Мазмұнға өту
anticorr03akmol

Госслужба Акмола

@anticorr03akmol

Сайтта 2015 ж. 4 сәуірКазахстан, Кокшетау

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

1 729

пікірлер

0

тіркелуші

15

жазылымдар

16

Достық үйінде ұрпақтар кездесуі өтті

Мемлекеттік қызметші күні мерекесі қарсаңында а.ж. 21 маусымында  ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті (бұдан әрі-Департамент)   «Қазақстанның мемлекеттік қызметі - кеше және бүгін» тақырыбында мемлекеттік қызметтің ардагерлері мен мемлекеттік органдардың өкілдерінің қатысуымен кездесу өткізді.

Кездесудің модераторы Департамент басшысының орынбасары Е.Жайықбаев  қоғамның үздіксіз дамуының шарты болып табылатын, өмірлік маңызды құндылықтарды, көпжылғы тәжірибені аға буыннан жас ұрпаққа жеткізуге көмектесетін мұндай кездесулердің маңыздылығын ерекше атап өтті.

Іс-шараға ұзақ жылдар бойы мемлекеттік қызметтің қалыптасуы мен дамуына жеке үлестерін қосқан облыстың мемлекеттік қызметінің ардагерлері  М.Құлмағамбетов, Ғ.Төлеғұл, П.Трищ қатысты.

Кездесу барысында ұрпақтар диалогы құрылды, ардагерлер өздерінің тәжірибесімен ынталана бөлісті, өздерінің жүргізіліп жатқан реформаларды қолдайтындығы туралы пікір айтты.

Іс-шараға 30-дан астам адам қатысты.

 
0
0
609

Мемлекеттік қызмет – өмірлік ұстаным

2016 жылдың 20 маусымында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру аймақтық орталығында  «Мемлекеттік қызмет – өмірлік ұстаным» тақырыбына Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай мемлекеттік қызметке алғаш рет басшы лауазымдарға тағайындалған және мемлекеттік  қызметке алғаш орналасқан тұлғалардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелдің модераторы –  департамент басшысының орынбасары Е.Жайықбаев.

Өзінің кіріспе сөзінде Е.Жайықбаев қатысушыларды Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен, сондай-ақ келе жатқан кәсіби мереке –  Мемлекеттік қызметші күнімен құттықтады. Модератор мемлекеттік қызметтің принциптеріне, кадрлық әлеуеттің мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы рөліне ерекше тоқталды. Іс-шара барысында қатысушылар мемлекеттік қызметтің абырой-беделін көтеру, қазіргі заманның мемлекеттік қызметшісінің бөлінбес құрамдасы болып табылатын кәсіби шеберлік мәселесін қызу талқылады.

Іс-шара аяғында мемлекеттік қызметтің одан әрі дамуына бағытталған тәжірибе мен білімді жинақтайтын және біріктіретін Манифест мәтіні оқылып, ол қатысушылармен бірауыздан қабылданды. Барлық қатысушыларға мемлекеттік қызметтегі реформалар  туралы буклеттер таратылды.

Іс-шарамен 54 адам қамтылды.

0
0
1750

Көкшетауда Мемлекеттік қызметші күніне орай спорттық іс-шаралар өтті

Мемлекеттік қызметші күніне орай ұйымдастарылған іс-шаралар аясында ағымдағы жылдың 17-18 маусымы күндері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті  (бұдан әрі - Департамент) Ақмола облысының Дене тәрбиесі және спорт басқармасымен (бұдан әрі - Басқарма) бірлесіп, мемлекеттік қызметшілер арасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті –  Ұлт Көшбасшысының тестілері және «Тоғыз құмалақ» зияткерлік ойыны бойынша спорттық іс-шараларды өткізді. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен бұқаралық велошеру болып өтті.

Өткізілген спорттық іс-шаралардың негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметшілерді бұқаралық спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, сол арқылы басқарушы кадрлардың денсаулығын нығайту. Қатардағы мемлекеттік қызметшілермен бірге сайыстарға басшылар да қатысып, салауатты өмір салтын насихаттады, сөйтіп, өз үлгілерімен Елбасы Н. Назарбаев қойған міндеттерді іс жүзінде жүзеге асырды.

Бірінші күні «Бурабай» спорт сарайында сайыстардың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Ашылу рәсімінен кейін қатысушылар жүзуден және «Тоғыз құмалақ» ойынын ойнаудан бақ сынасты. Күннің екінші жартысында   Олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шаңғы базасында мемлекеттік қызметшілер спринтерлік жүгіру мен кроссқа қатысу үшін жүгіру жолына шықты.

Екінші күнге ерлер  пневматикалық винтовкалардан ату, граната лақтыру, ұзындыққа секіру, кермеде тартылу, әйелдер жату қалпында дененің  иілу  және бүгілу жаттығулары бойынша сайысқа түсті.

«Тоғыз құмалақ» ойынында ерлер арасында жеке есеп бойынша А. Әбжанов жеңімпаз атанды (Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы), екінші орынды Р.Каримов (Тексеру комиссиясы), үшінші орынды А. Әлімжанов (Мемлекеттік кірістер департаменті) иеленді.

Әйелдер арасында жеке есеп бойынша А. Қайырбек жеңімпаз атанды (Құрылыс басқармасы), екінші орынды Г. Кинжалина (Құрылыс басқармасы), үшінші орынды Г. Тілеубаева (Бұланды ауданы әкімінің аппараты) иеленді.

Командалық есепте бірінші орынды Қазынашылық департаменті, екінші орынды Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, үшінші орынды Құрылыс басқармасы жеңіп алды.

18 маусым күнгі 12.00 сағатта спорттық бағдарлама 100-ден аса адам қатысқан, ұзындығы 8 шақырымға созылған бұқаралық велошерумен мәресіне жетті.  «Жеңімпаз» аталымы бойынша 2001ж.т. С. Срибный, «Мақсатқа жетуге құштарлық» аталымы бойынша  1938 ж.т. Б. Жилтыкин, «Ең үлкен команда» аталымы бойынша Ақмола облысының Ішкі істер департаменті марапатталды.

0
0
988

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

2016 жылдың 16 мамырында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті  Ақмола облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасында  (Бұдан әрі – Басқарма) кездесу өткізді.

Семинар-кеңестің барысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның қолданысы жөніндегі және Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру мәселелері, Әдеп кодексінің негізгі бағыттары,  сыбайлас жемқорлықтың кез келген түрлеріне мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, Басқарманың еңбек ұжымы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыруға бағытталған жұмыс туралы мәліметпен танысты.

Іс-шараға 15 адам қатысты.

0
0
653

Сындарлы сұхбат өрбіді

Ағымдағы жылдың 16 маусымы күні  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі кешенді жоспарын жүзеге асыру шеңберінде Зеренді ауданында ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Е.Жайықбаевтың қатысуымен «Мемлекеттік қызмет - өмірлік ұстаным» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелдің жұмысына аудан басшылығы, мемлекеттік қызметтің ардагерлері, мемлекеттік қызметшілер, «Жас Отан» ЖҚ, жастар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар қоғамның негізгі салаларын жаңғыртуға бағытталған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын, соның ішінде мемлекеттік аппараттың кәсібилігін, мемлекеттік қызметтің имиджін түбегейлі арттыруға,  мемлекеттік қызмет жүйесінің  дамуына бағытталған 15 қадамды талқылады.

Дөңгелек үстелдің қатысушылары еркін пікір алмасу аясында жергілікті деңгейде Ұлт жоспарын жүзеге асырудың тиімділігін арттыру жөніндегі ұсыныстарын айтты.

Шара барысында сындарлы сұхбат өрбіп, барлық туындаған сұрақтарға толыққанды  жауап айтылды.

Дөңгелек үстелдің соңында қатысушылар өздерінің ұсыныстары мен ескертулерін мемлекеттік қызметтің әрі қарай дамуына бағытталған Манифестте  айшықтап көрсетуді ұсынды.Өңірлерге жұмыс сапарлары барысында Манифест толықтырылып отыратын болады.

0
0
716

«Мемлекеттік қызмет — өмірлік ұстаным» тақырыбындағы дөңгелек үстел

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет саласындағы жаңа заңнаманың негізгі бағыттары бойынша  түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда.

Ағымдағы жылдың 16 маусымы күні  басшының орынбасары  Е.Жайықбаев Сандықтау ауданында өткізілген дөңгелек үстелдің отырысына қатысты.

Іс-шараға аудан басшылығы, мемлекеттік қызметтің ардагерлері, мемлекеттік қызметшілер, «Жас Отан» ЖҚ, жастар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелдің мақсаты мемлекеттік қызмет жүйесінің дамуына, мемлекеттік қызмет институтының қоғамдағы рөлі мен миссиясын ашуға, мемлекеттік қызметтің имиджін арттыруға бағытталған.

Шара барысында барлық туындаған сұрақтарға толыққанды  жауап айтылды, қатысушылардың арасында айшықты әңгіме өрбіді.

Дөңгелек үстелдің соңында қатысушылардың  ұсыныстары   Манифестте    толықтырылды.

0
0
1624

Круглый стол на тему: «Мемлекеттік қызмет — өмірлік ұстаным»

Департаментом Министерства по делам государственой службы Республики Казахстан по Акмолинской области продолжается разъяснительная работа по основным положениям нового законодательства в сфере государственной службы.

Так 16 июня т.г. заместитель руководителя Е.Жайыкбаев принял участие в работе круглого стола в Сандыктауском районе.

В мероприятии приняли участие руководство района, ветераны государственной службы, государственные служащие, МК «Жас Отан», молодежь, СМИ.

Цель круглого стола направлена на развитие системы государственной службы, раскрытие роли и миссии института государственной службы в обществе, повышение имиджа государственной службы.

В ходе мероприятия состоялся конструктивный диалог, на все возникшие вопросы были даны исчерпывающие ответы.

По завершению круглого стола предложения участников были дополнены в Манифесте.

 
0
0
448

Бірлесіп көтерген жүк жеңіл!

ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) облыстың мемлекеттік органдарына сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларды жүргізуге   тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсету бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізеді.

Ағымдағы жылдың 16 маусымында Департамент Зеренді ауданы әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелері мен дербес бөлімдеріне тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсету жұмысын жүргізді.

Іс-шара барысында аталған ведомстволардың қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы жаңа заңнаманың негізгі аспектілері мен жүзеге асыру тетіктері түсіндірілді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі және сыртқы талдауларын жасау бойынша, сондай-ақ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық баяндамаға енгізілетін ақпаратты дайындау бойынша  ұсыныстар берілді.

Сонымен қатар, іс-шара барысында бұрын жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижелері бойынша мысалдар қарастырылды.

Іс-шара барысында айшықты әңгіме өрбіді, барлық сұрақтарға толымды жауап берілді.

Іс-шараға 30 мемлекеттік қызметші қатысты.

0
0
716

Денсаулық сақтау қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

Ағымдағы жылдың 17 маусымында «Адал жол – Честный путь» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны аясында Шортанды ауданының орталық аудандық ауруханасында медицина саласының қызметкерлерімен «Медициналық қызметтерді көрсеткені үшін сыйлықтарды және басқа да сыйақыларды сыйлауға жағымсыз көзқарасты қалыптастыру» тақырыбында кездесу өткізілді.

Кездесудің басты мақсаты – денсаулық сақтау саласында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, емдеу мекемелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тиімділігін  арттыру жолымен оның пайда болу себептерін жою.

Баяндамаларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құралдары мен тетіктері белгіленіп, ұжымдардағы медицина қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын арттыру және сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілікті қалыптастару бойынша жүргізіліп отырған жұмыстар туралы айтылды.

0
0
538

Сандықтау өңіріне әдістемелік көмек көрсетілді

Қазіргі таңда елімізде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңдар негізін құрайтын, қазіргі заман талабына сай келетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы   заңнама қолданысқа енгізілді.

Алдын алу сипатындағы іс-шаралар кешенін өткізу арқылы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жемқорлық деңгейін төмендетуге мүмкіндік беретін негізгі, басым бағыттардың бірі болып табылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мемлекеттік саясаттың және азаматтық қоғамның барлық институттарының негізгі стратегиялық басымдығы болып табылады.

Осыған орай, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) облыстың мемлекеттік органдарына сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларды өткізуге тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсету бойынша жүйелі түрде  жұмыс жүргізеді.

Ағымдағы жылдың 16 маусымында Департамент Сандықтау ауданы әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелері мен дербес бөлімдеріне тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсету жұмысын жүргізді.

Іс-шара барысында аталған ведомстволардың қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы жаңа заңнаманың негізгі аспектілері мен жүзеге асыру тетіктері түсіндірілді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі және сыртқы талдауларын жасау бойынша, сондай-ақ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық баяндамаға енгізілетін ақпаратты дайындау бойынша  ұсыныстар берілді.

Сонымен қатар, іс-шара барысында бұрын жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижелері бойынша мысалдар қарастырылды.

Іс-шара барысында айшықты әңгіме өрбіді, барлық сұрақтарға толымды жауап берілді.

Іс-шараға 15 мемлекеттік қызметші қатысты.

 
0
0
409