Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

СҚО полицейлері жыл басынан синтетикалық есірткілердің заңсыз айналымына қатысы бар 7 адамды ұстады

Өсімдік тектес есірткілерден гөрі синтетикалық есірткілер арзан тұрады және қол жетімді, сондықтан «қара базарда» сұранысқа ие. Уды тарату үшін қылмыскерлер ақпараттық желілердің мүмкіндіктерін пайдаланады, бұл оларды іздестіруге қиындық тудырады.

СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жыл басынан синтетикалық есірткілердің заңсыз айналымына қатысы бар 7 адамды ұстады. Тәркілеу кезінде кристалл түріндегі заттың салмағы 700-ден астам гр. құрады.

«Есірткіге қарсы күрестің маңызды бағыты – профилактика болып табылады,- деп түсіндірді СҚО ПД ЕҚҚКБ бастығы полиция полковнигі Жандос Басыбаев. – Дизайнерлік есірткілердің өндірушілері жастарды нашақорлыққа көптеп тартуға әрекет етуде. Есірткілерді саудалайтын сайттардың сілтемелері болып табылатын, үйлердің қабырғаларына салынатын жазбалар - наркограффити мәселесі барлығына мәлім. Жасы үлкен адамдар осындай жазбаларға мән бермейді. Ал, жасөпірімдер Интернет желісін меңгергендіктен, таратушылардың арбауына түсіп қалуы мүмкін. Аталған сайттармен және олардың жарнамаларымен күресу мақсатында WhatsApp мессенджерінде полицейлер мен ПИК төрағаларын біріктіретін топ құрылды. Үй сыртында есірткі сайтының жарнамасын байқаған кез-келген адам жазбаны өз күшімен өшіре алмаса, нақты мекенжайды көрсете отырып 8-707-500-96-65 нөміріне фотосын жолдай алады. Жазба боялып, қауіпті сайтты бұғаттау бойынша шаралар қабылданады».

ЕҚҚКБ жыл басынан облыс орталығының аумағында психобелсенді синтетикалық заттарды жарнамалайтын және тарататын 97 интернет-ресурс анықталды. Олардың веб-мекенжайлары Қазақстан Республикасы ІІМ-ге бұғаттау үшін жолданылды.

СҚО ПД баспасөз қызметі

0
0
344

Осы тақырып бойынша

СҚО полицейлері жыл басынан синтетикалық есірткілердің заңсыз айналымына қатысы бар 7 адамды ұстады - Yvision.kz