Алаштың ақтармен қарым-қатынасы
Астана. 31 қаңтар. Baq.kz- Бәлшебектердің қазаққа дербестік бермейтіні белгілі болды. Сондықтан алаштықтар осынау ұлы мақсатқа қол жеткізу үшін Кеңес үкіметіне қарсы ақтармен бірігулеріне тура келді. Алаш Орда үкіметінің басшылары атаман Дутовпен, Самардағы Құрылтай жиналысы мүшелері комитетімен (Комучпен), Омбыдағы Уақытша Сібір үкіметімен байланыс жасады. Азамат соғысы басталғанда қазақ аутономиясы ақтармен тізе қосып Қызыл Армияға қарсы шықты. 1918 жылы 8 ақпанда Уақытша Сібір үкіметімен құрылды. Дегенмен, ақтар үкіметі де о бастан-ақ қазақтарға «ұлыорыстық» пиғыл танытты. Олар ұлт арыстарының ел ішіндегі беделін өз мақсаттарында ғана пайдаланғысы келді. Соғыс жағдайында әскер күшін жасақтау, соғыстың материалдық шығындарын қазақ халқының мойнына жүктеу т.б. көздеді.Сөйтіп Алаш Орда ме…
