Мемлекеттік қызмет – мемлекеттік саясатты жүзеге асыру тетігі ретінде
А.ж. 19 қыркүйекте Ақмола облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Қ. Жапақов барлық деңгейлердегі мәслихаттардың депутаттары мен Қоғамдық кеңестер мүшелерінің қатысуымен өткен «Мәслихаттар мен қоғамдық кеңестердің Қазақстанның тәуелсіздігін дамытудағы рөлі» тақырыбындағы облыстық форумға қатысты.
Қ. Жапақов өзінің баяндамасында ведомствоның жаңа қағидаттары әдептілік пен құқық бұзушылықтарға төзбеушілік екенін, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» жаңа Заңның және жаңа Әдеп кодексінің қолданысқа енгізілуімен халыққа қызмет етуді өз қалауы ретінде таңдаған азаматтардың кәсіби тұрғыда өсуіне және өзін танытуға қолайлы жағдайлар қалыптасқанын атап өтті.
Іс-шараға 300 адам қатысты.

