Балуандар қашан қуантады?!
«Иван Ярыгин — 2013» Голден Гран При бәсекесінің алтын жүлдесін 1999 жылы Мәулен Мамыров жеңіп алған. Содан бері, қазақ балуандарының бір де біреуі бұл доданың бас жүлдесіне қол созбапты. Әзірге, Мәуленнің 13 жыл бұрынғы жеңісіне шүкірлік ете тұрамыз. Лондон кілеміндегі жеңістер мен жеңілістер өткен жылдың еншісінде қалды. Енді жаңа сайыстармен бірге, жаңа Олимпиадалық цикл басталды. 2016 жылы Бразилия жерінде алауы жанатын жазғы Олимпиада ойындарына дайындық бүгіннен басталып кетті десек артық емес. Қаңтар айында РесейдіңТүмен және Красноярск қалалары күрес түрлерінен бәсі биік бәсекелердіөткізіп, қазақтың балуан жігіттері бұл додалардан алтынсыз қайтты. Түмендегі «Иван Поддубный» мемориалынан бізге бір жүлде бұйырған жоқ. Ал, еркін күрес шеберлері Красноярдан 1 алтын және 1 қола медальм…




