Ардагерлер төлемақыдан босатылады
01.11.12.Атыраулық Ұлы отан соғысы ардагерлері келер жылдан бастап барлық тұрғын үй коммуналдық төлемдерінен босатылады. Аудан орталықтарындағы ардагерлер үйінің қызметін жандандыруға да жергілікті бюджеттен қаржы қаралатын болды. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов республикалық «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің құрылғанына 25 жыл толуына орай ұйымдастырылған салтанатты шарада мәлім етті. Ардагерлердің көкейінде жүрген өзекті мәселелер айтылған салтанатты шарада аймақ басшысы атыраулық ақсақалдарға алдағы уақытта Кавказ-дағы «Қазақстан геологы» пансионатында денсаулығын оңалтуға барлық жағдай жасалатынын айтты. - Ардагерлер ұйымы осы жылдардың ішінде Елбасы Н.Назарбаевтың баянды бастамасының қолдаушысы, тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуында сенімд…
