Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Кала-кала, көлденең шибарқыт, бөз көйлек..

1975 жылдары мықыны жоқ, балағы 35-40 см "Кала-кала" деген шалбар шыққан. 7 класты бітірген жылы алғаш рет класс болып бешір жасайтын болдық.
Ондайды әкеме айту өмірге қауіпті :-) Апама қыңқылдап жүріп, сондай бір шалбар тіктіргем. Сөздің ашығы, сол бешірден кейін оны ауылда киіп баратын да жер жоқ. Ылғи қыршаңқылар тұратын біздің ауылда көшеге жаңа киім киіп шықсаң,
-Жетім қыздың байындай боп, қайда шықтың? - дегенді тілі шыққан баладан, кемпір-шалға дейін айтып, өміріңді өксітіп жіберер еді :-)
1980 жылы болуы керек, шибарқытты көлденең тіккен қуықтай шалбар мен бөз көйлек моды болды.
Ол заманда қарт кісілердің жаназасында ру-әулеттердің қарияларына атап, шапан деп шибарқыт мата беретін. Әр кемпірдің боқшасында нафталин сасып жатқан шибарқыт әп-сәтте қасқалдақтың қанындай боп шыға келді. Ол кезде ауылдан кеткенбіз. Жұрттың балдарынан қалып бара жатқан соң ауылға зыттық. Басқа түсі табылмай, фиолетовый шибарқытты көлденең тіктіріп кидік. Маған бөз мата табу қиын болмады. Стройотрядта Өзбекстанның Қызылқұмында бір совхозда болдық. Әлгі совхоз "Московский обеспечение" ("ГЛАВРИССОВХОЗСТРОЙ" деген Одақтық мекеме болатын) екен.
Қойдың еті Австралиядан келеді. Бүтін қойдың етін бірнеше қабат қапшыққа салған. Соның ішкі бір қабаты марлядан қалыңдау ақсары бөз мата. Өзім кочегармын. Әлгі қапшықтың бәрі аспаз қыз екеуіміздің қолымызда. Алдымен өзім тіктіріп кидім.
Енді көзіңізге елестетіңіз:
Бұтта фиолетовый шалбар, жоғары жағы әлгі қапшықтан тігілген көйлек...
Шаш желкеден...
Соған шыдаған ВЛКСМ мен КПСС-ке рахмет.
Мынау әсірелердің қолына түссең піштіріп жіберуден тайынбас еді.
Құдай сақтаған екен...
"99" деген бірдеңе топ шықты деген соң еске түскені ғой.

0
0
2301

Осы тақырып бойынша

Кала-кала, көлденең шибарқыт, бөз көйлек.. - Yvision.kz