СҚО полицейлері Петропавлдың мотокөлік иелерін түнгі жарыстарына шектеу қоюға шақырды
Мотоциклмен қыдыруға әуес жандарға қалалықтардан жиі шағым түседі. Түнгі желікпелермен күресудің шешімін табу үшін жергілікті полиция қызметкерлері мен мотокөлік иелері осы мәселені тақылауға жиналды. Іс-шара бастамашыларының айтуынша, жаздың басынан өткізілген рейдтік іс-шаралар мен патрульдік полиция батальоны жеке құрамының күн сайын патрульдеу барысында ЖЖЕ түрлі бұзушылықтарын жасағаны үшін 15 мотоцикл жүргізушісі ұсталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 12 екі доңғалақты көлік арнайы тұраққа қойылды. «Кездесуіміздің басты мақсаты – аталған көлік құралдары иелерінің жүргізуші мәдениетін арттырудың бірлескен шараларын әзірлеу. Біз, бірлесіп атқарған іс пен жүргізушілердің ынтымақтастығының арқасында ғана тәртіп орната аламыз», - дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция подполковнигі Айдын Байматов.
Биылғы жылы облыс жолдарында мотоцикл жүргізушілерінің қатысуымен орын алған екі жол-көлік оқиғасы тіркелді. Оның бірі апаттың нәтижесінде қайтыс болған. Бұл жағымсыз статистика полиция қызметкерлерінің алаңдатушылығын тудырады. Олар кездесу қатысушыларын жол жүрісі ережелерін қатаң сақтауға, оның ішінде жылдамдық режимін арттыруға жол бермеуге шақырды.
Жиналған байкерлердің айтуынша, олардың көбі Петропавл мотоклубтарының өкілдері, жолдағы олар өздерін тәртіпті ұстайды. Кездесудің қорытындысы бойынша, түнгі мото жарыстарын ұйымдастыру үшін қала сыртынан орын белгіленді. Сондай-ақ, полицейлер жергілікті атқарушы органға облыс орталығының магистральды көшелерінде түнгі уақытта мотоцикл қозғалысын шектеу бойынша ұсыныспен шықпақшы. Мұндай тәжірибе Қазақстанның ірі қалаларында бар.
СҚО ПД баспасөз қызметі
