Мазмұнға өту
Omirhan

Өмiр Шыныбекұлы

@Omirhan

Сайтта 2011 ж. 3 тамызКазахстан, Шымкент

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

75

пікірлер

96

тіркелуші

18

жазылымдар

6

Риодағы қазақ боксшыларына жолдау!

Олимпиада әлемдік дода болғанмен, әр елдің, әр ұлттың өзінің бір «дәстүрлі» қарсыласы болады. Әдетте ол көршісі немесе туысы. Сондай қарсылас қазақ елінде де бар. Ол әрі көрші, әрі туыс өзбектер. Сонау 1960 жылдары футбол өркендеп, екі ұлттың командалары КСРО чемпионатында өнер көрсете бастағаннан «Қайрат» пен «Пахтакор» командалары арасында осындай бәсекелестік болды. Екі команданың арасындағы ойынды алыстағы малшы ауылдағы шопандарға дейін радиоқабылдағыштарын құлақтарына тосып, елеңдеп күтетін. Газеттен оқып, радиодан естігені мен теледидардан көргенін қызу талқылап жататын. Әгәрәки ойынды стадионнан көрудің сәті түссе, жылдар бойы мақтанышпен айтып жүретін. Өзіміз Қайраттың жанкүйері ретінде Ташкентке де бардық, Алматыдағы бірер ойынын да көрдік. Стадионға ең көп жанкүйерлерді осы екі…

0
0
473

Ұстаз. Шәкірт. Пара.

Мектепке жұмысқа алғаш келген жылы 7- сыныптарды берді.23-ақпанда бір оқушы қыз әтір сыйлады.Алмайын десем, 25 баланың алдында жасөспірім қыздың сағы сынатын түрі бар. Оның үстіне мінезді қыз бала еді. Алуға тура келді. Рахметімді айттым да, бүкіл сыныпқа қарата - Мен сендерді оқытқаным үшін мемлекеттен жалақы аламын! Ол аз ба, көп пе - менің жеке проблемам! Сондықтан, маған сыйлық жасаудың алды да, арты да осы болсын! Келесі жолы сыйлық әкелсеңдер, сыйлығыңды терезеден атам, өздеріңе "2" қоямын! - дедім, дауысымды қатайтып. Мектепте де "сымсыз телефон" жақсы жұмыс істейді. Ол "телефонның" хабары жылдан жылға ауысып отырады. Содан кейін, маған оқушы да, ата-ана да сыйлық ұсынған емес (Фейсбукте біраз шәкіртім және олардың ата-аналары, мектептес әріптестерім отыр. Сөзім өтірік болса, айта…

0
0
521

«Мәңгілік ел»

"Мәңгілік ел" киелі ұғым! Мұнда, өзін Көкбөріден таратын халқымыздың кемі 2 мың жылдық арманы жатыр! ...Теңізшілерде «Кемені қалай атасаң, солай жүзеді» деген қанатты сөз бар. Алғаш ежелгі Римдік ақын Тибулл (шамамен б.з.д. 50 — 19 ж.ж.) «Мәңгі қалаға» теңеген Рим, шынында мәңгілік болып шықты. Аңызға сенсек, солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып Жерорта теңізге сұғына еніп жатқан Апеннин түбегінде орналасқан Альба-Лонга шәрінің патшасы Нумитор Сильвийді інісі Амулий биліктен тайдырады. Амулий өз тағына қауіп төндіріп жүрмес үшін, барлық айла-амалды жасап бақты. Нумитордың ұлы аң аулап жүріп жоғалып кетті, ал қызы Рея Сильвияны Веста храмының қасиетті алауын сақтаушыға айналдырды. Мұндай міндет жүктелген қыздарға 30 жыл ерге шығуға тиым салынатын. Осы міндетті атқарып жүрген 4-і жылында х…

0
0
1370

Мәдени мұралар қолдау күтеді

Ағымдағы дамудың маңызды мәселелерінің бірі – Қазақстан экономикасына бағытталған тікелей шетелдік инвестициялар ағынын әртараптандыру. Оларды перспективалы салаларға, мысалы туризм саласына бағыттау керек. Дамыған елдерде туристік кластердің үлесіне ІЖӨ-нің 10 пайызына дейін тиесілі. Бізде 1 пайыздан да төмен. Бүкіл еліміз бойынша туризмді дамыту нүктелерін зерттеуіміз қажет, олар аз емес», деп атап көрсетті Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында. Тарихты білмей, терең зерттемей болашақты болжау мүмкін емес. Бүгінгі күні дүние жүзінің көптеген елдері өздерінің әр дәуірде қол жеткізген мәдени жетістіктері арқылы өз халықтарының ұлттық санасын көтеріп қана қоймай, осындай ескерткіштерді қыруар қаражат табу…

0
0
1388

Ұлтаралық қатынастар.

Ералиев ауылындағы жанжал туралы түрлі дереккөзден там-тұмдап біраз материал жидық. Әлі анықтай түсетін ақпараттар да жеткілікті.. Бір анығы... Еліміздегі кез келген диаспора өкілінің автохтон ұлт - қазақ халқының өкіліне қарсы жасаған зорлық-зомбылығы мен тұрмыстық кикілжіңіне басқаша реңк беріп, ұлтаралық жанжалға айналдыруға немесе солай көрсетуге тырысатындар қашанда табылады. Әсіресе, мұндай жағдайлар экономикалық дағдарыс кездерінде қауіпті. 1. Сондай жағдайдың алдын алу үшін ҚХА, диаспоралардың мәдени орталықтары мен зиялы қауым өкілдері өз туғандарының санасына жердің иесі қазақ екенін жастайынан сіңіру керек. Қазақстанның барлық естияр тұрғыны мойындауға тиісті бір шындық бар. Қазақстанда қазақ халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсармай, өзге ұлттардың ішкендері бойларына…

0
0
1452

Шымкент. «Көл».

Шымкенттің қақ ортасындағы атақты "Көл".. Дәлірек айтсақ көлдің орны. 1960-80 жылдарда қалаға келген ауыл тұрғындарының осы "Көл" маңындағы Қырғы базарға соқпайтыны болмайтын.. Қалаға алғаш келген ауыл жастары өздерінің ауылдас немесе сыныптастарына кездесуді осы көл жағасына белгілейтін. Көл маңында Шымкенттің атақты салқын сырасы, орыстың квасы бөшкелермен сатылса, қазақтың бидай көжесін апа-жеңгелеріміз милициядан қашып жүріп сататын. Жаздың аптап ыстықтары мен қапырықтарында көлден жанға жайлы салқын самал есіп тұратын. Көл суына бала-шаға ғана емес, ересектер де шомылып жататын. Көл ортасындағы жағамен ағаш көпір арқылы жалғасқан аралшадағы 4-5 түп ағаштың саясында көлеңкелеп отыруға болатын. Қаласаңыз су велосипедін жалға алып су бетінде қалқи беріңіз .. Осы әдемі суретті 1990 жылда…

0
0
2511

«Сыбайлас жемқорлықтың пайда болу тарихы»

Мамырбай Мөлдір, Сәуленбай Айдана – 10 «А» сынып оқушылары. А.С.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейі. 1.«Сыбайлас жемқорлық» дегеніміз не? Сыбайлас жемқорлық ұғымының анықтамасы “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР заңында нақты берілген. «Осы Заңда мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестiрiлген адамдардың лауазымдық өкiлеттiгiн және соған байлан-ысты мүмкiндiктерiн пайдалана отырып не мүлiктiк пайда алу үшiн олардың өз өкiлеттiктерiн өзгеше пайдалануы, жеке өзi немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игiлiктер мен артықшылық-тарды құқыққа қарсы беруi арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады» [1]. Әлемдік экономикалық қатынастард…

0
0
52598

Жеті атадан кейінгі жағдайды жерде қалдыра береміз бе?

Мархабат аға! Осыдан біраз бұрын «Жүрежатқа жеткендер қыз алысса болады» («ЗАМАНА» газеті 23.08.2010 ж.) деген мақала жазған болатынбыз... Осы мақала жарық көргеннен соң, 8-9 айдан кейін өзін Рахымжан деп таныстырған бір жігіт хабарласып, кездесуді сұрады. Үйге шақырдым....ұнжырғасы түсіп, еңсесі езілген Рахымжанның сөзінен түйгенім, ол біраз жыл бұрын бір қызбен танысқан, ру сұрасқан - жігіт Төлеби ауданының Жанысы, қыз Түлкібастың Байысы , бірақ екеуі де Байыстың Жаныстан тарайтынын білмеген (жастарға қандай өкпе қоярсың?). Қазіргі жастардың сезімге асығыстау болатыны белгілі... абайсызда «болары болып, бояуы сіңіп» қалған соң жігіт ата-анасына өзінің сөз байласқан қызы бар екенін, үйленгісі келетінін айтқан. Қыздың «Байыс» екенін білген әулеттің үлкендері өре түрегеліп, үйленуге рұқсат…

1
3
2601

ОППОЗИЦИЯ деген не немесе кім?

«Оппозиция»дегенді «дұшпан» деп түсінетін ағайындардың назарына! Сонымен, ОППОЗИЦИЯ деген не немесе кім? Қазақша Уикипедия оны көпшіліктің пікіріне қарсы шығушылар деп көрсетіпті. Соны жазған адамның да бір көздегені бар шығар. Қалай болғанда да, ниеті түзу болмағаны анық. Коммунистік партияның «Демократиялық централизм» рухында тәрбиеленген адам үшін көпшіліктің пікіріне қарсы шыққан адам бірден дұшпанға айналады. Кеңес заманында ондайлар түрмеге қамалды немесе жындыханаға жатқызылды.. ОППОЗИЦИЯ дегенді қазақтың жалпақ тілімен, қазақы ұғымға барынша жақындатып түсіндіруге тырысып көрелік. ... Мәселеңки, сіз Отағасы немесе Отанасы ретінде үй салуды жоспарладыңыз делік! Үйдегі үйелмендеріңіздің барлығы өрелері жеткенінше өз пікірлері мен көзқарастарын айтып жатыр. Бәрінің көздегені бір мақ…

0
0
3865

Біз неге Республика ұстаздарының «Ағартушы» қоғамдық қозғалысын құрдық?

Бұл күнде қоғамдағы әлеуметтік топтардың ішіндегі ең әлсізі - мектеп мұғалімдері. Сауатты қазақ саусақпен санарлық өткен ғасырдың басында "Алты алаштың басы қосылса, төр мұғалімдікі" - деген дәуірден өттік. Бәсекелестік қызған бүгінгі күні мұғалім М. Әуезов айтқандай "Өзі отырған жерді төр етуге" өзі ұмтылуы қажет. Қиындығы да, қызығы да жетерлік мұғалім мамандығын таңдаған екенсің, ұстаз атына сай бол! Қазақта "Балажан" деген сөз бар. Балажан болмасаң, жақсы көрмесең мектеп сенің орның емес. Баламен тіл табыса алмайтын адамнан мұғалім шықпайды. Пәніңізді жақсылап игеріңіз! Қазіргі талап - өмір бойы үйрену! Сондықтан біліміңізді жетілдіруді тоқтатпаңыз! Мұғалім Бас, Қол, Жүрек сияқты «үш көмекшісі» болған жағдайда ғана құзырлы бола алады (Shulman, 2007). Қол – оқытуды жүзеге асыру, түзету…

0
0
1176