлер интернет-алаяқтық фактілері бойынша шұғыл жақын маңдағы полиция бөлімшесіне немесе 102, 39-48-07, 61-29-02, 61-93-75 хабарласуды сұрайды.
СҚО ПД баспасөз қызметі
