Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – бірінші кезектегі міндет

А.ж. 19 қыркүйегінде Ақмола облысы мемлекеттік қызмет істері   департаментінің қызметкері Қ. Уажанов Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Қ. Уажанов  семинарға  қатысушыларға  Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының басымдықтарын, «ҚР Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңдарының жаңалықтарын хабарлады.

Сонымен қатар,  семинарда Ақмола облысының мемлекеттік мекемелері жүргізген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауларының 2016 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы нәтижелері, жүргізілген талдаулардың қорытындылары бойынша анықталған негізгі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, сондай-ақ, мемлекеттік органдардың қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді болдырмауға бағытталған тиімді шаралар талқыланды.

Іс-шаралар аяқталғаннан кейін сауалнама жүргізілді.

Семинарға 10 адам қатысты.

Департамент госслужбы

0
0
247

Осы тақырып бойынша

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – бірінші кезектегі міндет - Yvision.kz