Зауытбек Тұрысбеков туралы
Желіде әлдебіреулер бір шетелдік кәсіпкердің шотын шауып Зауытбек Тұрысбековтің есімін жалаулатып жатыр ғой...Мен Зәкеңді өмірімде көрген емеспін.Бірақ Закеңді дұрыс азамат деп ойлаймын.Украина жерінде жоғалып кеткен 102 атқыштар дивизиясын зерттеп жүргенімді 2012 ж. желтоқсан айында украиналық тарихшылардан естіген Закең уақыт созбай Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің сол кездегі идеология жөніндегі орынбасары Әли Бектаевқа хабарласып "Өмір Шыныбекұлы деген тарихшы мұғалімді тауып қолдарыңнан келген көмекті жасаңдар" - деп өтініпті. Әли мырза мені өзіне шақырып, біраз сөйлестік. Әлекеңнің менің есімім мен жасап жүрген жұмысымды Қазақстанның Украинадағы елшісінен естігеніне қысылыңқырап тұрғанын да сездім. Көзімше Білім Басқармасы мен Ішкі саясат Басқармасы басшыларына хабарласып тапсырма…

