Мазмұнға өту
AIKYN

«Айқын»

@AIKYN

Сайтта 2012 ж. 1 қыркүйекКазахстан, Алматы

Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газетінің алғашқы саны 2004 жылы 6 наурызда жарық көрді. 2005 жыл газет Президент сыйлығын жеңіп алды. 2006 жылы «Алтын жұлдыз» сыйлығын иемденді. Аптасына 5 рет шығатын күнделікті газеттер арасында «Айқынның» өз орны бар. Аз ғана уақыт ішінде «Айқын» республикадағы белді де беделді басылымға айналып, Қазақстанның бұқаралық ақпарат кеністігінде өз ор…нын тапты. Газеттің әр нөміріндегі мақалалар түрлі сараптамалық шолуларда, пікірталастарда негізгі тақырыпқа айналып, интернет жүйесінде де қайта басылып келеді. Шенеуніктер, менеджерлер, түрлі деңгейдегі кәсіпкерлер өз жұмысын біздің газеттегі жаңалықтарды оқудан бастайды. Республикалық қоғамдық-саяси басылым – «Айқын» газеті қазақ қоғамының мәдени өмірі мен қоғамдық-экономикалық, саяси деңейін көтеруді алдына мақсат етіп қойған. Басылымның бірқатар облыстарда тілшілер қосыны бар. Сондай-ақ Будапешт, Пекин, Ашхабад қалаларында өз тілшілеріміз қызмет етеді. Газеттер бағасы мен таралымы жағынан б

рейтинг

250

жазбалар

116

пікірлер

2

тіркелуші

3

жазылымдар

0

Мигранттарға тықыр таянды

02.11.12.Келер жылдың басынан бастап елімізде шетел азаматтарының сауда-саттық және кәсіпкерлікпен айналысу қызметіне шектеу қойылады. Жаңа ереже бойынша маусымдық мигранттардың жеке саудамен және ұсақ кәсіпкерлікпен айналысуға құқы жоқ. Бұл жайлы ВВС-дің орыс қызметі хабарлады. Мұндай хабар, әрине, душан­беліктерге жайсыздау тиетіні рас. Тіпті қазақстандық билік өкілдерінің мұндай шешіміне өте алаңдаулы десек те болады. Олардың алаңдайтындай жөні бар. Статистика бойынша жылына 100 мың­ға тарта тәжікстандық мигрант қазақ елі­не келіп нан тауып жеп жүрсе, соның 70 мыңға жуығы сауда саласында жұмыс жасайды. Бұл жайында Тәжікстанның Экономикалық даму және сауда ми­нистрлігінің өкілі Зайниддин Му­минов мәлімдеп те үлгерді. Расымен де, басқаны былай қойғанда, Алматының қақ тө­ріндегі аты мәшһү…

0
0
443

Сенатор «Гитлер бункерін» салуға қарсы

02.11.12.Сенаторлар бір «құпия сырдың» бетін ашты. Қазақстанда мектеп салынады. Әу баста ол бойынша бір компания төмен бағасы арқасында тендерде жеңіске жетеді, алайда құрылысы ортасынан ауғанда, «материалдары қымбаттады, құрылысы күшейтілді» деп, мектепті салушы қосымша миллиондар талап етіп, қол жайып, отырып алады. Ел Үкіметі талай жыл бас қатырып, бұл кесірді қалай тию жолын білмей келген. Сөйтсек, оның кейбіріне Ташкент сәулетшілері «кінәлі» болып шықты! Қайрат Мәмидің төрағалығымен өткен Жоғарғы палатаның кешегі жалпы отырысында тағы бір елең еткізген ақпар айтылды: Қызылордада «Гитлердің бункері» салынып жатыр екен. Үкіметтің Парламенттен «секреттері» көбейе бастады. Биік лауазымды шенеуніктер қалаулыларға жалаң заңды алып келеді де, оны айқындаушы материалдарды көрсетпейді. Оларды…

0
0
395

Кеңестік жалғаудан қашан бас тартамыз?

01.11.12.Қазақстанда жыл сайын өзінің аты-жөніндегі -ов, -ев, -ин қосымшаларынан арылып, құжаттарын қайта рәсімдеп жатқандар саны арта түсуде. Бұл қазақ қоғамындағы қазақилану үрдісінен қалыс қалмаудың қамы ма, әлде оның саяси себептері бар ма? Жақында саясаттанушы Айдос Сарым да өзінің құжаттарын ов жалғауынан тазартты. Ол көптен бері басылым беттерінде Айдос Сарым болып аталып жүрсе де, құжаттарындағы «ов» деген жалғау маза бермепті. Сондықтан ол өткен айда Халыққа қызмет көрсету орталығына барып, арыз жазып, барлық құжаттарын жаңартты. Мұның бір ғана себебі бар: ол - намыс, ұят деп түсіндіреді саясаттанушы. «Ендігі уақытта менің де замандастырымды «осы жауыр болған имперлік жалғаулардан бас тартыңдар, Ресей «апатайға» қош деңдер, қазақшылыққа ұмтылыңдар» деп айтуға толық қақым бар сияқ…

0
0
857

Әблязовтің тағы бір сыбайласы ұсталды

01.11.12.Чехияда Мұхтар Әблязовтің сыбайласы болған тағы бір адам ұсталды. Ол қылмыстық топты қаржыландырумен айналысып, ақша айналымдарының сызбасын әзірлеуге жауапты болған деген ақпар бар. Күдіктінің аты-жөні - Татьяна Параскевич. РФ ІІМ баспасөз ор­талығының «Ин­терфакс» агенттігіне бер­ген хабарына қа­рағанда, бұл азаматшамен тер­геу әре­кеттерін жүргізу үшін РФ ІІМ тергеу департаментінің тер­геу­шілері Чехияға жол тарт­пақшы екені белгілі болып отыр.Аталмыш ведомство бас­пасөз орталығы атап өтке­ніндей, Мұх­тар Әблязовке қа­тысты қыл­мыстық іс қоз­ғал­ғаннан кейін Та­тьяна Парас­кевич ұзақ уақыт бойы құқық қорғаушылардан бой тасалап, Еуроодақтың бір­қатар елдері: Латвия, Кипр, Польша және Чехияда тұрып келген. Оның Мәскеудегі және бұры­нырақ­та мекен­деген Алтай өл­кесін­дегі тұ­рақ…

0
0
511

Жүректің көзі - 01.11.12.

Сәуле ӘБЕДИНОВА, «Ақжүніс-Астана» журналының бас редакторы: Біздің елдің жігіттері жігіттердің төресі... - Сәуле, сізді жұрт жақсы біледі. Бір кездегі «Ақжүнісіңіз» сізді қазаққа жақсы танытты. Сізді эфирден жоғалтып алған елдің өзіңізге қояр сауалы көп шығар. Сол сұрақтардың ішін­де алдыңыздан жиі шығатыны бар ма?- Елден екі сұрақты жиі естимін: «Теледидардан қашан көреміз?» және «Әп-әдемісің, неге тұрмысқа шықпайсың?»- Сонда не деп жауап бе­ресіз?- Бірінші сұраққа көбінесе, «нақты айта алмаймын. Аман­дық болса, Алла сәтін салса, теледидарға да шығармын. Шығармай жатса, өкпем жоқ...» деп жауап беремін. Ал екінші сұраққа әркезде әр­қалай жауап беруге тура келеді. Кейде қалжыңмен, кейде назбен дегендей. «Сол әде­мілікті жігіттер көрмейді», «сол әдеміліктен жігіттер қор­қады», «көне етіктін…

0
1
1148

Меруерт СҮЛЕЙМЕНОВА, «Мен өмірді сүйемін» қоғамдық қорының төрайымы: Салқын көзқарастан арылатын кез жетті

01.11.12.Меруерт Сүлейменова - өзін өзгелерге де мойындатқан жан. Қоларбаға таңылса да, қоғамдық жұмысқа белсене араласып, өзі тағдырлас жандардың қордаланған мәселелерін шешуге атсалысып келеді. Бүгінде «Нұр Отан» ХДП Алматы қалалық филиалы қоғамдық-саяси жұмыстар бөлімінің кеңесшісі болып жұмыс істейтін Меруерт Хадышқызы жақында «Мен өмірді сүйемін» атты қоғамдық қор құрды. Бүгінгі әңгіме - қор, қоғам, адам жайында... «Өзге емес, өзім айтам өз жайымды...» - Тағдырдың тәлкегімен мүмкін­дігім шектеліп, арбаға таңылып қал­ғандықтан, өзіммен тағдырлас, мұңдас әйелдердің мәселелерін айтып, жоға­рыға жеткізіп жүретін қор құруға бел байладым. Бұл бір күнде келген шешім емес. Он жылдың көлемінде ойда жү­ріп, пісіп-жетілген, жан-жағымды бағам­дап, бағдарлап алып қолға алған ісім. «Жалғыздың үні…

0
0
1719

Қазақстан - 46-орында

01.11.12. Legatum британдық тәуелсіз зерттеу орталығы 2011 жылдың қорытындысы бойынша «Өркендеу рейтингісі - 2012» атты жаһандық рейтингтік көрсеткіштерді жариялады. Қазақстан аталмыш рейтингте 4 сатыға жоғарылап, 144 мемлекеттің ішінде 46-орынға табан тіреді. Айта кетерлігі, қазақ елі ТМД елдерінің қатарында үздік көрсеткішке ие болып отыр. Өткен жылы 110 мемлекеттің қата­рында 50-орынды місе тұтқан едік. Ал биыл өркендеу һәм гүлдену рейтингiсін­де ТМД елдерін басып озып, алдыңғы қатардан көріндік. Зерттеу институтының ақпаратына жүгінсек, Ресей 7 сатыға төмендеп, 66-орынды місе тұтса, Украина - 71, Белоруссия - 54, Өзбекстан - 64, Моң­ғолия - 59 және Қырғызстан - 88 орын­ға жайғасты. Ал Норвегия, Дания, Швеция мемлекеттері үздік үштікке енсе, Австралия, Жаңа Зеландия, Канада, Финляндия,…

0
0
510

Жүйкеге түсетін жүк

01.11.12.Өткен ғасырдың 90-жылдарындағы жұмыс орындарының жаппай қысқарып, кәсіпорындардың банкроттыққа ұшырауы, бизнестердің проблемалары мен азық-түлік пен тауарлар бағасының күн сайын қымбаттауы адамдар санасында өз таңбасын ұзақ уақытқа дейін қалдырды десек, артық айтқандық болмас. Қазіргі кезде жер бетінде 450 миллионға жуық тұрғын жүй­кенің бұзылуы деген ауруға ұшыраған. Әрбір төртінші от­басының бір мүшесі бүкіл өмі­рінде осындай аурумен ауырмай қоймайтынын айтады мамандар. Сонымен қатар психикалық аурулардың жаппай тарауы да жылдан-жылға өсе түсуде екен. 2020 жылға қарай депрессиялық аурулар екінші орынға шығады деген болжам бар. Еуропада депрессия әрбір бесінші адамда кездеседі. «Психикалық денсаулық жә­не қоғамдағы қауіпсіздік» атты бірінші ұлттық конгресте (2005 ж.) жыл сайын ә…

0
0
616

Бұқараға арналған бес бағыт

01.11.12.Оңтүстік Қазақстан облысында халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын арттыру үшін көптеген игілікті жұмыстар атқарылып жатыр. Елбасы тапсырмасының орындалуы облыс басшысының тікелей бақылауында. Десек те, басқа да саладағы жанданған жұмыстармен қатар Асқар Мырзахметов қазіргі таңда өңірдің әлеуетін көтеретін, аймақтық-республикалық маңызы бар бес бағытқа айрықша назар аударып отыр. Сонымен, бес бағыттың маңызы неде? 1. «Бейнеу - Бозай - Ақбұлақ»Өзбекстаннан келетін «Газли - Шымкент» магистральдық газ құбыры арқылы тағы да 385 ел­ді мекенді табиғи газбен қам­тамасыз ету міндеті тұр. Бұл об­лыстың «Даму» бағдар­ла­масына енгізілген Шымкент қаласы және Сайрам, Қазығұрт, Түлкібас, Сарыағаш, Төлеби, Мақтаарал, Шар­дара аудандарының елді мекендері. Нәтижесінде, аталған магистральдық…

0
0
514

Барлау қызметінсіз - ел соқыр

01.11.12.Алдымыздағы дүйсенбіде генерал-лейтенант Аманжол Жанқұлиев басқарып отырған «СырБар» сыртқы барлау қызметінің құрылғанына 15 жыл толады. «СырБар» - сыртқы барлау саласындағы уәкілетті орган міндеттері жүктелген Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган. Осыдан он бес жыл бұрын сыртқы барлау қызметі ҰҚК құрамынан бөлініп шығып, жеке отау тікті. 1992 жылдың 13 шілдесінде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Ұлттық қауіпсіздік комитеті құрылды. Ал 1993 жылдың 15 қазанында «ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінде және Қорғаныс министрлігінде барлау бөлімдерін құру туралы» №1372 Жарлығы шықты. Кейіннен 1997 жылдың 5 қарашасында Президент «ҚР Барлау» қызметін құру туралы» Жарлыққа қол қойды. Сыртқы барлау қызметі мемлекеттің қауіпсіздігіне, тұтастығына негіздел…

0
0
1909