Петропавлдық полицейлер «көмекші»-алаяқты ұстады
«Жарылқаушы» көрсететін көмегі үшін 30 мың теңге сұраған, алайда, ақшаны қолға түсіргеннен кейін ізін суытқан. Облыс орталығының полицейлері үшін бұл таныс жағдай... Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде күдікті - бұрын мүліктік қылмыс жасағаны үшін сотталған 1985 жылы туған петропавлдық ұсталды. Қазіргі уақытта оның 10 алаяқтық эпизодына қатысы анықталды. Келтірілген шығын көлемі 20 мыңнан 40 мың теңге аралығында болған.
Аталған факті Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша енгізілді.
«Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деп хабарлады Петропавл қ. ПБ бастығы полиция полковнигі Жандос Мұқатов. – Оның басқа да эпизодтарға қатысы анықталып жатыр. Мүліктік қылмыстардың тергелуі облыстық полиция басшылығының ерекше бақылауында».
Жалпы жыл басынан Солтүстік Қазақстан облысында «Алаяқтық» бабы бойынша 176 қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта олардың 101 өндіріспен аяқталды.
СҚО ПД баспасөз қызметі
