Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Қазақстанның болашағы – біздің қолымызда!»

Ағымдағы жылдың 13 маусымы күні Шортанды ауданында «Адал жол - Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны шеңберінде «Қазақстанның болашағы – біздің қолымызда!» тақырыбындағы жастар дэнс-мобы өткізілді..

ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің бастамашылығымен іске асырылған  шараны    «Шортанды ауданы жастарының ресурстық орталығы» КММ ұйымдастырды.

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – жастарды мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатымен таныстыру, бұл өз ретінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға ықпал етуі тиіс.

Жастардың қатысуымен өткен ырғақты дэнс-мобқа 20 шақты адам қатысты.

0
0
925

Осы тақырып бойынша

«Қазақстанның болашағы – біздің қолымызда!» - Yvision.kz