Капитализм жолымен социализм құрған ел
Әлемде өзіндік өмір сүру мәнерімен ерекшеленетін, әкімшілік-аумақтық бірлігі ешқандай елге ұқсамайтын бір мемлекет бар. Ол – Голландия. Бұл елдің ресми атауы – Нидерланды корольдігі. Елдің астанасы – Амстредам қаласы, ал республиканың Парламенті мен Үкіметі Гаагада орналасқан. Сондықтан да мұнда келуші туристердің көбісі Гааганы бейресми астана ретінде қабылдайды. Нидерланды Парламенттік жүйедегі Конституциялық монархиялы мемлекет болып саналады. 2002 жылы Нидерланды жалпыеуропалық валюта – еуроға көшті. Нидерланды халқы әлемде адамдарының бойының ұзындығымен ерекше. Ересек ер адамдардың бойының орташа ұзындығы – 1,83 метрді, әйелдердікі – 1,70 метрді құрайды. Мұнда негізінен халықтың екі жергілікті тобы: нидерландтықтар мен фриздер тұрады. Сондай-ақ, бұл елде иммигранттар көп қоныстанған…