Мазмұнға өту
anticorr03akmol

Госслужба Акмола

@anticorr03akmol

Сайтта 2015 ж. 4 сәуірКазахстан, Кокшетау

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

1 729

пікірлер

0

тіркелуші

15

жазылымдар

16

«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» әскери қызметке шақыру науқаны

2016 ж. 28 қыркүйекте ҚР Қарулы күштері әскери қызметіне шақырылуына байланысты Ақмола облысы бойынша қорғаныс істері жөніндегі департаментінің  жеке құрамымен «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі бағыттары, әдістері және шаралары» тақырыбында семинар өтті. Шараға Ақмола облысы бойынша департаменттің (бұдан әрі - Департамент) мемлекеттік қызмет істері  қызметкері А.Жаналинов қатысты.Кездесу барысында Департамент өкілі мемлекеттік мекеменің қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия туралы, оның алдағы он жылға есептелген басымды бағыттары мен негізгі тәсілдері жөнінде баяндады, сонымен қатар, ол қатысушыларды Департаменттің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарып отырған жұмысымен, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі жіәне сыртқы талдауларын жүргізу тәртібімен таныстырды.

Сонымен қатар, жеке құрамға сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпқа роликтер көрсетілді.

Кездесу соңында А.Жаналинов сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңды қолдануға қатысты қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берді.

Іс шарадан соң сауылнама жүргізілді.

Іс шараға 50 шақты адам қатысты.

Департамент госслужбы

0
0
442

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбындағы психологиялық тренинг

А.ж. 26 қыркүйекте Жарқайың ауданында «Адал жол - Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны аясында жас мемлекеттік қызметшілерге арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбындағы психологиялық тренинг өткізілді.

Қатысушыларға рөлдік ойын, энерджайзер, тимбилдинг, командалық әрекеттер, мини-дебат тәрізді жаттығулар ұсынылды, онда команда сыбайлас жемқорлықтың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтады.

Жас мемлекеттік қызметшілер қоғамдағы сыбайлас жемқорлық көріністерін жайлы түрде талқылады. Тренингтің қорытындысы бойынша бірыңғай ұжымдық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес идеясы ретінде барлық қатысушыларды біріктірді.

Тренингке 18 адам қатысты.

Департамент госслужбы

0
0
2313

Әр азамат орындауға міндетті заңдылық

А.ж. 28 қыркүйекте Ақмола облысы бойынша   мемлекеттік қызмет істері департаментінің бас маманы С. Беккажанова тілдерді дамыту басқармасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Кездесу барысында Департаменттің өкілі  кәсіби мемлекеттік аппарат, қолжетімді әрі есеп бере алатын мемлекет құрудағы мемлекеттік қызметшілердің алатын орнының ерекше екенін атап өтті, сонымен қатар,

Департаменттің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы атқарлған қызметімен таныстырып өтті.

Басқарманың қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тақырыбындағы бейнероликтер көрсетілді, сонымен қатар, іс-шараның соңында олар департамент тарапынан жүргізіліп отырған іс-шаралардың маңыздылығы туралы сұрақтар қойылған сауалнамаларды толтырды.,

Қойылған сұрақтарға  нақты жауаптар мен түсініктемелер  берілді.

Департамент госслужбы

0
0
361

Жарқайың ауданының грек-рим күресінен чемпионаты

А.ж. 25 қыркүйекте Жарқайың ауданында  «Адал жол-Честный путь» облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны шеңберінде грек-рим күресінің  аудандық ашық турнирі өтті.

Жарысқа қатысушылардың алдында  Жарқайың ауданының әкімі  А. Үйісімбаев  сөз сөйледі және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жаттықтырушысы  М. Рахметов спортшыларды  чемпионаттың ашылуымен құттықтады.

Турнирдің жеңімпаздары  құрмет грамоталарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Турнирге 40-тан астам спортшы қатысты.

Департамент госслужбы

0
0
246

«Денсаулық фестивалі»

А.ж. 24 қыркүйекте  Жарқайың ауданында  облыстық «Адал жол-Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес  марафоны шеңберінде   «Денсаулық фестивалі»  аудандық спартакиадасы өткізілді.

Жарыстарға ауданның 20 мекемесі мен ұйымы, 120 спортшысы қатысты.

Спартакиаданың ашылуында құттықтау сөзбен Жарқайың ауданы әкімінің орынбасары А.Әлжанов, Державинск қаласының әкімі С.Макрдумян, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы Ж.Мыңбаев  сөз сөйледі.

Спартакиада жеңімпаздары құрмет грамоталарымен марапатталды.

Департамент госслужбы

0
0
480

Әңгіме сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде болды

Ақмола облысы бойынша Департаменттің басшысы Қ. Жапақовтың  Зеренді ауданына жұмыс сапары аясында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық – қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенімге негізделген маңызды кәсіби стандарт» тақырыбында диалог алаңы өткізілді.

Аталған іс-шараға департаменттің қызметкерлері, діни және этномәдени бірлестіктердің , үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, жастар, мемлекеттік және азаматтық қызметшілер қатысты.

Кездесуді аша отырып, аудан әкімі А. Мұратұлы қоғамда  сыбайлас жемқорлық мәдениетін қалыптастырудағы үкіметтік емес ұйымдардың, діни және этномәдени бірлестіктердің  маңызды орын алатынын, жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ойдағыдай болуы , халық арасында  жемқорлыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру үшін мемлекет пен қоғамның  тығыз  серіктестігі қажет екенін атап өтті.

Диалог алаңының тақырыбы бойынша негізгі баяндаманы  Департамент басшысы Қ. Жапақов оқыды.

Департаменттің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Қ. Сұлтанғазиев Әдеп кодексінің негізгі аспектілері туралы түсініктеме берді. «Моральдық-адамгершілік  тәрбие – салауатты қоғамның кепілі» тақырыбындағы ақпаратпен Департаменттің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы М. Ахметқалиев бөлісті.

Діни саладағы жемқорлық мәселелері жөнінде Зеренді аудандық  мешітінің имамы Ы. Қасымхан,  «Салт-дәстүрлер мен отбасылық  құндылықтар жемқорлыққа қарсы тұрудағы басты факторлары ретінде» тақырыбында «Достық орталығының» атқарушы хатшысы К. Рахымжанова, ал, №1 Зеренді орта мектебінің мұғалімі Т. Белик қазіргі заманда  өскелең ұрпаққа моральдық-адамгершілік тәрбие беру жөнінде  баяндады.

Кездесу аяқталғаннан кейін Қ. Жапақов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға келген азаматтар  өздерін толғандырған бірқатар мәселелер туралы сұрақтарды қойды, олардың ішінде жұмысқа бонустық төлемақы төлеу жүйесі, жерлерді тиімді пайдалану үшін жер инспекциясын құру,  көтерме  сауда  нүктелерінде бағаны реттеу,  карьерді ауылдың қажеттіліктері үшін тегін пайдалану  мәселелері қозғалды.

Барлық сұрақтарға толық, түбегейлі жауаптар берілді.

Департамент госслужбы

0
0
650

Көкшетау қаласының ата-аналар комитеттерінің өкілдерімен кездесу өткізілді

А.ж. 23 қыркүйекте Көкшетау қаласының №6 орта мектеп-лицейінде Департаменттің бастамасы бойынша қаланың мектепке дейінгі және орта білім беретін оқу орындарының   ата-аналар комитеттерімен «Отбасы – өскелең ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың негізі» тақырыбында кездесу өткізілді.

Шақырылғандардың алдында Департамент басшысының орынбасары Е. Жайықбаев, Білім басқармасы басшысының орынбасары О. Ковалева құттықтау сөздерін сөйледі.

«Өскелең ұрпақты сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік рухында тәрбиелеу» тақырыбындағы баяндамалармен №6 орта мектеп-лицейдің директоры А. Самбаева мен Департаменттің бас маманы Қ. Уажанов баяндама оқыды.

№6 орта мектеп-лицейдің 9 сынып оқушысы, «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының президенті  Т. Қайыржанова мектеп оқушыларының санасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері жөнінде баяндады.

«Мерей» бала бақшасының тәрбиеленушілерінің, сондай-ақ,  Көкшетау қаласының №12 орта мектебінің оқушыларының  қатысуымен түсірілген «Жемқорлықтың не екенін білесіңдер ме?» тақырыбындағы бейнероликтердің көрсетілімі ата-аналардың қызығушылығын туғызды.

Кездесудің соңында семинарға қатысушылар мен  Департаменттің, Білім басқармасының өкілдерінің арасында  сыбайлас жемқорлықтың кез келген  көріністеріне төзбеушілік  рухында білім берудің өзекті мәселелері жөнінде сұхбат өрбіді.

Іс-шараға 100-ден астам адам қатысты.

Департамент госслужбы

0
0
493

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті, Ақмола облысының басқармаларының персоналды басқару қызметтері үшін тағылымдаманы өткізді

А.ж. 20-22 қыркүйек аралығында  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) Ақмола облысы басқармаларының персоналды басқару қызметтері үшін тағылымдама өткізді.

Конкурстық іріктеу, мемлекеттік қызметшілердің қызмет бабында өсуі,   тағылымдаманы ұйымдастыру, тәлімгерлік, қызметшілерді бағалау, оқыту және т.б. мәселелер талқыланды.

Тағылымдама барысында департамент қызметкерлері  мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы практикалық тұрғыда қолдану бойынша әдістемелік және түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Барлық сұрақтарға қанағаттанарлық жауаптар берілді.

Департамент госслужбы

0
0
334

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол – Честный путь» марафоны аясындағы автошеру

А.ж. 21 қыркүйекте   Жарқайың ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол – Честный путь» марафоны аясында   автошеру өткізілді.

Іс-шараны өткізу мақсаты сыбайлас жемқорлыққа  қарсы мінез-құлықты дәріптеу, жемқорлыққа қарсы ағарту және барша қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру болып табылады.

Автошеруге ауданның 30-дан астам мемлекеттік мекемелерінің, ұйымдары мен аудан тұрғындарының автокөліктері қатысты.

Департамент госслужбы

0
0
617

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық үкіметтік емес сектордың көзқарасымен

А.ж. 21 қыркүйекте Департамент Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған қызметті ұйымдастыру жөніндегі 2016 жылға арналған кешендік жоспарға сәйкес,  Сандықтау ауданында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық – қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенімге негізделген маңызды кәсіби стандарт» тақырыбында диалог алаңын өткізді.

Іс-шараға мемлекеттік мекемелердің, үкіметтік емес, діни, этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Диалог алаңын өткізудің мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа құқықтық, рухани-адамгершілік шаралармен ықпал етуді қолдану арқылы қоғамда сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидасын қалыптастыру. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың негізгі мазмұнын тек қана құқықтық емес, рухани-адамгершілік тұрғыдан да тыйым салынатын көрініс ретінде ашу болып табылады.

Модератор ретінде Департамент басшысы Қ.Жапақов сөз сөйледі. Брифингтің негізгі спикерлері ретінде Департаменттің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Қ. Сұлтанғазиев, Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы М. Ахметқалиев, аудандық мешіттің имамы Қ. Жұмағалиев, Лесхоз негізгі мектебінің дінтану  пәнінің мұғалімі  Л. Исаева, Сандықтау ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы  Б. Сейітжанова қатысты.

Диалог барысында қатысушылар облыста жүргізілетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат туралы көзқарастармен  және оның жағдайын жақсарту бойынша, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы, мемлекеттік қызмет туралы заңнамалардың және Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің талаптарын бұзуды болдырмау бойынша ұсыныстарымен бөлісті. Атап айтқанда, азаматтық қоғам, діни бірлестіктер институттарының сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілігін қалыптастыру, сондай-ақ, жастарды    сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті  тәрбиелеу және жастар ұйымдарын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды насихаттауға тарту бойынша мүмкіндіктер әлеуетін белсендету  мәселелері қозғалды.

Диалог алаңына қатысушылардың ұсыныстарын ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы барлық бағыттар бойынша одан әрі әрекеттесу қажеттілігі туралы шешім қабылданды.

Осы іспеттес іс-шаралар облыстың барлық аудандарында өткізілетін болады.

Департамент госслужбы

0
0
1679