Ұжымды (әлеуметтік топ, қоғам, мемлекет) басқарудың ең оңай жолы...
КСРО тарқар алдында 5-6 жыл бұрын, біздің колхозда бір жас жігітті шабық шабатын әйелдер бригадасына бригадир етіп тағайындапты. Сол күннен бастап, бригаданың жұмыс көрсеткіші төмендей бастайды. Егістіктегі әйелдер топ-топ болып, атыз үстіне жайғасып, өсек айтып, жұмыс істеуді қояды. Жас бригадирдің сөзін "Қазір-қазір тұрамыз" деп құлаққа да ілмейді.. Шарасы таусылған жас жігіт зейнеткерлікке шыққан бұрынғы бригадирге барып, жағдайды айтады.
- Оларды жұмыс істету оп-оңай! - деп қарт бригадир егістікке келеді де, отырған әйелдердің бірін шақырып алып, - Әй, келін сені ел жүргіш дейді ғой!?- дейді. - Кім айтып жүр оны?
-
Анау айтты! - деп отырған қатындардың бірін көрсетеді.
- О, аузыңассейін,жүзіқара қаншық! Мен сенен өткен жәлеппін бе? деп келіншек әлгі қатынға тұра ұмтылады.
Қырғын басталып кетеді.
Төбелесте тағы бір "сібежий" әңгімелердің шеті шығып қалады.
Кейбір арашашы қатындардың да біраз айыбы белгілі болып қалады
.Жарым-сағат, бір сағат шамасында төбелес басылады.
Біраз, орамал шешіліп, шаш жұлынады,көйлек жыртылып, бет тырналады.
Есесіне, әйелдер бірнеше күн біріне бірі жақындамай, көңілдері тек жұмыста болады)
Ал, сіздің ұжымда қалай?)
