Мазмұнға өту
anticorr03akmol

Госслужба Акмола

@anticorr03akmol

Сайтта 2015 ж. 4 сәуірКазахстан, Кокшетау

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

1 729

пікірлер

0

тіркелуші

15

жазылымдар

16

Жемқорлықпен күрес жастардың көзімен

А.ж. 20 қыркүйекте Көкшетау қаласының орталық алаңында Ақмола облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаменті Көкшетау қаласының мәдениет бөлімімен және Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасымен бірлесе отырып Қазақстан Республикасының 25 жылдығына арналған мерекелік іс-шара өткізді. Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы бірқатар акциялар өткізілді, атап айтқанда – аниматорлар ақпараттық буклеттерді таратты, іс-шараға келген жастар мен қала тұрғындары қалау тақтасына өздерінің игі тілектерін жазып, VK әлеуметтік желісіндегі Департамент парақшасының алдында естелік суретке түсті. Іс-шараның мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, қоғамда жемқорлыққа, сонымен бірге, құқық бұзушылықтардың барлық түрлеріне төзбеушілікті көрсететін құ…

0
0
344

Мемлекеттік қызмет – мемлекеттік саясатты жүзеге асыру тетігі ретінде

А.ж. 19 қыркүйекте  Ақмола облысы бойынша  мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Қ. Жапақов барлық деңгейлердегі мәслихаттардың депутаттары мен Қоғамдық кеңестер мүшелерінің қатысуымен өткен «Мәслихаттар мен қоғамдық кеңестердің Қазақстанның тәуелсіздігін дамытудағы рөлі» тақырыбындағы облыстық форумға қатысты.

Қ. Жапақов өзінің баяндамасында ведомствоның жаңа қағидаттары әдептілік пен құқық бұзушылықтарға төзбеушілік екенін, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» жаңа Заңның және жаңа Әдеп кодексінің қолданысқа енгізілуімен халыққа қызмет етуді өз қалауы  ретінде таңдаған азаматтардың  кәсіби тұрғыда өсуіне және  өзін танытуға қолайлы жағдайлар қалыптасқанын  атап өтті.

Іс-шараға 300 адам қатысты.

Департамент госслужбы

0
0
772

Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама түсіндірілді

Үстіміздегі жылғы  19   қыркүйекте сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол – Честный путь» марафоны аясында, аудан әкімі бекіткен іс-шаралар жоспарына сәйкес аудан әкімдігінің шағын залында мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаларды сақтау тақырыбында дәріс оқылды. Дәрісті аудан әкімінің орынбасары З.Қ.Жұматова оқыды. Тыңдаушылар дәріс барысында жемқорлық түсінігі, оның түрлері, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық және олар үшін жауапкершілікпен танысты. Әкімнің орынбасары сыбайлас жемқорлықпен күрестің Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдығы екенін атап өтті.

Іс-шараға 22 адам қатысты.

Департамент госслужбы

0
0
290

Спорт – салауатты өмірдің негізі

2016 жылғы 17-18-қыркүйекте Егіндікөл ауылының спорт алаңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адалжол – Честный путь» марафоны аясында оқушылар мен жастар арасында шағын футболдан турнир өткізілді.Турнир басталмай тұрып қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың тармақтары түсіндірілді. Жарысқа 40-тан астам адам қатысты.  Адал да ымырасыз күресте турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды. Оқушылар арасындағы жарыс қорытындысы бойынша 1 орынды № 1 Егіндікөл орта мектебінің командасы жеңіп алды. Екінші күні жалғасқан жастар арасындағы турнирде техникалық шеберлігі мен ерекшеленген азаматтық қызметшілер командасы жеңіске жетті.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлеркомандалары, сондай-ақ, үздік ойыншылар грамоталармен  және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Департамент госслужбы

0
0
450

Егіндікөл ауданындағы веложарыс

2016 жылғы 16 қыркүйектесыбайласжемқорлыққақарсы «Адалжол – Честный путь» марафоны аясында Егіндікөл ауылында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – уақыт талабы» тақырыбындағы парақшалар таратылып, веложарыс өткізілді. Веложарысқа № 1 және № 2 жалпы білім беретін мектептердің оқушылары қатысты. Білім, денешынықтыру және спорт бөлімі басшысының міндетін атқарушы В.Шевцов веложарысқа қатысушыларды республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонның мақсатымен таныстырды. Қазақстандықтардың жас ұрпағы – біздің болашағымыз және олар сау моральдық-этикалық қағидаттар: адалдық пен әділдікке тәрбиеленуге тиіс. Біздің халқымыздың, біздің еліміз – Қазақстан Республикасының тағдыры өскелең ұрпақты қалайтәрбиелеуімізге байланысты. Барлық қатысушыларға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы «Сыбайлас жемқор…

0
0
520

Құқық қорғау органдары қызметкерлерімен кездесу «Спруттың шырмауында. Жемқорлық»

2016 жылғы 15 қыркүйекте Егіндікөл ауданы ішкі істер бөлімінің мәжіліс залында сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адалжол – Честный путь» марафонын өткізу бойынша бекітілген жоспар аясында құқық қорғау органдары  қызметкерлерімен «Спруттың шырмауында. Жемқорлық» тақырыбында кездесу өткізілді.

Кездесуге аудан әкімінің орынбасары З.Қ.Жұматова, жергілікті полиция қызметінің бастығы С.Қ.Құсайынов қатысты.

Кездесу барысында құқық қорғау органдарының қызметкерлері бұл мәселенің маңыздылығы мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алудың қажеттілігі туралы бірыңғай пікірге келді.

Іс-шараға 15 адам қатысты.

Департамент госслужбы

0
0
696

Әдеп кодексінің басты аспектілері туралы

А.ж. 20 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Ақмола облысы бойынша департаментінің қызметкері А. Сайдалин Ақмола облысының қаржы басқармасында «Әдеп кодексінің басты аспектілері туралы» тақырыбында семинар  өткізді.

Кездесу барысында дәріскер Әдеп кодексінің талаптарын түсіндірді.

Сонымен қатар, Әдеп кодексінің талаптарын бұзған тұлғаларға қатысты қарастырылған тәртіптік істер туралы айтылды.

Кездесудің соңында Ақмола облысының қарғы басқармасының қызметкерлеріне Әдеп кодексің талптарына қатысты қойылған сұрақтарына жан-жақты  жауап берілді.

Іс-шараға 20 адам қатысты.

Департамент госслужбы

0
0
336

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – бірінші кезектегі міндет

А.ж. 19 қыркүйегінде Ақмола облысы мемлекеттік қызмет істері департаментінің қызметкері Қ. Уажанов Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының ұжымымен кездесу өткізді. Кездесу барысында Қ. Уажанов семинарға қатысушыларға Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының басымдықтарын, «ҚР Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңдарының жаңалықтарын хабарлады. Сонымен қатар, семинарда Ақмола облысының мемлекеттік мекемелері жүргізген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауларының 2016 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы нәтижелері, жүргізілген талдаулардың қорытындылары бойынша анықталған негізгі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, сондай-ақ, мемлекеттік органдардың қызметінде сыбайлас жемқорлық…

0
0
246

Жемқорлықсыз ел — дамыған ел

А.ж. 20 қыркүйекте «Тәуелсіздік» алаңында «Ақмола облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейiн және барлық құқық бұзушылық түрлерiне «мүлдем төзбеушiлiк» қағидатын қалыптастыру жөнiндегi 2016 жылға арналған iс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің қаулысын орындау мақсатында Көкшетау қаласының мәдениет бөлімі ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің бастамашылық етуімен ҚР 25 жылдығына арналған мерекелік концерт өткізеді. Іс-шараның мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, қоғамда жемқорлыққа, сонымен бірге, құқық бұзушылықтардың барлық түрлеріне төзбеушілікті көрсететін құндылықтарды сақтау және нығайту. Іс-шараға облыстың мемлекеттік органдарының өкілдері, Көкшетау қаласының жоғарғы оқу орындары…

0
0
446