Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама түсіндірілді
Үстіміздегі жылғы 19 қыркүйекте сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол – Честный путь» марафоны аясында, аудан әкімі бекіткен іс-шаралар жоспарына сәйкес аудан әкімдігінің шағын залында мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаларды сақтау тақырыбында дәріс оқылды. Дәрісті аудан әкімінің орынбасары З.Қ.Жұматова оқыды. Тыңдаушылар дәріс барысында жемқорлық түсінігі, оның түрлері, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық және олар үшін жауапкершілікпен танысты. Әкімнің орынбасары сыбайлас жемқорлықпен күрестің Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдығы екенін атап өтті.
Іс-шараға 22 адам қатысты.

