Егіндікөл ауданындағы веложарыс
2016 жылғы 16 қыркүйектесыбайласжемқорлыққақарсы «Адалжол – Честный путь» марафоны аясында Егіндікөл ауылында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – уақыт талабы» тақырыбындағы парақшалар таратылып, веложарыс өткізілді. Веложарысқа № 1 және № 2 жалпы білім беретін мектептердің оқушылары қатысты. Білім, денешынықтыру және спорт бөлімі басшысының міндетін атқарушы В.Шевцов веложарысқа қатысушыларды республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонның мақсатымен таныстырды. Қазақстандықтардың жас ұрпағы – біздің болашағымыз және олар сау моральдық-этикалық қағидаттар: адалдық пен әділдікке тәрбиеленуге тиіс. Біздің халқымыздың, біздің еліміз – Қазақстан Республикасының тағдыры өскелең ұрпақты қалайтәрбиелеуімізге байланысты.
Барлық қатысушыларға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – уақыт талабы» тақырыбында парақшалар таратылды. Веложарыс ауыл көшелерінде өткізілді. Велосипедшілер өз істерімен салауатты өмір салтын насихаттай, сергектік қуаты мен жағымды әсер ала отырып, ынтымақты топпен Егіндікөл ауылының бойымен жүріп өтті.
Веложарысқа 20 адам қатысты.

