Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

СҚО күш құрылымдарының қызметкерлері жүйріктерді анықтады

Жарыстың үш түрінің нәтижесі бойынша спартакиадада ҚР Ұлттық ұланы Әскери институтының дене шынықтыру ұжымы үздік атанды. Он жеті спорттық ұжым Президенттік миляны бағындыру бойынша жүгіруге қатысты. Сайдың тасындай іріктелген спортшылардың арасында бәсеке қызу болды.

Алғашқы болып 30 жастан асқан әйелдер жарыс жолына шықты. Мұнда Әскери институттың өкілі Анар Ештаева жеңіске жетті. Осы жас шамасындағы ерлер арасында облыстық Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкері Эльдар Тлеукин үздік нәтиже көрсетті. 30 жасқа дейінгі жас шамасында Әскери институт өкілі Владислав Цуканов топ жарды. Қыздар арасында Полиция департаментінің қызметкері Лидия Логинова үздік шықты.

«Жалпы барлық қатысушылардың дайындығы мен спорттық рухының деңгейі жоғары болды. Күткеніміздей, жалпыкомандалық есепте Ұлттық ұланның Әскери институты жеңіске жетті. Жекелей есепте сайысқа түскендер де жақсы өнер көрсетті», - дейді «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамы СҚОФ төрағасының бірінші орынбасары Қайырбек Орымбаев.

Сайыс жеңімпаздары Президенттік көпсайыстан ҚР ІІМ Чемпионатының алдында оқу-жаттығу жиындарына қатысады. Алдағы уақытта спартакиада шағын футбол, Макаров тапаншасынан ату және самбо күресінен өткізілетін болады.

СҚО ПД баспасөз қызметі

0
0
405

Осы тақырып бойынша

СҚО күш құрылымдарының қызметкерлері жүйріктерді анықтады - Yvision.kz