Мазмұнға өту
Wokpar

Кали Аубакиров

@Wokpar

Сайтта 2012 ж. 19 қарашаКазахстан, Астана

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

18

пікірлер

22

тіркелуші

3

жазылымдар

3

Елімнің жүрегі

ІІ бөлім Негізінен Астанамызда, әлемдегі басқа қалаларда сияқты әлі де болса, шешілмеген мәселелер жеткілікті. Бірақ кейбір қалаларда, біршама даму тарихы бар болса, бізде 18 жыл ғана болып отыр. Салыстыру негізінде қарастыратын болсақ, елорданың да, өзіне тән артықшылықтары баршылық. Дегенмен, «Көш – жүре түзілер», - дана халқымыз демекші, Астанада шешілетін мәселелер жеткілікті. Тура жазық дала ортасында, үлкен қала (мегаполис сыңды) қасиетті болмаған мекенді, жаңадан салып, бой түзеп шығу да бірсыпыра жұмысты қажет етеді. Соның негізінде, жасалған жұмыстар да көзге көрініп тұр. Бірақ жан-жақты зерттеп, ұтымды әрекеттер ұсыну сияқты жайттар жеткілікті. Соның бірі – жол инфрақұрылымы. І бөлімде жазылғандай, Астана – туған жерім болуына байланысты, барлық мәселелер көз алдымда пайда болып…

1
1
862

Елімнің жүрегі

Астана – еліміздің бас қаласы. Елорданы ауыстырғалы, 18 жыл өтті. Біраз уақыт зымырап өтіп, қаланың ішінде қандай өзгерістер орын алды, қандай мәселелер әлі де болса шешілген жоқ . . . Осы жайттар мен көптеген басқа салалар туралы өзімнің ой-пікірімде тоқталғым келіп тұр. Өзім 80-жылдардың соңында Целиноград қаласында дүниеге келген едім. Арада 27 жыл өтіп, қала көз алдында өзгеріп те үлгерген екен. Ол кезде әлі де, Совет Одағынан қалған ірі кәсіпорындар баршылық: Ет комбинаты, М.Маметова фабрикасы, Целинсельмаш пен Казахсельмаш зауыттары, Целиноградтық вагон жөндеу зауыты, Целиноградтық шойын қорыту зауыты және көптеген басқа да ірі-ұсақ өндіріс орындары. Атап айтқанда, Солтүстік және Орталық Қазақстан бойынша, ең ірі өндіріс қалаларының бірі болып саналған. Бидайды және астықты өсіру ме…

2
0
1933

Қайран қазағым-ау!!! Қайда жоғалып барасын?!

Ассалаумағалейкум Алаш жұрты. Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қырандай күшті қанатты жалынды жастар!!! Бүгінгі күніміз не болып бара жатыр? Қазақи, өз туған халқымызға тән қасиеттеріміз қайда жоғалып бара жатыр? Қоғамымызбен не болып жатыр? Жаңалықтар тізімін оқып, қарап шықсан, шашын тік тұрады. Ал оның барлығысы ненің кесірінен?! Қандай себеп болып отыр? Қазақтың санасын, жүрегін, иманын кім уландырып жатыр? Қазақтың намысы қайда кетті? Отаным деп, елім-жерім деп жанын аямай, азатығымызды алу жолында құрбан болған, ата-әжелеріміз, аға-әпкелеріміз бекерден бекер күрескен болғаны ма?! Ана тілім деп 20 жылдан аса шырылдап жүрсек те, нәтижесі қайда?! Кейбіреулер қазақ тілінің деңгейі әлдеқайда көтерілді деп те айтатын болар. Бұл ақпаратты шынымен, ешкім даттап тұрған емес, дегенме…

0
0
1736

Қарағанды — жүрегімнің дүрсілі

Қарағанды қаласына 80 жыл. Қарағанды қаласы, еліміздің Сарыарқа даласы арқылы жайғасып, Алтай таулары мен Жайық өзенінің аралығының, қақ ортасында орналасқан ғажайып аймақ. Еліміздің адам қоныстануы бойынша ең көп шоғырланған қалалардың бірі деп айтсам қателеспеймін. Тарихы да терең, әрі Қазақстан дамуындағы орны ерекше болып саналады. Еліміздің ауыр өнеркәсіп саласында алатын орны ерекше. Әлемдегі бірнеше елде ғана қолданылатын, ашық әдіспен алынатын көмір кешендері де осы аймақта. Айтарлықтай артықшылықтары мен жақсы қасиеттері жетерлік. Шамалы тарихқа үңілсек, сонау 1934 жылы қала қаланып, сол кездегі Совет Одағы үшін көптеген пайдалы қазбаларын және дайын өнімдерін берген еді. Сан алуан, ауыр өнеркәсіпке байланысты зауыттар мен фабрикалар салынып, экономикаға түсіретін пайдасы мол бол…

1
0
947

8 Наурыз Халықаралық әйелдер күні құтты болсын!!!

Құрметті ақ жаулықты әжелер, ардақты аналар, қаракөз қарындастар! Сіздерді жыл мезгілінің ең көрікті де қуанышты мезгілі көктемнің алғашқы мерекесі – 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Осынау жарқын мерекенің біздің барлық үміттеріміз бен армандарымызды тығыз байланыстыратын көктемнің алғашқы айының басында келуі, жақсылықтың нышаны болса керек. Қашаннан бергі дәстүріміз бойынша біз бұл күні Сіздерге – аналарымыз бен апа-қарындастарымызға, қыздарымызға ең ыстық құттықтауларымыз бен ең ізгі тілектерімізді жолдаймыз.Әлемде нәрестеге өмір сыйлап, оны алғашқы қадам басуға үйрететін қасиеттеріңізге тең келер адам жоқ. Сіздердің төзімділіктеріңіз бен махаббаттарыңызға алғысым шексіз! Біздің қазіргі қоғамымызда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана е…

3
0
17004

Ана тіліміз үшін күрес немесе көз бояушылық...

Достар, қазіргі таңда елімізде ана тілміздің мәртебесі жоғарлап бара жатқаны әрине сөзсіз. Неше түрлі нормативтік-құқықтық актілер қабылданып заңдық тұрғыда негізделіп келсе, қаржылық тұрғыда бөлінетін қаражат есебі де ұлғайып келеді. Барлық мемлекеттік органдарда құжаттама ресми түрде қазақ тілінде болуын үкімет талап етсе, іс жүзінде өкінішке орай әлі ақсап жүрміз. Кейбір құжаттар мемлекеттік тілде жазылғанымен, көпшілігі орыс тілде жазылып, кейін ғана қазақ тіліне аударылып келеді. Ресми ақпараттар, құжат алмасу процесі толығымен мемлекеттік тілге ауысты дегенмен, дэ факто негізінде олай емес. Теледидардан көрсететін бағдарламалар да әлі де болса толық тұрғыда, сапалы және мағыналы өнім шығара алмай отыр. Негізінен орыс немесе ағылшын тілінен аударылып көшірме жасаумен айналасуда. Таза…

0
1
741

Жаңа ғасырдағы жаңа мамандықтарға сұраныс

ХХI - ғасыр адам өмірінің әртүрлі саласына жаңалықтар енгізіп қанай қоймай, жаңа мамандықтарды да ала келді. Адам баласы ХХ-ғасырда қажетсінбеген, тіпті естіп-білмеген түрлі мамандықтар пайда болуда.Ол негізінен, ақпараттық технологиялардың ұшқыр дамуына, қызмет көрсету және саладағы еңбекті жіктеу ережесінің түрленуіне байланысты. Төменде келтірілген мамандық атаулары бірнеше жыл бұрын қолданыста болмаған, олардын атын естігенде қазіргі күннің өзінде "Сонда, ол маман немен шұғылданады?" деген сауал туындайды. Бірақ даму жолына түскен компаниялар бүгінде осындай мамандар үшін өз мекемесінде "орын әзірлеп" жүр. Сонымен, жаңа ғасырдың жаңа мамандықтарына тоқталайық: бренд-менеджер - тауарды сатуды ғана емес, оның қалай өндірілетінін жақсы білетін маман; логистик - бұл мамандық туралы естуің…

0
0
5149

Өлімге билет не, замаң талабы?!

Жалпы әлемде әуе көліктерін ойлап табуы, үлкен ғылыми прогресстің нәтижесі деп сөзсіз есептеуге болады. Адамның бір жерден екінші жерге тез мезетте жетуі өте ыңғайлы. Егер шұғыл шаруалар бола қойған жағдайда немесе алыс қашықтықты, уақытты үнемдеу үшін адам баласы осы көлік түріне жүгінеді екен. Оның әлемдегі түрлерінің сан алуандығы басты айналдыратыны түсінкті. Тік ұшақ та, ұшақтың көптеген басқа да түрлері баршылық... Адам баласы оны ойлап тауып қана қоймай, қауіпсіздігі жайлы да біраз ойланып жылдан-жылға жетілдіру әрекеттерін ендіруде. Дегенмен апта, ай сайын, кейде үлкен өкінішке орай күн сайын әлемнің түкпір-түкпірінен әуе көліктің апатқа ұшырауы туралы қайғылы хабарлар келуде. Біздің еліміз бұл қайғылы оқиғалардан шетте қалған жоқ. Енді құрметті оқырмандар сіздердің назарларыңызға…

1
1
1229

Г.Головкиннің қанды моншасы немесе алпауыт жұдырықтары

Алдымен Геннадий Головкиннің бокстағы қысқа тарихы, атап айтқанда өмірбаяны жайлы баяндағым келіп тұр. 1982 жылы, еліміздің көмірлі, кеңді астанасы – Қарағанды қаласында дүниеге келген. Жалпы бұл қаланың бокс мектебі сонау советттер кезеңінен бастап, мықты болып саналады. Елімізге талай мықты боксшыларды тәрбиелеп, қазақ батырларын әлемге паш етті. Соның бірі – Геннадий Головкин. 2003 жыл Әлем Чемпионы, 2004 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері, Қазақстанның еңбек сіңірген бокс шебері, 7-дүркін ел Чемпионы. Сонымен қатар, өзге де халықаралық сайыстардың жеңімпазы мен чемпионы. Атап айтқанда, жастар арасындағы 2000 жылы Әлем Чемпионы, Қ.Р-ғы алғашқы І Спартакиаданың чемпионы, 2001 жылы мұңайлы мемлекеттер арасындағы Әлем Кубогының иегері, ІІІ Шығыс-Азиялық ойындардың чемпионы. Сонымен қатар,…

1
2
739

Өмірімнің ұмытылмас шағы...

Осы өмірде кез келген адамның өзіне ыстық, жақын жері, мекені (ғимарат, мекеме немесе т.с.с) баршылық. Соған сәйкес, көптеген естеліктер ойына түсіп, жүрегі мен жанның бір толғандырып жібереді. Сол жерге адамның сүйіспеншілігі белгілі бір өзінің өмірінің бөлігін өткізуімен сәйкестендіруге болады. Оның жанынан өткен кезде ғажайып бір толқынға түседі. Ол жерде көп уақыт болмаған жағдайда, сағынышқа түсіп, ой-толғауға батады. Кішігірім өзгеріс орын алғынмен, бірден тауып, әрбір ұсақ-ірі жайттар мәңгі есінде қалады. Бұл керемет бір сезім. Аталмыш, менің жеке сүйікті, әрі ыстық мекенім – әрине Астана. Осы рухы терең жерде ата-бабаларым қоныстанып, тамырларын жайған екен. Кейін жаңа ұрпақтар өмірге келіп, өз жалғасын табуда. Бірақ менің осы кіндік тамған жерімде, тағдырымен байланып отырған қал…

1
1
804