Құқық қорғау органдары қызметкерлерімен кездесу «Спруттың шырмауында. Жемқорлық»
2016 жылғы 15 қыркүйекте Егіндікөл ауданы ішкі істер бөлімінің мәжіліс залында сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адалжол – Честный путь» марафонын өткізу бойынша бекітілген жоспар аясында құқық қорғау органдары қызметкерлерімен «Спруттың шырмауында. Жемқорлық» тақырыбында кездесу өткізілді.
Кездесуге аудан әкімінің орынбасары З.Қ.Жұматова, жергілікті полиция қызметінің бастығы С.Қ.Құсайынов қатысты.
Кездесу барысында құқық қорғау органдарының қызметкерлері бұл мәселенің маңыздылығы мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алудың қажеттілігі туралы бірыңғай пікірге келді.
Іс-шараға 15 адам қатысты.

