СҚО ювеналдық полицейлері 10 күн ішінде 29 бұзушылықты анықтады
Жазғы демалыс кезеңінде көптеген жоғары сынып оқушылары жүріп-тұру шығындары үшін ақша тапқылары келеді. Талпыныс айтарға тұрарлық, дегенмен оны қатаң түрде заңға сәйкес жүзеге асыру орынды. Мүдделі қызметтердің және қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен бірлесіп ювеналдық полицейлер сауда нүктелері мен көңіл көтеретін орындарды, вокзалдарды тексереді. Өйткені жасөспірімдердің сатушы, кей кездері жүк тиеуші болып жұмысқа орналасатындары белгілі.
«Бүгінгі күні облыста 541 рейдтік іс-шара жүргізіліп, 654 объекті тексерілді, - деп хабарлайды СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция подполковнигі Айдын Байматов. – Акцияның мақсаты – ақпараттандыру, сондықтан ерекше көңіл профилактикаға бөлінеді. Кәсіпкерлерге кәмелетке толмағандарға қатысты еңбек заңнамасының негізін түсіндіру. 18 жасқа толмаған тұлғаларға түнде жұмыс істеуіне болмайды, әсіресе түнгі көңіл көтеретін орындарда, олардың жұмыс күні 4 сағаттан аспауы қажет. Жасөспірімдерге ауыр жұмыстарды немесе имандылық тұрғысынан дамуына зиян келтіруі мүмкін жұмыстарды орындауға болмайды».
Түнгі рейдте 29 құқық бұзушылық анықталды. Оның арасында кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау, жасөспірімдердің түнгі уақытта тұрғын жайдан тыс жерде болуы. Сағат 23-ке дейін үйіне келмеген 16 жасар қыз бала аз уақыттың ішінде табылды. Оның анасы полицияға жүгінген. Тәртіп сақшылары шұғыл түрде жасөсіпірімнің байланыс ортасын тексерді. Көп кешікпей, қыз баланың анасын ескертпестен, құрбыларымен саяжайға көңіл көтеруге кеткені анықталды. Түнгі сағат 2-де ол тағатсыздана күтіп, алаңдап отырған анасына жеткізілді.
Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың алкогольдік ішімдік ішудің 2 фактісі анықталды. Ата-аналары өз балаларына кері әсерін тигізетін екі отбасы есепке қойылды.
Аталған бағыттағы жұмыс жаз бойы полицияның ерекше бақылауында болады.
СҚО ПД баспасөз қызметі
