Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жемқорлықсыз ел — дамыған ел

А.ж. 20 қыркүйекте  «Тәуелсіздік» алаңында «Ақмола облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейiн және барлық құқық бұзушылық түрлерiне «мүлдем төзбеушiлiк» қағидатын қалыптастыру жөнiндегi 2016 жылға арналған iс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің қаулысын орындау мақсатында Көкшетау қаласының мәдениет бөлімі  ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің бастамашылық етуімен ҚР 25 жылдығына арналған мерекелік концерт   өткізеді.

Іс-шараның мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, қоғамда жемқорлыққа, сонымен бірге, құқық бұзушылықтардың барлық түрлеріне  төзбеушілікті көрсететін құндылықтарды  сақтау және  нығайту.

Іс-шараға облыстың  мемлекеттік органдарының өкілдері,  Көкшетау қаласының жоғарғы оқу орындары мен  техникалық және кәсәіптік білім беру ұйымдарының студенттері қатысады.

Департамент госслужбы

0
0
447

Осы тақырып бойынша

Жемқорлықсыз ел — дамыған ел - Yvision.kz