Адам ақшаның құлына айналды ма?
Адам баласының бойындағы қаншама қасиеттерінің ішінде қорқыныш, бір нәрсеге бағыну, табыну деген қасиеттер де бар. Тіпті, жансыз заттар да қандай да бір қасиетке ие. Мәселен, қар қайткенде ериді, пышақ кесу қасиетіне ие болмаса, қажетсіз болар еді. Бұның бәрі алданыш өмірдің заңдылығы болып табылады... Ал, адамзат баласы ақшаға бағынышты. Табынып кеткені қашан. Ол болмаса өмірі қорқынышты. Шынымен, біз болашағымызды ақшасыз елестете аламыз ба екен? Пенде үнемі бақытқа бөленіп өтсем деп тілейді. Сол бақытты балалары мен одан кейінгі үрім-бұтақтарына жетсе деп тырысып бағады. Бақыт үшін бақилыққа аттанғанға дейін біреулер өмірдің ащысы мен тұщысын татып жүрсе, ал сол басына қонған бақытты көтере алмай құрдымға кететіндері де аз емес... Мен бақытты сәтке толы болған күндерімді жиі елестетем,…