Мазмұнға өту
Omirhan

Өмiр Шыныбекұлы

@Omirhan

Сайтта 2011 ж. 3 тамызКазахстан, Шымкент

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

75

пікірлер

96

тіркелуші

18

жазылымдар

6

Сирень гүлінің тарихы..

Қазақ жеріне Сирень 19 ғасырдың соңында Ресейден ағылған келімсектермен келсе керек. Ал Ресейге 18-ғасырда Европадан әкелініпті. Сиреньді Европаға дәлірек айтсақ, 1555 ж. Осман империясындағы Австрия королінің елші сі Иран жерінен әкеліпті. Ал Иранға Жібек жолы арқылы Қытайдан әкелінсе керек. Қытайда сиреньнің 28 түрі кездеседі екен. Оның 22-і тек қана Қытай жерінде өседі.. Қытайда Сиреньді киелі өсімдік санатына жатқызады екен. Оны Үндістаннан Қытай жеріне Будда дінінің таралуымен түсіндіреді. Будда дініндегі киелі өсімдік фикус климаттық жағдайларға байланысты Қытай жерінде өспегендіктен, "киелі" болып сирень "тағайындалған" :-) Сирень гүлінің екінші өмірі 1870 ж. француз селекционері Виктор Лемуан сиреннің сұрықсыздау 2 түрін Азуреа плена (Azurea Plena) мен Кәдімгі сиреньді (Syringa vu…

0
0
13167

Көп созбай латын әліпбиіне ертерек өту керек

Латын әрпіне өту идеясы Елбасының аузынан алғаш рет 2012 ж. шыққан болатын. Ол кезде мүмкін ертелеу болған шығар. Енді кешеуілдетуге болмайды. Біріншіден, латын әліпбиіне ауысу бізді халықаралық қауымдастықпен интеграциялануымызды жеделдетеді. Екіншіден... Әркім әр мәселеге өзі отырған төбешіктен қарайды.. Мектеп мұғалімі болғандықтан мен әліпби ауыстыру мәселесіне де білім саласының призмасынан қараймын.. Жыл сайын Қазақстан мектептерін бітірген балаларды РФ ЖОО-ы жәй ғана әңгімелесу арқылы өздеріне тартып әкетіп жатыр. Және ең білімді түлектерімізді әкетіп жатыр. Мәселен, мен жұмыс істейтін қазақ-орыс мектеп-лицейінің орыс сыныптарын жыл сайын 50-ге жуық түлек бітірсе, соның жартысынан көбі Ресейге оқуға кетеді. Көпшілігі сол елдің азаматтығын алып, қалып қояды. Бір жағынан демографиялы…

4
0
454

1944 ж. 23 ақпанда Кавказ халықтары депортацияланды..

1944 ж. біздің 60-үйлі ауылымызға да депортациямен бірнеше шешен отбасы келген. Олардың арасында да жақсы-жаманы дегендей әртүрлі мінез иелері бар екенін кейін көзіміз көрді. Жасыратыны жоқ, арып-ашып келіп, тойынған соң ауылдастардың қорасына түсіп, "алғыс" білдіргендері де болды. Сонымен қатар, арасында үлкен жүректі азаматтар да болды.Солардың бірі Әзи деген ғұлама молда екен. Біздің әкеміз ол кезде соғыста. Әзидің отбасын біздің әулет паналатыпты. Біздің ауылда жұма, айт намаздары үзілген емес. Бірақ мешітіміздің имамы да, азаншысы да арнайы діни білімі жоқ қариялар болатын. Біраз уақыттан кейін саптың соңында тұратын Әзидің ғұлама екенін білген соң мешітке имам болуға ұсыныс жасайды. - Жоқ, маған сіздерге имам болуға қоспаған. Біздің мазхабымыз Ханафи емес, Шәпиғи. Жүз жерден білімім…

-1
0
1078

Бәйдібек би қай заманда өмір сүрген?

«Тау баласы» атты тахаллуспен жазып жүрген азамат Бәйдібек шежіресіне қатысты айтылған жазушы ағаларымыздың пікіріне наразылық білдірген екен. Осыған байланысты менің досым Өмір Шыныбекұлы «Кейбір жазушылар тарихқа араласса, осылай бүлдіретіні бар. Оңтүстіктегі Еркінбек Тұрысов ақсақал мен Шойбек Орынбай аға да осы ізбен кетіп, өз шығармаларында бұл күнде ұрпақтары бірнеше тайпаға айналған Бәйдібекті Әмір Темірмен замандас етіп көрсетіп жүр.. Сосын, көркем әдебиет пен шынайы тарихты ажырата алмайтын оқырмандар өз ара жаға жыртысып жатады. Қазіргі қазақ тарихшы-ғалымдарынан мұның жайын Жамбыл ағадан артық ешкім білмесе керек»,- деп маған салмақ салыпты. Құрметті Өмке ! Мен Бәйдібек атамыз туралы пәленше заманда өмір сүрді деп нақты айта алмайды екенмін. Бұл тақырыпта әлі де ізденістер кере…

0
0
3136

Теріс таңбалы Метаморфоза...

Бәрі де диалектиканың заңдылықтары негізінде, өз ретімен жүріп жатқан секілді… Диалектиканың негізгі ұғымы – даму! Ал, даму дегеніміз – қозғалыс, өзгеріс немесе Метаморфоза! Метаморфоза дегеніңіз көп жақты. Ол ескіден жаңаға, жаңадан ескіге, қарапайымнан күрделіге, күрделіден қарапайымға, төменнен жоғарыға, жоғарыдан төменге және т.б. сапалық өзгеру. Анығырақ айтсақ, метаморфоза барысында заттың, құбылыстың жүйесі сапалық өзгеріске ұшырап, қасиеттері ауысады. Адамның дамуындағы балалық, жастық, толысу, қартаю кезеңдері секілді мемлекеттің дамуында да бір – біріне ұқсамайтын әртүрлі дәуірлер болады. Метаморфоза - өте күрделі процесс, онда кері қозғалыстар, секірістер, ешқандай қисынға келмейтін түрлі қарама қайшылықтар болып тұрады. Болып жатқан өзгерістерді дамудың белгілі бір кезеңінде б…

0
0
2117

«Өкпелемеші!»

Амалсыз баратын тойлардың бірі... Зәулім тойхана салуға жететін ақша тапқанымен, акустика деген ғылымнан мақұрым тойхана иесіне іштей кіжініп бұл отыр. Даңғаза музыка, ағыл-тегіл ішіп-жем, әлсін-әлсін шапалақ дәметіп дарылдаған асаба одан сайын шаршатты... Нағашы-жиен, жаңа құдалардан соң ескі жекжаттарға да сөз кезегі тиді-ау, ақыры.. Тойда көсемси беруді жаны қаламайтын бұл, ортаға сөзге шыққан топтың арт жағынан орын алып, өзімен өзі тұрған. Ортада шешен көсіліп тұр. Бәйбішесі қасындағы құдағиымен сыбырласып, әлденені әңгімелеп тұр. Бір кезде желкесінен қадалған жанарды сезіп, еріксіз жалт бұрылды. О, тоба! Сол тұр.... Әнтек жымиып.. 35 жыл бұрынғы 18 жасар бойжеткеннің көздерінің астын аздап әжім торлағаны болмаса, еш өзгермеген секілді. Жымиғанда ғана білінетін оң бетіндегі әдемі шұқ…

-1
0
1414

«Мұғалім мәртебесі» деген не?

"Мұғалім мәртебесі" тек жалақының мөлшерімен өлшенеді ме? "Мұғалім мәртебесі" туралы сөз болғанда біздің қоғамдағы басты адасушылық - бәрін жалақы мен әлеуметтік жәрдемге әкеліп тіреп қою. Айналайындар-ау! Мұғалімнің жалақысы министрге теңестіріле отырып, оны мұғалімнің функциясына жатпайтын міндеттерді атқаруға мәжбүрлеуді мәртебе көтеру деп айтуға болмайды. 1. Мәртебелі мамандық иесі - толып жатқан түрлі деңгейдегі сайлау, халық санағы, мерекелерде немесе жоғары мәртебелі лауазым иесі өңірге келгенде алаңдар мен стадиондарды толтыру секілді жұмыстарға жегілмейді. 2. Интернет дамыған заманда өзіне қажет болсын-болмасын түрлі газет-журналға мәжбүрлеп жаздырылып, әлдебіреудің бизнесін дамытуға жегілмейді. 3. Коммунистік қоғамнан қалған анахронизм - сенбіліктерге жегілмейді. Азаматтар сенбі…

0
0
2676

Желтоқсан жаңғырығы

«Қазақ үні» газетінің 12.12.16 санында жарық көрген «Желтоқсаннан жеткен хат» http://www.qazaquni.kz/2016/12/12/61849.html атты мақалада аты аталған қыздардың бірі Гүлшат Әуезованың әкесі Омар ағамен сол жылдары бір ұжымда жұмыс істедік. Омар аға Әуезов "Южказагропромпроект" жобалау институтының бас архитекторы еді. Нағыз ұлтшыл азамат. Қалалық қазақ, орыс, кәрісі басым орыс тілді ұжым. Бірен-саран ауылдан шыққан қазақ жастары Омекеңнің қолдауын ылғи сезініп жүретінбіз.. Ленин ат. Орталық алаңдағы ғимараттар мен "Гүлжан" дүкенінің қабырғаларына "Долой Колбин!"-деп жазып шыққан қыздардың ерлігіне іштей сүйсінгенбіз. Жобалау институтының қызметкерлері негізінен өте білімді, өрелері биік жандар еді. Омекеңнің қызының әрекетін тіпті өзге ұлт өкілдерінен де ешкім бетіне басқан жоқ. Ал Омар аға…

0
0
1180

Адамзат тұйыққа тірелді ме?

Кезінде шіркеудің ауыр салығы - индульгенциядан жалтару үшін, құдайға храмсыз-ақ сыйынам деп, индивидуализм жолына түсіп, бірте-бірте өзге әлемге ориентир болған Батыс мәдениеті дегеніңіздің үміті ақталмаған сыңайлы. Коллективизмге қайта оралайын десе, ру-қауымын әлдеқашан ұмытқан.Бір идея төңірегіне ұйысайын десе, елдің бәрін елттіріп жіберер сол идеясы құрғыр да таптырмай тұр.Қатын мен қатын, еркек пен еркек ұйығып, оған сәбилерді араластырып, өмір тоқтап қалу қаупі бар.. Енді бір бөлігі Батыстың көшіне, тағы бір бөлігі мұсылман дүниесіне ілесеміз деп алаөкпе болған біз секілді елдер қайтер екен? Батыстың жайын жоғарыда айттық. Ал мұсылман әлемі дегеніңіздің өзі құдай кешірсін - дүдамал дүние болып қалды. Қасиетті пайғамбарымыз Мұхамед (с.ғ.с.) айтып кеткен 73 тарау жолдың қайсысы дұрыс…

0
0
346

«Ауылына қарап азаматын таны»

"Ауылына қарап азаматын таны" деген сөз бар... Әр ауылда, ауданда, қалада, облыста "Ардагерлер кеңесі" бар екенін БАҚ арқылы біліп жүрміз.. Талай ауылда, елді мекенде болып жүрміз. Шынын айту керек, көпшілігінде әлгі кеңестің аты бар, заты жоқ.. Келтемашат ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің (Түлкібас ауданы, ОҚО) жұмысымен жақсы таныспын. Кеңесті Құлыбеков Оңласын Жүнісұлы деген 65-жастағы ағамыз басқарады. Ардагерлер жиналып, ауылдағы шешілуі тиіс мәселелерді шешуге атсалысып отырады. Ауылдық округке қарайтын Кершетас, Жиынбай ауылдарына тартылған көгілдір отын құбыры 2009 жылы тікелей осы кеңестің күшімен шешілген. Ауылдағы жер мәселесі, мал жайылымы, жастар тәрбиесі, мектептердің жұмысы т.с.с. мәселелер ардагерлердің жіті назарында. Қысқасы атқарылып жатқан жұмыс айтуға тұрарлық. Е…

1
0
4928