Әдеп кодексінің басты аспектілері туралы
А.ж. 20 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Ақмола облысы бойынша департаментінің қызметкері А. Сайдалин Ақмола облысының қаржы басқармасында «Әдеп кодексінің басты аспектілері туралы» тақырыбында семинар өткізді.
Кездесу барысында дәріскер Әдеп кодексінің талаптарын түсіндірді.
Сонымен қатар, Әдеп кодексінің талаптарын бұзған тұлғаларға қатысты қарастырылған тәртіптік істер туралы айтылды.
Кездесудің соңында Ақмола облысының қарғы басқармасының қызметкерлеріне Әдеп кодексің талптарына қатысты қойылған сұрақтарына жан-жақты жауап берілді.
Іс-шараға 20 адам қатысты.

