Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Спорт – салауатты өмірдің негізі

2016 жылғы 17-18-қыркүйекте Егіндікөл ауылының спорт алаңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адалжол – Честный путь» марафоны аясында оқушылар мен жастар арасында шағын футболдан турнир өткізілді.Турнир басталмай тұрып қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың тармақтары түсіндірілді. Жарысқа 40-тан астам адам қатысты.  Адал да ымырасыз күресте турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды. Оқушылар арасындағы жарыс қорытындысы бойынша 1 орынды № 1 Егіндікөл орта мектебінің командасы жеңіп алды. Екінші күні жалғасқан жастар арасындағы турнирде техникалық шеберлігі мен ерекшеленген азаматтық қызметшілер командасы жеңіске жетті.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлеркомандалары, сондай-ақ, үздік ойыншылар грамоталармен  және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Департамент госслужбы

0
0
454

Осы тақырып бойынша

Спорт – салауатты өмірдің негізі - Yvision.kz